Жаңалықтар


19 Қаңтар 2012 - Автомобиль жолдарын қысқы кезеңде күтіп-ұстау мәселесі қаралды

19 қаңтарда облыс әкімі Серік Ахметов өткізген кеңесте автомобиль жолдарын қысқы кезеңде күтіп-ұстау мәселесі қаралды.
 
Аймақ басшысы автомобиль жолдарындағы қауіпсіздік деңгейі оларды күтіп-баптау жағдайына, оның ішінде қысқы кезеңдегі ауа райының қолайсыздығынан туындайтын жайттарға тиісті жол қызметтерінің уақытында әрекет етуіне тікелей байланысты екендігін қадап айтты. Сондықтан да бұл жергілікті билік органдарының ерекше назарындағы мәселелердің бірі болып табылады.
Қарастырылып отырған сұрақ бойынша алғашқы болып Қарағанды қаласының әкімі Бауыржан Әбдішевтің есебі тыңдалды.
Оның ақпараты бойынша 2012 жылы ұзындығы 346 км 168 қалалық жол күтіп-баптау шараларымен қамтамасыз етілген, ал тазаланатын аумақ 4 млн. 140,2 мың шаршы метрді құрайды. Бұл мақсаттарға қалалық бюджеттен 1 млрд. 17 млн. теңге бөлінген,мұның өзі 2011 жылғы деңгейден 37 млн. теңгеге артық.
Автомобиль жолдарының үзіліссіз және қауіпсіз қызмет көрсетуін қамтамасыз ету мақсатында 2012 жылдың І тоқсанында «Қалалық коммуналдық шаруашылық» ҚМК, «Ремиксер» АҚ, «Самал» ЖШС, сондай-ақ «Благоустройство» ҚМК келісім-шарттарды ұзарту жөнінде қосымша келісімдер жасалды. Қысқы кезеңде қаланың коммуналдық қызметтері 195 бірлік арнайы техниканы жұмылдырады. Қалың қар жауған күндері жолды тиісті деңгейде тазалап, төтенше жағдайларға жол бермеу үшін қаланың түрлі кәсіпорындарынан қосымша 86 бірлік техника жұмысқа шығарылады. Олармен тиісті келісім де жасалған. Автожолдардың қызмет көрсетуі мен қысқы кезеңде автокөлік қозғалысының үздіксіздігін қамтамасыз ету мәселесі қала әкімі аппаратының тұрақты бақылауында ұсталынып отырады.
Бұдан кейін Теміртау қаласының әкімі Нұркен Сұлтановтың, жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары облыстық басқармасының бастығы Данияр Нұрмановтың және ҚР Көлік және коммуникация министрлігі автомобиль жолдары комитетінің Қарағанды облыстық департаментінің директоры Қанат Шайминнің есептері тыңдалды.
Кеңес қорытындысы бойынша Серік Ахметов жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары басқармасының, ҚР Көлік және коммуникация министрлігі автомобиль жолдары комитетінің Қарағанды облыстық департаментінің басшылығына, қалалар мен аудандар әкімдеріне қысқы кезеңде автомобиль жолдарын сапалы ұстау мәселесіне қатысты бірқатар тапсырмалар берді.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі

Жаңалықтардың лентасы

Сіз жылу маусымын қалай бағалайсыз?
Мұрағат
23 Ақпан 2012
Караганда Другие города
-26 °C
без осадков,пасмурно
Ю-З, 1 м/с
23 Ақпан 2012
Доллар США   148.01
Евро   195.67
Российский рубль   4.97
 
Послание Президента РК
 
Қазақстан Республикасы Президентінің алдыңғы Жолдаулары
Индустриально-инновационное развитие
Государственные закупки
           
 
           
 
           
 
         
Online конференциялар және баннерлердiң архивы      Сайт картасы
© 2005-2012Қарағанды облысы әкімдігінің ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
http://validator.w3.org/images/valid_icons/valid-html401