Жаңалықтар


Барлық жаңалықтар | Жаңалықтардың лентасы | Пресс-қызмет

Құрметті облыс тұрғындары!   16-Тамыз-2011


Сәрсенбі күні, 2011 жылдың 17 тамызында 20 сағат 20 минутта «5 канал» телеканалында Қарағанды облысының әкімі Серік Ахметовтың қатысуымен «Постскриптум» (P.S.) бағдарламасының арнайы шығарылымы болады.

Осы бағдарлама аясында сіздер өңірімізді әлеуметтік-экономикалық дамытудың өзекті мәселелеріне нақты жауап алатын боласыздар.


Жаздың жайма шумақ күндерінде республикамыздағы жеке меншік білім беру ұйымдары қауымдастығының қолдауымен «Қарқаралы дауысы» атты үшінші республикалық фестиваль өтті.   16-Тамыз-2011

Фестивальға вокал, би өнері, музыкалық аспапта ойнау, дефиле номинациялары бойынша 3 жастан 19 жас аралығындағы өнерпаз балалар қатысты. Қарқаралыдағы «Тас бұлақ» тау отелінің бас директоры, Алматыдағы кәсіпкерлердің ерікті ассоциациясының төрағасы Талғат Жаутұлы мырзаның демеушілігімен ұйымдастырылған байқау жоғары деңгейде өтіп, Қарқаралы ауданының бүлдіршіндері мен алыстан келген жас өспірімдердің табиғи дарындары анықталды. Фестивальға Алматы, Қызылорда, Павлодар, Қарағанды, Қарқаралы қалаларынан және Қарқаралы ауданының Аппаз, Темірші, Егіндібұлақ, Бүркітті ауылдарынан біршама өнерпаздар қатысты.


Сәкен Сейфуллин атындағы облыстық қазақ драма театры өзінің 80-ші мерейтойлы маусымын 8 қыркүйекте дауылпаз ақын Қасым Аманжоловтың «Досымның үйленуі» атты комедиясымен ашпақ.   16-Тамыз-2011

Сондай-ақ, аталмыш қойылым жаңа маусымның шымылдығын ашумен қатар, қыркүйектің 8-11 күндері өтетін ақынның 100 жылдық мерейтойының түңлігін түреді. Жаңа маусымның ашылу салтанатына дайындық, мерейлі маусымның жоспары мен көрермен қауымға тартар сыбағасы және театрдың 80 жылдық мерейтойы қарсаңында атқарылатын іс-шаралар жайында театр басшылары мен жетекші әртістердің қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында ауқымды әңгіме қозғалды.


Мысты Балқаш, нұрлы Балқаш облыс спортшыларын қабылдады   16-Тамыз-2011

Теңіз жағасындағы сұлу қаланың келбетті көрінісі, жүздерін алтын күннің нұрлы дидары аймалаған адамдарының қонақжайлылығы, жан-жақтан келген спортшылардың есінен біразға дейін кетпейтін шығар. Шындығында Балқаш – спортшылар қаласы. Түнеукүні халықаралық байкерлер жарысын ұйымдастырды, қабылдады, желкенді қайықшылар жарысы да жыл сайын көл үстінде жалауын көтереді. Енді, міне, облыстық спартакиада Балқаш қаласында жалауын көтерді. Дәлірек айтсақ, қалалар арасындағы ҮІ облыстық «Арай-2011» жазғы спартакиадасының сән-салтанаты да келіп жетті.


Елбасының 5 тамыздағы Жарлығымен облыстық аппеляциялық сот алқасының төрағасы болып тағайындалған Жанна Кәрімқызы Сайдалина қызметіне кірісті.   15-Тамыз-2011

Жаңа төрағаны облыстық сот ұжымына таныстыруға арналған жиынға ҚР Жоғарғы соты жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің бастығы Бауыржан Жұмағұлов қатысты. Жоғарғы соттағы лауазымды қызметке тағайындалғанға дейін аппеляциялық сот алқасын абыроймен басқарған Бауыржан Тұрсынұлы өз орнына тағайындалған әріптесіне жаңа қызметте сәттілік тіледі.


«Ақ жол» партиясының Қарағанды облыстық филиалына жаңа төраға тағайындалды.   15-Тамыз-2011

7 тамыз күні Қарағанды қаласында «Ақ жол»  Қазақстан демократиялық партиясының басшысы Азат Перуашевтің төрағалығымен кезектен тыс облыстық конференция болып өтті. Шараға Жаңаарқа, Қарқаралы, Осакаровка, Шет, Ақтоғай аудандарынан, Жезқазған, Балқаш, Сәтбаев, Саран қалаларынан сайланған 65 делегат бас қосты.


Статистикалық мәліметтерге сүйенсек соңғы он жылдықта астаналықтар екі есеге өсіп, 700 мыңның үстіне шыққан.   14-Тамыз-2011

Елорда тұрғындары санының ертегілердегі алып балалардай күн санап өсуі астаналықтар мен көршілес жатқан аймақтарды да ойландырып отыр. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек соңғы он жылдықта астаналықтар екі есеге өсіп, 700 мыңның үстіне шыққан.


Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылында қолайлы инвестициялық ахуал жасау және алдағы экономикалық өсім жолында құралдар базасын жасады.   14-Тамыз-2011

Бұл мақсатта стратегиялық маңызды мемлекеттік бағдарламалар жасалады және оларды жүзеге асыру бойынша шаралар іске асырылады. Осындай құралдардың бірі «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Заң) көзделген инвестицияларды мемлекеттік қолдау шаралары болып табылады. Бұл заң инвестицияларды ынталандырудың құқықтық және экономикалық негіздерін, инвестицияларды мемлекеттік қолдау шараларын, инвесторлардың қатысуымен дауларды шешу тәртібін айқындайды, сондай-ақ Қазақстан Республикасында инвестицияларды жүзеге асырған кезде инвесторлардың құқықтарын қорғауға кепілдік береді.


Бүгінгі күнде еліміз бойынша Ислам дінін халыққа жеткізе білуде көптеген жұмыстар атқарылып жатыр.   13-Тамыз-2011

Сонымен қатар, дінге қатысты ушығып отырған кейбір жайттар мемлекеттік дәрежеде басты назарға іліккен мәселелер қатарында екені де жасырын емес. Қазіргі кезде басты мәселе ол – діни экстремизм болып табылады.


ҚР Бас прокуратурасы жанынан ашылған Call-орталық азаматтар үшін осындай тиімділік әкеліп отыр.   13-Тамыз-2011

«Аталған орталық «115» номерлі телефон байланысы арқылы азаматтардың өтініш-тілектері мен шағым-талаптарын қабылдайтын болады»,– деп хабарлайды облыс прокуратурасының баспасөз қызметі.


Беттер: ... 49 50 51 52 53 ...



Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР «Электрондық үкіметінің» порталын қолданасыз бе?
Мұрағат
22 Мамыр 2012
Караганда Другие города
+14 °C
без осадков,ясно
Ю-З, 2 м/с
22 Мамыр 2012
Доллар США   147.99
Евро   189.00
Российский рубль   4.74
 
Послание Президента РК
 
Қазақстан Республикасы Президентінің алдыңғы Жолдаулары
Индустриально-инновационное развитие
Государственные закупки
           
 
           
 
           
 
         
 
         
Online конференциялар және баннерлердiң архивы      Сайт картасы
© 2005-2012Қарағанды облысы әкімдігінің ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
http://validator.w3.org/images/valid_icons/valid-html401