Жаңалықтар

1 Қыркүйек 2010 - Білім күнімен!

Құрметті облыс тұрғындары!
Көптеген жылдар бойы біз бірінші қыркүйекте нағыз халықтық мерекеге айналып кеткен Білім күнін атап өтеміз. Осынау жарқын дәстүр біздің қоғамдағы білімнің қаншалықты маңызға ие екендігін аңғартады.
Білім беруге, білікті кадрларды даярлауға ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасымен әзірленген үдемелі индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыруда да үлкен мән беріледі.  Мемлекет басшысының қамқорлығының арқасында Қазақстанда экономикалық және қоғамдық жаңғыртудың барлық талаптарына сай келетін заманауи, пәрменді білім беру жүйесі құрылған.
Бұл жүйе Қарағанды облысында да табысты жұмыс жасап келеді. Атап айтқанда білім мекемелерінде халықаралық стандарттарға сәйкес 1 компьютерге 9 оқушыдан келеді. Интернет желісіне мектептер 100 пайыз қосылған. «Жол картасы» бағдарламасы бойынша соңғы екі жылда білім мекемелерінің жартысынан астамы жөндеуден өткізілді. Жыл сайын бұл саланы қаржыландыру көлемі артып келеді.
Біздің облысымыздың оқушылары түрлі республикалық және халықаралық байқауларда тамаша жетістіктерге жетіп жүр. Биылғы жылы өткен Бірыңғай ұлттық тестілеу қорытындысы оқушылардың дайындық деңгейінің жыл сайын өсіп келе жатқандығын көрсетті. Әрине, осындай жетістіктерге қол жеткізу мектептердің, орта және жоғары оқу орындарының ұстаздар қауымының тынымсыз еңбегінсіз мүмкін емес. Осы үшін оларға шынайы ризашылығымыз бен зор алғысымызды білдіреміз.
Сіздерді Білім күнімен, жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймыз. Барлық оқушылар мен студенттерге, мұғалімдер мен ата-аналарға, тәрбиешілерге, ұлағатты ұстаздарға мықты денсаулық, құт-береке тілейміз!
Қарағанды облысының әкімі Серік Ахметов
Облыстық мәслихат хатшысы Бейсембай Жұмабеков
Жаңалықтардың лентасы

Сіз жылу маусымын қалай бағалайсыз?
Мұрағат
8 Ақпан 2012
Караганда Другие города
-22 °C
без осадков,облачно
З, 4 м/с
8 Ақпан 2012
Доллар США   148.63
Евро   195.11
Российский рубль   4.95
 
Послание Президента РК
 
Қазақстан Республикасы Президентінің алдыңғы Жолдаулары
Индустриально-инновационное развитие
Государственные закупки
           
 
           
 
           
 
         
Online конференциялар және баннерлердiң архивы      Сайт картасы
© 2005-2011 Қарағанды облысы әкімдігінің ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
http://validator.w3.org/images/valid_icons/valid-html401