Жаңалықтар

29 Тамыз 2010 - Шахтерлер күнімен!!!

Құрметті облыс тұрғындары!
Құрметті кеншілер!
Қалыптасқан дәстүр бойынша тамыз айының соңғы жексенбісінде біз тамаша кәсіби мереке – Шахтерлер күнін атап өтеміз. Бұл мерекенің біздің аймағымыз үшін, барлық тұрғындары үшін ерекше маңызы бар.
Ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қарағанды облысына жақында келген сапарында аймақтың барша тау-кен-металлургиялық саласының жұмысына, демек сіздердің де еңбектеріңізге жоғары бағасын беріп кетті.
Елімізді үдемелі индустриалдық-инновациялық дамыту бағдарламасы аясында облыста өнеркәсіптің базалық салаларын дамыту тұжырымдамасы әзірленді. Онда көмір өнеркәсібін дамытуға және жетілдіруге, көмір өндіруді арттыру үшін жаңа, инновациялық жобаларды жүзеге асыруға айрықша маңыз берілген.
«Арселор Миттал Теміртау» компаниясының көмір департаментінің «Молодежный», «Қушоқы» разрездерінде, «Қазақмыс» корпорациясы, «Шұбаркөл көмір» АҚ кеніштерінде жаңа технологиялар енгізіліп, еңбек жағдайлары жақсарып келеді. Осының бәрі өнім сапасын арттырып, оның әлемдік нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін күшейтуге мүмкіндік береді.
Биылғы жылы бірегей Шұбаркөл көмір кен орнында разрездің іске қосылғанына 25 жыл толады. Осы жылдары мұнда 80 миллион тоннадан аса жоғары сапалы көмір өндірілді, жыл сайын өндіріс көлемі артып келеді, импорт алмастырушы арнайы кокс өндірісі игерілді, көмірді терең өңдеу жұмыстары жалғастырылуда.
Биылғы жылдың маусым айында «Жалын» кен орнында «Сарыарка Energy» компаниясы жобалық қуаттылығы жылына 2 миллион тоннаны құрайтын көмір разрезін іске қосты.
Бүгінгі күні біздің алдымызда кенші еңбегінің қауіпсіздігін арттыруға байланысты маңызды міндеттер тұр. Бұл ретте Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген көмір қабаттарынан метан газын алу бағдарламасын іске асыру ерекше маңызға ие болады.
Көмір өндіретін кәсіпорындар әлеуметтік мәселелерді де шешу ісіне белсенді түрде атсалысып келеді. Олар білім беру, денсаулық сақтау нысандарын ұстауға және спорт пен мәдениетті дамытуға, қалалар мен елді мекендерді абаттандыруға жүздеген миллион теңге қаржы бөліп келеді. Бұл барлық облыс тұрғындары үшін, әсіресе кеншілер мен олардың отбасылары үшін өте маңызды жобалар екені сөзсіз.
Әрине, бүгінгі мереке күні осы саланың бастауында тұрған, Қарағанды көмір бассейнін дамытуға ерен үлес қосқан ардагерлерге ерекше алғысымызды арнаймыз. Олардың салған сара жолын, дәстүрлерін бүкіл өмірін байланыстырған кеншілер буыны лайықты жалғастырып келеді.
Қымбатты достар! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз Шахтерлер күнімен құттықтаймыз.
Сіздерге және сіздердің туған-туысқандарыңызға зор денсаулық, мол бақыт және еңбекте табыс тілейміз.
Қарағанды облысының әкімі С. Ахметов
Облыстық мәслихат хатшысы Б-Жұмабеков
Жаңалықтардың лентасы

Сіз жылу маусымын қалай бағалайсыз?
Мұрағат
8 Ақпан 2012
Караганда Другие города
-22 °C
без осадков,облачно
З, 4 м/с
8 Ақпан 2012
Доллар США   148.63
Евро   195.11
Российский рубль   4.95
 
Послание Президента РК
 
Қазақстан Республикасы Президентінің алдыңғы Жолдаулары
Индустриально-инновационное развитие
Государственные закупки
           
 
           
 
           
 
         
Online конференциялар және баннерлердiң архивы      Сайт картасы
© 2005-2011 Қарағанды облысы әкімдігінің ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
http://validator.w3.org/images/valid_icons/valid-html401