7 ақпанда облыс әкімі Әбілғазы Құсайынов өткізген жұмыс кеңесінде «Компания Актобе Ремпроект» ЖШС ұсынған аймақтың қалалары мен аудандарын газдандыру жобасы қаралды.
7 ақпанда облыс әкімі Әбілғазы Құсайынов өткізген кеңесте «Қарағанды облысының мемлекеттік-жеке меншік әріптестігінің өңірлік орталығы» АҚ жұмысы мәселесі қаралды.
6 ақпанда облыс әкімі Әбілғазы Құсайынов Теміртау мен Саран қалаларында жұмыс сапарымен болып, онда аталмыш қалалардың әлеуметтік-экономикалық тыныс-тіршілігімен танысып, бірқатар әлеуметтік және өндірістік нысандарды аралады.
Ел Президентінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауын жүзеге асыру шеңберінде 1 ақпанда облыс әкімі Әбілғазы Құсайынов аймақтың денсаулық сақтау саласын дамыту барысымен танысты. Дәлірек айтқанда, ол Қарағанды қаласындағы №1 емханаға барып, медициналық мекеменің жай-күйімен жіті танысты.
31 қаңтарда облыс әкімі Әбілғазы Құсайыновтың төрағалығымен әкімдік отырысы өтіп, онда 2011 жылғы өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен биылғы жылғы міндеттер анықталды.
31 қаңтарда ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауының негізгі бағыттарын жүзеге асыру міндеттері талқыланған актив жиыны болып өтті.