Жаңалықтар
18 Қаңтар 2012 - Агроөнеркәсіптік кешенінің екі инвестициялық жобаларының презентациясы өткізілді
18 қаңтарда облыс әкімі Серік Ахметов өткізген кеңесте өңірдің агроөнеркәсіптік кешенінің екі инвестициялық жобасы таныстырылды.
Бұл жобалардың бірі - «Green Technology» ЖШС жылыжай кешенінің екінші кезеңі. «ТехноИндустрия» ЖШС директоры Мұса Латыптың сөзіне қарағанда оның құрылысы биылғы жылы басталмақшы. Онда томат, қияр және раушангүлдер өсіретін жылыжайлар, 20000 тонналық көкөніс қоймасы және әкімшілік-тұрмыстық корпус салынбақшы. Құрылыс жұмыстары үш кезеңге бөлініп, 2014 жылы аяқталады деп жоспарлануда. Жобаның жалпы құны 9 млрд. теңгені құрайды, 400 жаңа жұмыс орны ашылмақшы. Сыртқы коммуникацияларға «Бизнестің Жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде тағы 1,5 млрд. теңге бөлінетін болады.
Екінші жоба – «Қазақмыс» корпорацияының Топар ГРЭС жылыжай цехының базасында аумағы 18 гектар жерде қазіргі заманғы жоғары технологиялық кешен құру.
«Топар жылыжайлары» ЖШС директоры Александр Забировтың айтуынша аталмыш жобаның құны 1,5 млрд. теңгенің шамасында. Әрі ол Қарағанды өңірінің көкөніс өнімдерінің агроөнеркәсіптік кластерінің бөлшегі болып табылады. Мұнда жыл бойы тамшылай суғару технологиясын қолдана отырып барлығы 6,5 мың тонна қияр, томат, тәтті бұрыш, лимон және басқа көкөніс өнімдері өндірілмекші. Жылыжай кешенін құру 2015 жылға қарай толық аяқталмақшы. Технологиялар мен құрал-жабдықтарды ресейлік «Фито» және «Агрисовгаз» компаниялары, Нидерланды елінің «PRIVA International» компаниялары жеткізетін болды.
Жабық топырақта қолданылатын заманауи технологияларды қолдану арқылы өнімділікті шаршы метрінен 40 кг дейін арттыру мүмкіндігі аталмыш жобаның басты артықшылығы болып табылады.
Энергия үнемдеуші технологияларды енгізу мен жаңа магистралды жылу желісінің құрылысы жылу энергиясын тұтынуды 20 пайызға дейін төмендетуге ықпал жасайды.
Серік Ахметов әлеуметтік маңызды жобаларды қолдайтындығын білдіріп, оларды жүзеге асыру аймағымыздың азық-түліктік қауіпсіздігін нығайтуға үлес қосады деп атап өтті.
Облыс әкімінің баспасөз қызеті
Жаңалықтардың лентасы
|