Жаңалықтар


20 Қаңтар 2012 - Қарағанды облысының әкімі ауысты

20 қаңтарда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов жұмыс сапарымен Қарағанды облысына келді.

 
Премьер-Министр актив кеңесін өткізіп, онда ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен Серік Ахметовтың басқа қызметке ауысуына байланысты облыс әкімі лауазымынан босатылғанын және аймақтың жаңа әкімі болып Әбілғазы Құсайыновтың тағайындалғандығын хабарлады.
Әбілғазы Қалиакпарұлы Құсайынов 1952 жылы Қарағанды облысының бұрынғы Тельман ауданы Майөзек кентінде дүниеге келген.
Білімі жоғары. Қарағанды политехникалық институтын, Ресей басқару академиясын аяқтаған. Мамандығы бойынша – инженер-механик, саясаттанушы.
Еңбек жолын 1971 жылы өндіріс орындарында бастады. 1980 жылдан 1991 жылға дейін кеңестік және партиялық органдарда түрлі қызметтерді атқарды. Қазақстан Компартиясы Қарағанды облыстық комитетінің екінші хатшысы болды.
1991-1995 жылдары Қарағанды облыстық баға мен монополияға қарсы саясат комитетін басқарды.
1996 - 1999 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болды.
1999 жылы Әбілғазы Қалиакпарұлы Құсайынов республикалық ведомстволарға қызметке ауысып, көлік және коммуникация вице-министрі, осы министрліктің автомобиль жолдары комитетінің төрағасы, экономика және сауда вице-министрі, индустрия және сауда вице-министрі қызметтерін атқарды.
2003-2005 жылдары ҚР Индустрия және сауда министрлігінің стандартизация, метрология және сертификация комитетінің төрағасы, осы министрліктің техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы болды.
2005 жылы ҚР Көлік және коммуникация министрлігіне қайта оралып, 2011 жылдың сәуір айына дейін бірінші вице-министр, жауапты хатшы қызметін атқарды, кейін министр болып тағайындалды.
«Құрмет» орденімен, медальдармен марапатталған.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 

Жаңалықтардың лентасы

Сіз жылу маусымын қалай бағалайсыз?
Мұрағат
23 Ақпан 2012
Караганда Другие города
-26 °C
без осадков,пасмурно
Ю-З, 1 м/с
23 Ақпан 2012
Доллар США   148.01
Евро   195.67
Российский рубль   4.97
 
Послание Президента РК
 
Қазақстан Республикасы Президентінің алдыңғы Жолдаулары
Индустриально-инновационное развитие
Государственные закупки
           
 
           
 
           
 
         
Online конференциялар және баннерлердiң архивы      Сайт картасы
© 2005-2012Қарағанды облысы әкімдігінің ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
http://validator.w3.org/images/valid_icons/valid-html401