Жаңалықтар
17 Қаңтар 2012 - Жеңімпаздар форумы болып өтті
16 қаңтарда «Қарағанды Арена» Мұз айдыны сарайында Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттардың кезектен тыс сайлауының қорытындысы бойынша Жеңімпаздар форумы болып өтті.
«НұрОтан» Халықтық-демократиялық партиясының мүшелері мен қоғам өкілдеріне қарата айтқан сөзінде облыс әкімі Серік Ахметов былай деді:
- Баршаңызды «Нұр Отан» партиясының айқын жеңісімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл жеңіс – ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев төрағалық ететін партияның осы уақытқа дейінгі атқарған ауқымды жұмысының заңды нәтижесі.
«Нұр Отан» - ел алдында тұрған келелі мақсат-міндеттерді шешуге қауқарлы да қабілетті партия екендігін нақты істермен дәлелдеген партия. Қарағанды облысының тұрғындары да өз тағдырын тек қана осы партиямен және оның көшбасшысымен байланыстырады.
- «Нұр Отан» партиясы атынан түскен кандидаттарға дауыс беру арқылы біз Мемлекет басшысына селкеусіз сенетіндігімізді және оның реформаларын толық қолдайтындығымызды көрсеттік. Біз өзіміздің және балаларымыздың жарқын болашағы үшін, гүлденіп келе жатқан тәуелсіз Қазақстан үшін дауыс бердік, - деп атап айтты Серік Ахметов.
Форумда сондай-ақ «Нұр Отан» ХДП облыстық штабының төрағасы Эдуард Огай, еңбек ұжымдарының өкілдері сөз сөйледі.
Салтанатты шараның соңы мерекелік отшашуға ұласты.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі
Жаңалықтардың лентасы
|