Құттықтаулар


31-Желтоқсан-2011 - Жаңа жылдарыңызбен!

Құрметті облыс тұрғындары!
Міне, айтулы оқиғаларға, толағай табыстарға толы болған 2011 жыл да жайлап жылжып, тарих еншісіне еніп барады.
 
Бұл жыл біздің мемлекетіміздің Тәуелсіздігінің 20 жылдығына әзірлік жасау және оны атап өту, сондай-ақ Ұлт көшбасшысы, ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың белгілеп берген ауқымды міндеттерді жүзеге асыру шеңберінде өтті.
Біздер, қарағандылықтар үшін Мемлекет басшысының қараша айында өңірімізге келген жұмыс сапары аса маңызды саяси мәні бар оқиға болды. Сапар барысында Тәуелсіздік мерейтойына орай бірқатар индустриалдық-инновациялық жобалар іске қосылып, әлеуметтік нысандар пайдалануға берілді.
Мемлекет басшысы біздің аймағымыздың елімізде жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформаларды орындау бойынша ілкімді істер атқарылып жатқан Қазақстанның аса ірі өндірістік, ғылыми және мәдени орталығы екендігіне тағы бір мәрте көз жеткізді.
2011 жылды Қарағанды облысы жақсы көрсеткіштермен аяқтап отыр. Өнеркәсіптік өнім өндірісінің көлемі артты. Биылғы жылы ел экономикасын үдемелі индустриалдық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша Индустриаландыру картасына енгізілген 23 өндіріс іске қосылды. Шағын және орта бизнес қарқынды дамыды. Агроөнеркәсіп кешенінде толымды көрсеткіштерге қол жеткізіліп, әсіресе астық түсімінен рекордты өнім алынды.
Аймақта тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізіліп, әлеуметтік нысандар бой көтерді. Атап айтсақ, 4 мың орындық күмбезді мешіт, Мұз айдыны сарайы, Теннис орталығы, Боксты дамыту орталығы қала көркін әрлендіре түсті. Облыстық қан орталығы іске қосылды. Аулаларды абаттандыру, облыс орталығы мен басқа да елді мекендерде жолдар жөндеуден өткізілді. Осының бәрі тұрғындардың әл-ауқатын арттырып, өмір сапасын жақсарта түскені сөзсіз. Осы игі істердің әрқайсысында әрбір облыс тұрғынының өздерінің күнделікті тынымсыз еңбегі, туған өлкесіне деген шексіз сүйіспеншілігімен оны гүлдендіре түсуге қосқан үлесі бар.
Біз көп іс тындырдық, дегенмен алдағы жылы да атқаратын жұмыстарымыз аз емес. Соның ішінде ең басты міндеттеріміздің бірі – осы жылы бастаған ісімізді әрі қарай жалғау, біздің облысымызды экономика мен әлеуметтік салада жаңа сапалық деңгейге көтерген істерімізді жалғастыру.
Жаңа жыл – ерекше мереке. Ол қашанда ізгілік пен үміттің, алдағы жылға деген селкеусіз сенімнің нышаны болған. Ал, келер жылдың қандай болатыны – әрине, өзімізге байланысты.
Құрметті жерлестер!
Баршаңызды Жаңа жылдарыңызбен шын жүректен құттықтаймын. Сіздерге зор денсаулық, отбасында береке-бірлік, ырыс-несібе тілеймін!
Жаңа жылдарыңызбен! Жаңа бақыттарыңызбен!
Қарағанды облысының әкімі
Серік Ахметов



Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР «Электрондық үкіметінің» порталын қолданасыз бе?
Мұрағат
22 Мамыр 2012
Караганда Другие города
+14 °C
без осадков,ясно
Ю-З, 2 м/с
22 Мамыр 2012
Доллар США   147.99
Евро   189.00
Российский рубль   4.74
 
Послание Президента РК
 
Қазақстан Республикасы Президентінің алдыңғы Жолдаулары
Индустриально-инновационное развитие
Государственные закупки
           
 
           
 
           
 
         
 
         
Online конференциялар және баннерлердiң архивы      Сайт картасы
© 2005-2012Қарағанды облысы әкімдігінің ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
http://validator.w3.org/images/valid_icons/valid-html401