9 мая

2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджет



Қарағанды облыстық мәслихатының XXI сессиясының шешімі

 

Қарағанды қ.
2009 жылғы «12» желтоқсандағы

2010-2012 жылдарға арналған
облыстық бюджет туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. 2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджет 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2010 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 114053167 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша – 26438578 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша – 102503 мың теңге;
трансферттер түсімдері бойынша – 87512086 мың теңге;

  1. шығындар – 113998466 мың теңге;
  2. таза бюджеттік кредиттеу – 544710 мың теңге:

бюджеттік кредиттер - 1130009 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 585299 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 100 000 мың теңге:
қаржы активтерін сатып алу – 100 000 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;
5) бюджеттің дефициті (профициті) – алу 590009 мың теңге;
6) бюджет дефицитін (профицитін пайдалану) қаржыландыру – 590009 мың теңге:
қарыздар түсімдері – 1030009 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 440000 мың теңге;
бюджет қаражаттарының пайдаланылған қалдықтары – 0 мың теңге.
2. 2010 жылға арналған облыстық бюджет түсімдерінің құрамында, республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттер 4 қосымшаға сәйкес ескерілсін.
3. 2010 жылға арналған облыстық бюджетке, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне кірістерді бөлу нормативтері келесі мөлшерлерде белгіленсін:
1) жеке табыс салығы бойынша:
Абай, Ақтоғай, Бұқар-Жырау, Жаңаарқа, Қарқаралы, Нұра, Осакаров аудандары, Балқаш, Жезқазған, Қарағанды, Қаражал, Приозерск, Теміртау қалалары – 50 пайыздан, Ұлытау ауданы – 1 пайыз, Шет ауданы – 30 пайыздан, Саран қаласы – 25 пайыздан, Сәтпаев қаласы – 20 пайыздан, Шахтинск қаласы – 15 пайыздан;
2) әлеуметтік салық бойынша:
Қарқаралы, Нұра, Осакаров аудандары – 100 пайыздан, Абай ауданы – 45 пайыздан, Ақтоғай, Бұқар-Жырау аудандары – 90 пайыздан, Жаңаарқа ауданы – 15 пайыздан, Ұлытау ауданы – 1 пайыз, Шет ауданы – 30 пайыздан, Балқаш, Жезқазған, Қарағанды, Қаражал, Приозерск, Теміртау қалалары – 50 пайыздан, Саран қаласы – 45 пайыз, Сәтпаев қаласы – 10 пайыз, Шахтинск қаласы – 15 пайыз.
4. 2010 жылға арналған облыстық бюджетте аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне облыстық бюджеттен берілетін субвенциялардың мөлшері 19015688 мың теңге сомасында қарастырылсын, оның ішінде:
Абай ауданына – 1465420 мың теңге;
Ақтоғай ауданына – 876338 мың теңге;
Балқаш қаласына – 598098 мың теңге;
Бұқар жырау ауданына – 2176773 мың теңге;
Жаңаарқа ауданына – 1241741 мың теңге;
Қарағанды қаласына – 578964 мың теңге;
Қаражал қаласына – 382285 мың теңге;
Қарқаралы ауданына – 2122778 мың теңге;
Нұра ауданына – 1377196 мың теңге;
Осакаров ауданына – 1347025 мың теңге;
Приозерск қаласына – 520081 мың теңге;
Саран қаласына – 967827 мың теңге;
Сәтбаев қаласына – 1880665 мың теңге;
Ұлытау ауданына – 438430 мың теңге;
Шахтинск қаласына – 1429614 мың теңге;
Шет ауданына – 1612453 мың теңге.
5. 2010 жылға арналған облыстық бюджетте облыстық маңызы бар қалалардың бюджеттерінен облыстық бюджетке берілетін бюджеттік алулардың көлемі 4880934 мың теңге сомасында қарастырылсын, оның ішінде:
Жезқазған қаласынан – 444133 мың теңге;
Теміртау қаласынан – 4436801 мың теңге.
6. 2010 жылға арналған облыстық бюджетте аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінен трансферттердің түсімдері Қарағанды облыстық мәслихатының 2007 жылғы 14 желтоқсандағы III сессиясының «2008-2010 жылдарға арналған облыстық бюджет пен аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері туралы» №36 шешімімен бекітілген, жалпы сипаттағы трансферттерді есептеген кезде қарастырылған әлеуметтік салық пен жеке табыс салығының салық салу базасының өзгерістерін есепке ала отырып, бюджет саласының еңбекке төлем қорының өзгеруіне байланысты 2 128 666 мың теңге сомасында қарастырылсын.
Аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттері трансфертінің көрсетілген сомасының облыстық бюджетке түсуі Қарағанды облысы әкімдігі қаулысының негізінде анықталады.
7. 2010 жылға арналған облыстық бюджет шығыстарының құрамында аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне 5 қосымшаға сәйкес нысаналы трансферттермен кредиттердің қарастырылғаны ескерілсін.
Аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне берілетін көрсетілген нысаналы трансферттер сомаларын бөлу Қарағанды облысы әкімдігі қаулысының негізінде анықталады.
8. 2010 жылға облыстық бюджеттен қаржыландырылатын, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорттың ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін азаматтық қызметшілерінің осындай қызмет түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің жалақылары мен мөлшерлемелерімен ставка салыстырғанда лауазымдық жалақылары мен тарифтік мөлшерлемелерін жиырма бес пайызға ұлғайту белгіленсін.
9. Қарағанды облысы әкімдігінің 2010 жылға арналған резерві 500000 мың теңге сомасында бекітілсін.
10. 2010 жылға арналған облыстық бюджетті атқару барысында секвестерлеуге жатпайтын облыстық бюджеттік бағдарламалар тізбесі 6 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
11. 2010 жылға арналған аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерін атқару барысында жергілікті бюджеттік бағдарламалардың секвестерлеуге жатпайтыны 7 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
12. Осы шешім 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енеді.

Сессия төрағасы
А. Нұралин

Облыстық мәслихаттың хатшысы
Б. Жұмабеков

Қарағанды облыстық мәслихатының 2009 жылғы "12" желтоқсандағы XXI сессиясының

Сіз жылу маусымын қалай бағалайсыз?
Мұрағат
18 Мамыр 2012
Караганда Другие города
+14 °C
без осадков,пасмурно
Ю-З, 9 м/с
18 Мамыр 2012
Доллар США   148.03
Евро   188.22
Российский рубль   4.78
 
Послание Президента РК
 
Қазақстан Республикасы Президентінің алдыңғы Жолдаулары
Индустриально-инновационное развитие
Государственные закупки
           
 
           
 
           
 
         
 
         
Online конференциялар және баннерлердiң архивы      Сайт картасы
© 2005-2012Қарағанды облысы әкімдігінің ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
http://validator.w3.org/images/valid_icons/valid-html401