Размер шрифта:




Цвет сайта:

белый фон, чёрный текст чёрный фон, белый текст
Размер шрифта:

Выступление С.Ахметова во время рабочей поездки в Жанааркинский район, 2010 г



Қарағанды облысының әкімі
С. Ахметовтың Жаңаарқа ауданы
 жұртшылығымен кездесудегі сөзі
20 қаңтар 2010 жыл

Ардақты ағайын!
Құрметті  жаңаарқалықтар!
Шұрайлы да шырайлы Жаңаарқа өлкесі – билер мен батырлардың, ақындар мен әншілердің, сал-серілердің алтын бесігі, ата мекені.
Бұл ел –  текті мінез, асқақ абырой, алдаспан намыстың елі.
Бұл жер  асқақ рухымен көзге түсер атақты Нияз бен Байғозы секілді батырлардың Отаны.
Халқымыздың тарихында есімдері берік орын алған, ерекше әділдігімен аты шыққан Байдалы бидің туған топырағы.
Сегіз қырлы, бір сырлы күйші-сазгерлер Сайдалы Сары Тоқа, Ықылас туған өлке.
Сұлулықтың символына айналған, қоғам қайраткері, сұңқар ақын Сәкен Сейфуллиндей ұлы тұлғаны дүниеге әкелген киелі  аймақ.
Әрбір адым жері тағылымды тарихтан сыр шертер осынау аймақ – қазақ халқының сан ғасырлық салт-дәстүрін үзбей жалғап келе жатыр. Атақты академик Ә.Марғұлан Жаңаарқа жеріндегі Атасу кентін Орталық Қазақстандағы ең ірі «Андрон мәдениетінің» қонысының бірі» деп есептеген. Ауданда тарихи ескерткіш көптеп саналады. Орта ғасырдың ең көрнекті ескерткіші Жұбан ана, Қайып сияқты күмбездер бар. Жұбан ана - Жаңаарқа жеріндегі ең көне мәдени ескерткіш. Мазар біздің дәуіріміздің ҮІІІ-Х ғасырындағы исламға дейінгі сәулет өнері ескерткішіне жатады.
Жаңаарқа - ақындығымен табындырып, әншілігімен бағындырған өлке. Намысты қолдан бермейтін, жаңашылдығымен ерекшеленген құтты қоныс, берекелі аудан.
Аудан тарихына тұңғыш рет «ХХ ғасырдың көрнекті адамы» атанған физика-математика ғылымдарының докторы, академик Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің профессоры Темірғали Көкетаев, академиктер Серік Қирабаев, Әлия Бейсенова, марқұм Ғабдолла Құлқыбаев, Хангелді Әбжанов, Ғани Мұсылманбеков, Өмір Мәдікенов, Кәрбай Садырбаевтардың есімдері аудан тарихында алтын әріппен жазылды.
Ақын-жазушылар Ісләм Жарылғапов, марқұм Ақселеу Сейдімбек, Алдан Смайылов, Ғалым Жайлыбай, Бұқпа Әшімов, Жақан Смақов, Хамит Жаманов, Сайлаухан Нәкенов, Асан Жұмаділдин, Қалиакбар Әбілдин, Аманжол Әлтаев, Қымбат Әбілдиналардың есімдері де көпшілікке кеңінен  таныс.
Күміс көмей, жезтаңдай әншілер Қайрат Байбосынов, Қорабай Есенов, Бекболат Тілеухан, Айтбек Нығызбаев, Жақсыкелді Кемалов, Серік Оспанов, Ғалым Мұхамеддин, Береке Көшенов, Биғазы Тұтқабековтер - осы елдің мақтаныш тұлғалары. Қысқасы, «Жаңаарқа қазақтың қасиетті өнерімен даңқы шыққан ел» десек еш қателеспейміз.
Өз тарихында бірнеше даму белестерін бастан өткерген Жаңаарқа ауданы бүгінгі таңда да жақсы табыстарымен танылып   келеді. Аймақтың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыру мақсатында айтулы шаралар қолға алынып, жүзеге асырылуда.
Аудан қай салада болмасын дамудың жақсы сатысынан көрініп, облысымыз бен республиканың өркендеуіне үлкен үлес қосып келеді.
Жаңаарқа – бірнеше буын ұрпақ өкілдерінің ат байлар атамекені, ардақ тұтар қасиетті қонысы.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қойған міндеттерді жүзеге асыруда үлкен жігер танытып отырған жаңаарқалықтарға жаңа табыстарға жете берулеріне тілектестік білдіремін.
Құрметті жерлестер! Жаңаарқа топырағына тамырын жайып, қоныс тепкен әрбір отбасына құт-береке, баянды бақыт, амандық тілеймін.  




 

How You value of Chief of the region work?
Polls archive
16 марта 2013
Караганда Другие города
-6 °C
без осадков,пасмурно
С-В, 7 м/с
16 марта 2013
USD   150.72
EUR   196.24
RUB   4.91
© 2005-2012Official Information Portal of the Akimat of Karaganda Region
At use of materials of a site the reference to the source is obligatory
Working out and support : Internet Company "Creatida"
Стулья, столы, шкафы, тумбы, стойка администратора. Качество и надежность
5173854.ru