АСТАНА. 7 ақпан. ҚазАқпарат -Қазақстанда онкологиялық қызметті дамытудың 2012-2014 жылдарға арналған бағдарламасы әзірленуде, деп хабарлады Қазақ Онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының директоры Қуаныш Нұрғазиев Pm.kz сайтына берген арнайы сұхбатында.
ҚЫЗЫЛОРДА. 7 ақпан. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысы Жалағаш аудандық прокуратурасы аудан көлемінде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман күзеті туралы» ережесінің талаптарының сақталуына рейдтік тексеру жүргізіп, бірқатар заңбұзушылықтарға жол берілгендігін анықтады, деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметінен.
АЛМАТЫ. 7 ақпан. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ доллары бойынша Т+2 есебімен теңгемен (USDKZT_ SPT), еуро бойынша Т+2 есебімен теңгемен, (EURKZT_ SPT), еуро бойынша Т+2 есебімен АҚШ долларымен (EURUSD_ SPT) кешкі сауда сессиясы өтті.
АСТАНА. 7 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгін Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова Астана қаласындағы мадицина саласының мамандарымен кездесіп, Мемлекет басшысының Жолдауын талқыға салып, одан туындайтын міндеттер жөнінде тілдесті, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.