Сұрақ-Жауап
Қазақстан Республикасының «Әкімшілік процедуралары туралы» Заңының 15-2 бабына сәйкес интерактивтік мемлекеттік қызмет, соның ішінде азаматтардың электрондық өтініштерін қабылдауы Қазақстан Республикасының «электроднық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетіледі.
Электрондық өтініштерді қабылдау мен қарастыру тәртібі Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңымен регламенттелген
Сұрақ қою
Облыс әкімі аппаратында
азаматтардың арыз-шағымдарымен 2011 жылғы жұмыс туралы ақпарат
Облыс әкімі аппаратына 2011 жылы азаматтардан 2348 жазбаша арыз-шағым түсті.
Соның ішінде жоғары тұрған органдардан – 674, соның ішінде:
ҚР Президенті Әкімшілігінен – 456;
ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесінен – 74;
ҚР Парламентінен – 45;
Министрліктер мен ведомстволардан – 99.
Азаматтардан келіп түскен арыз-шағымдардың ішінен 743 шағым тұрғын үй бөлу мәселесі бойынша (үй алу, апатты жағдайдағы үйлерден қайта көшу), 408 шағым коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша (үйді, пәтерді, шатырды жөндеу, жылумен, суық және жылы сумен жабдықтау, электр энергиясымен қамтамасыз ету, сәулеттендіру, ПИК жұмысы), 268 әлеуметтік мәселелер бойынша (жұмысқа орналастыру, еңбекті ұйымдастыру, қорғау және төлеу, зейнетақыны қайта есептеу), 58 денсаулық сақтау мәселелері (емдеуге көмек көрсету, медициналық мекемелердің жұмысы), 247 білім беру мәселелері бойынша, 85 мәдениет, өнер және спорт мәселелері.
Барынша көп шағымдар мына аймақтардың тұрғындарынан түсті: Қарағанды қаласы – 1129, Теміртау қаласы – 315, Шахтинск қаласы – 126, Жезқазған – 69, Балқаш – 62, Саран – 57, Шет ауданы – 89, Абай ауданы – 67, Бұқар жырау ауданы – 70.
Тұрғын халықтың топтары бойынша: зейнеткерлер – 232, мүгедектер – 47, ҰОС қатысушылар, жауынгер-интернационалистер – 28, көп балалы аналар – 19, басқа да тұрғындар – 2020.
Азаматтардың өз арыз-шағымдарында қойған мәселелерінің басым көпшілігі қалалық және аудандық әкімдіктердің, департаменттердің, басқармалардың құзыретіне жатады, сондықтан мұндай арыз-шағымдар шара қабылдау және арыз иесіне жауап қайтару үшін тиісті мемлекеттік органдарға жолданады және бұл туралы хат иелеріне жазбаша түрде ескерту жіберіледі.
Облыстың денсаулық сақтау саласында тұрғындарды жақын және алыс шетелдерде емделу мен қымбат операциялар жасау үшін квота бөлу мен қаржылық көмек көрсету мәселесі толғандырады.
Білім беру саласында балалардың мектепке дейінгі мекемелері жетіспеуі, селолық жерлердегі мектептерді жөндеу мәселесі көтеріледі.
Әлеуметтік салада зейнетақыны қайта есептеу, жәрдемақылар тағайындау, жұмысқа орналастыру мәселелері туралы шағымданады.
Облыс әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімі азаматтардың арыз-шағымдары тиісті уақытында орындалуына тұрақты бақылау жүргізіп келеді. Орындау мерзімдері сақталады. |