14 Қаңтар 2012 - Серік Ахметов «Металургия-Металлөңдеу» Индустриалдық паркі» ЖШС мен «Green Technology» компаниясының жылыжай кешенінде болып
13 қаңтарда облыс әкімі Серік Ахметов «Металургия-Металлөңдеу» Индустриалдық паркі» ЖШС мен «Green Technology» компаниясының жылыжай кешенінде болып, онда Индустриаландыру картасына енгізілген жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты.
Индустриалдық парк басшылығының хабарлауынша, бүгінгі күні мұнда әкімшілік-қоғамдық орталықтың, өрт сөндіру депосының, автомобиль жолдарының, су құбырларының, кәріз және басқа да инфрақұрылым нысандарының құрылысы жүргізіліп жатқан көрінеді.
Индустриалдық паркті қарап шыққан соң облыс әкімі құрылыс жұмыстарының кестесін сақтау бойынша бірқатар тапсырмалар берді.
«Green Technology» ЖШС жылыжай кешеніне келер болсақ, оның бірінші кезеңінің өткен жылдың жаз айында іске қосылғаны белгілі. Мұнда қолданылатын заманауи технологиялар көкөніс өнімділігін 2-3 есеге, технологиялық үрдістерді 75% арттыруға және басқа жылыжайлармен салыстырған суды пайдалану көлемін 4 есеге төмендетуге мүмкіндік берді.
Облыс әкіміне компания басшылығы хабарлағандай биылғы жылы жылыжай кешенінің екінші кезегінің құрылысы басталатын болады. Онда томат, қияр және раушангүлдер өсіретін жылыжайлар, 20000 тонналық көкөніс қоймасы және әкімшілік-тұрмыстық корпус салынбақшы.
Құрылыс жұмыстары үш кезеңге бөлініп, 2014 жылы аяқталады деп жоспарлануда. Жобаның жалпы құны 9 млрд. теңгені құрайды, 400 жаңа жұмыс орны ашылмақшы.
Жобалық қуаттылыққа шыққан соң жаңа жылыжай кешенінде жылына 4050 тонна томат, 5400 тонна қияр және 9 млн. раушангүл өсіріледі. Бұл Қарағанды өңірі мен Астана қаласын маусымаралық кезеңде сапалы көкөніспен және гүл өнімдерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі
Жаңалықтардың лентасы