Жаңалықтар

29 Тамыз 2010 - Қазақстан Республикасы Конституциясы күнімен!

Құрметті облыс тұрғындары!

30 тамызда еліміз Қазақстан Республикасы Конституциясының 15 жылдығын атап өтеді. Бұл - республиканың қоғамдық-саяси өміріндегі өте маңызды оқиға. Себебі, Конституция қоғамдық қатынастар нормасын, мемлекет пен қоғамның құрылымы мен қызметінің негізгі қағидаларын белгілейтін ең жоғары заңдық күші бар құжат болып табылады.

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен жаңа мемлекет құру, оның құқықтық базасын жасау бойынша тынымсыз жұмыс басталды. Бұл –«тақыр жерден тау тұрғызғанмен» бірдей, зор күш-жігерді, қайратты, табандылықты қажет еткен ерен еңбек болатын. Мемлекет дамуын, конституциялық заң шығаруды қалыптастыру бойынша әлемдік тәжірибені ескерген жаңа конституция қажет болды. Міне, ұзақ жылдардың мүддесі мен еліміздің тарихи тенденциясын бойына сіңірген 1995 жылғы Конституция дәл осындай құжат болды. Онда республиканың ұлттық даму ерекшеліктері, демкратиялық, мәдени және рухани құндылықтарға бай ежелгі қазақ жерінде құрылған жаңа мемлекеттің ерекшеліктері ескерілді.

Бүгінде, 15 жыл өткеннен кейін біз 1995 жылы референдумда қабылданған Конституцияның Қазақстанның қарыштап, тұрақты түрде дамуына, әлеуметтік-экономикалық және саяси реформаларды жедел жүзеге асыруға, осының негізінде азаматтардың өмір сүру деңгейін арттыруға негіз қалады деп нық сеніммен айта аламыз.

Осы дамудың жарқын көрінісі – біздің Қарағанды облысы. Соңғы он бес жылда аймақ бюджеті 7 есеге артты. Кәсіпкерліктің дамуы есебінен өнеркәсіптік өнім көлемі 151 миллиардтан 808 миллиардқа дейін жетті. Білім беруге жұмсалатын шығын 7 есеге, ал балаларды мектепке дейінгі мекемемен қамту 14% дан 74,6% дейін өсті.

Денсаулық сақтау саласында облыстың 1 тұрғынына кететін шығын 13 есеге артты. Емдеу мекемелеріне ең заманауи медициналық құрал-жабдықтар алынды, жаңа медициналық мекемелер ашылуда.

Мәдениеттің мемлекеттік нысандарының желісі екі есеге көбейді, бұл саланы бюджеттік қаржыландыру 4 есеге өсті.

Жалпы 15 жыл ішінде әлеуметтік салаға жұмсалатын шығындар сегіз есеге дейін өскен.

Конституцияның маңызды жетістіктерінің бірі қалыптасқан ұлтаралық және конфессияаралық қарым-қатынастар болып табылады. Азаматтардың ұлтына, діни көзқрастарына қарамастан теңқұқылы болуы олар үшін барлық саладағы қызметтерге бірдей мүмкіндіктер ашады.

Биылғы жылы біздің еліміз халықаралық беделді ЕҚЫҰ ұйымын басқарып келеді. Ал, жақын арада Астанада ЕҚЫҰ саммиті өтпекші. Осының бәрі Ата Заңымызда мазмұндалған ережелерді нақты өмірге енгізу арқасында бүгінгі Қазақстанның жеткен жетістіктерін әлемдік қауымдастықтың мойындағанын білдіреді.

Қымбатты жерлестер!

Сіздерді Қазақстан Республикасы Конституциясының 15 жылдығымен құттықтаймыз.

Тәуелсіз Қазақстанды, Отанымызды өркендету жолындағы еңбектеріңізге толағай табыс, бақыт пен береке-бірлік тілейміз.

Мерекелеріңізбен!

Қарағанды облысының әкімі Серік Ахметов

Облыстық мәслихат хатшысы Бейсембай Жұмабеков

Жаңалықтардың лентасы

Сіз жылу маусымын қалай бағалайсыз?
Мұрағат
8 Ақпан 2012
Караганда Другие города
-22 °C
без осадков,облачно
З, 4 м/с
8 Ақпан 2012
Доллар США   148.63
Евро   195.11
Российский рубль   4.95
 
Послание Президента РК
 
Қазақстан Республикасы Президентінің алдыңғы Жолдаулары
Индустриально-инновационное развитие
Государственные закупки
           
 
           
 
           
 
         
Online конференциялар және баннерлердiң архивы      Сайт картасы
© 2005-2011 Қарағанды облысы әкімдігінің ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
http://validator.w3.org/images/valid_icons/valid-html401