Мумбай қаласында өтетін Халықаралық опера өнері фестиваліне Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттік филармониясының хор капелласы қатысады 08.02.2012
АСТАНА. 8 ақпан. ҚазАқпарат - Үндінің Орындау өнері Ұлттық Орталығының шақыруымен ақпан айының 10-ы мен 25-сі аралағында Мумбай қаласында өтетін Халықаралық опера өнері фестиваліне Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттік филармониясының Б.Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласы қатысады, деп хабарлады ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінен.