Размер шрифта:




Цвет сайта:

белый фон, чёрный текст чёрный фон, белый текст
Размер шрифта:

Выступление С.Ахметова на параде 9 мая, 9.05.2010 г



Қымбатты ардагерлер!
Құрметті шеруге қатысушылар!

Бүгін  біз халқымыздың  өшпес  ерлігі мен өлшеусіз даңқының, қайсар рухы мен қаһармандығының мерекесі  -  Ұлы Жеңістің 65 жылдығын қарсы алып отырмыз.
Қарағанды гарнизоны әскерлерінің салтанатты сап түзеуі де осынау мерейлі күнге арналып отыр.
Біздің халқымыз үшін Ұлы Жеңіс күні – ең қасиетті мерекелердің бірі.  Себебі, бұл күн - Отан үшін отқа түсіп, қаһармандықтың ғажайып үлгісін көрсеткен, бізге Жеңіс сыйлаған  ата¬ларымыз бен аналарымызға тағзым ететін айрықша қастерлі күн.
Әлем тарихында алтын әріппен жазылған  Ұлы Жеңіс – бұл сіздердің, бүкіл соғысқа қатысушылардың қажымас қайраты, қайсар рухының жеңісі.
Елімізге, жерімізге қатер төнген қиын-қыстау жылдары Кеңес Одағының халқы тілі мен дініне қарамай, туған жерімізді фашистік езгіден қорғап қалды. Миллиондаған боздақтардың қаны мен шексіз батылдықтарының арқасында жеңіске қол жеткізілді. Ұлы Отан соғысындағы жауынгерлердің теңдессіз ерлігі тарих беттерінде мәңгілікке жазылды.
 Құрметті ардагерлер! Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай, біз – жеңімпаз әкелердің ұрпағымыз. Сондықтан, қадірлі ардагерлер, сіздерге құрмет көрсету, қолдау жасау – біздің де, келер ұрпақтың да перзенттік парызы.
Сіздер бүгінгі бейбіт заманда да қоғам өміріне белсене араласып, жастарға патриоттық тәрбие беріп келесіздер. Сондықтан сіздердің өмір жолдарыңыз жастарға әрқашанда үлгі-өнеге болады. Ерен ерліктеріңіз ел есінде мәңгі сақталады. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, жасай бермек!
Баршаңызды шын жүректен Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтап, Сіздерге мықты  денсаулық, ұзақ өмір тілеймін.
    Аспанымыз ашық, халқымыз аман, еліміз тыныш болсын!




 

How You value of Chief of the region work?
Polls archive
16 марта 2013
Караганда Другие города
-6 °C
без осадков,пасмурно
С-В, 7 м/с
16 марта 2013
USD   150.72
EUR   196.24
RUB   4.91
© 2005-2012Official Information Portal of the Akimat of Karaganda Region
At use of materials of a site the reference to the source is obligatory
Working out and support : Internet Company "Creatida"
Семенной картофель Шотландской селекции
agrolok.ru