АСТАНА. 8 ақпан. ҚазАқпарат - Алтай Күлгінов Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды. Бұл туралы «Болашақ» қауымдастығының баспасөз қызметі хабарлайды.
БІШКЕК. 8 ақпан. ҚазАқпарат /Арнұр Рахымбеков/ - Қырғызстан ұлттық статистикалық комитетінің мәліметтеріне сәйкес, 2011 жылдың қаңтар-қараша айлары бойынша қырғызстандық азаматтың орташа айлық жалақысы 6 мың 683 сомды (шамамен 145 АҚШ долларын) құрады.
АСТАНА. 8 ақпан. ҚазАқпарат - Үндінің Орындау өнері Ұлттық Орталығының шақыруымен ақпан айының 10-ы мен 25-сі аралағында Мумбай қаласында өтетін Халықаралық опера өнері фестиваліне Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттік филармониясының Б.Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласы қатысады, деп хабарлады ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінен.