31 Тамыз 2010 - Конституцияның мерейлі мерейтойы
30 тамызда мыңдаған қарағандылықтар Қазақстан Республикасы Конституциясының 15 жылдығына арналған мерекелік шеруге қатысты. Соңынан қала ортасындағы алаңда митинг болып өтті.
Облыс әкімі Серік Ахметов митингіде сөйлеген сөзінде еліміздің Негізгі заңының 1995 жылы жалпыхалықтық референдумда қабылданғандығын атап өтті. Сондықтан да ол нағыз халықтық заң болып табылады. Конституцияның «Біз, Қазақстан халқы» деген сөздермен басталуы да кездейсоқтық емес.
- Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тікелей басшылығымен әзірленген осынау құжат мемлекеттік құрылымның негіздерін бекітті, біздің құқықтарымыз бен міндеттерімізді анықтап берді, азаматтардың, қоғам мен мемлекеттің гуманизм, әділдік, өзара жауапкершілік негізіндегі өзара қарым-қатынас қағидаларын белгіледі, - деп атап айтты Серік Ахметов.
Қазақстанның Конституциясы – ел Президентінің басшылығымен егемендік және демократия жолымен сенімді түрде алға басып келе жатқан әлеуметтік бағдарланған мемлекеттің Ата Заңы. Бүгінгі күні Қазақстан әлемнің көптеген елдеріне экономикалық реформаларды жүргізудің, қоғамды демократияландырудың, әлеуметтік мәселелерді шешудің жарқын үлгісін көрсетіп келеді.
Елімізде азаматтардың еңбекке, білім алуға, денсаулығын сақтауға, аз қамтылған отбасылардың әлеуметтік көмек алуға деген конституциялық құқықтары нақты жүзеге асырылып, еңбекақы, зейнетақы, әлеуметтік жәрдемақылар көлемі ұлғайып келеді. Конституцияның арқасында бейбітшілік пен келісім орнаған. Біздің еліміз халықаралық ЕҚЫҰ лайықты басқарып, оның қызметіне жаңаша серпін берді.
- Біз жаңа ғана барша қазақстандықтармен бірге ел Президентінің Қазақстан Конституциясының 15 жылдық мерейтойымен құттықтауын тыңдадық. Тікелей трансляцияның арқасында Астанада өтіп жатқан ауқымды шараға, біздің мемлекетіміздің күш-қуатын айғақтаған айтулы оқиғаға өзіміз қатысқандай күй кештік, - деді аймақ басшысы.
Ата Заңымыздың мерейтойына арналған мерекелік іс-шаралар облыстың барлық қалалары мен аудандарында өткізілді.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі
Жаңалықтардың лентасы