АСТАНА. 28 қаңтар. ҚазАқпарат - Риддерде жеке тұрғын үй өртеніп, бір азамат қаза тапты, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.Ведомствоның атап өтуінше, жеке тұрғын үйден шыққан өрт 75 шаршы метр аумақты шарпыған. Төтенше оқиға орнынан 32 жастағы азаматтың денесі табылып, иіс тиіп уланған 22 жастағы қыз ауруханаға жеткізілген.
Қызыл жалынды сөндіруге ҚР ТЖМ Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметі жеке құрамының 11 маманы мен 2 техникасы жұмылдырылған. |