16 маусымда облыс әкімі Серік Ахметов өткізген селекторлық кеңесте өңірдің жүйеқұраушы кәсіпорындарының сатып алатын тауарлары, жұмыс пен қызмет түрлеріндегі қазақстандық мазмұнды арттыру мәселелері қаралды.
Міне, екі жыл болды, Қарағанды қаласында эксперимент ретінде энергия үнемдейтін тұңғыш үй құрылды. 2009-2010 жылу беру маусымының кейінгі үш айында осы үйдің тұрғындары 194 мың теңге үнемдеді. Өткен маусымдағы нәтиже бұдан сәл төмен болса да үнемнің аты- үнем.
Өзбекстаннан келген бауырларымыз өз ағайынның бес жасар баласы «өзбегім – өз елім!» деп өзбегі үшін өзегін жұлып беруге әзір тұратындығын айтқанда, бас шайқап, таңдай қаққанбыз.
Өткен жылы «Қазақмыс» корпорациясы мысты қаладағы Алғашқы құрылысшылар алаңын қайта жаңғыртып, Металлургтер саябағының негізін жасай отырып онда түрлі-түсті сәуле шашып, музыка әуенін шалқытатын субұрқақ және шынылы пирамида салып берген еді.
14 маусымда облыс әкімі Серік Ахметов Қарағанды қаласының Ардагерлер кеңесінің өтініші бойынша кеңес өткізіп, онда қызмет көрсетуші кәсіпорындардың қызметіне, сондай-ақ көрсетілетін коммуналдық қызмет тарифтеріне қатысты бірқатар мәселелер қаралды.
14 маусымда облыс әкімі Серік Ахметовтың қатысуымен экономиканы үдемелі индустриалдық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Индустриаландыру картасына енгізілген инвестициялық жобалар іске қосылды.