26-Маусым-2011 - 2011 жылғы 11 тамызында «Қазақстанның үздік тауары» аймақтық конкурс-көрмесі өткізіледі
2011 жылғы 11 тамызда 11.00 сағатта «Қазтұтыну.одағының Экономикалық Университеті» мемлекеттік емес мекемесінің ғимаратында, Қарағанды қ., Академиялық к., 9, «Миллениум» кафесі мекенжайы бойынша Қарағанды облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы мен Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті «Қазақстанның үздік тауары» аймақтық конкурс-көрмесін өткізеді.
Конкурсқа Қарағанды облысының 70-ке жуық кәсіпорындары өз өнімдерін ұсынады. Конкурс-көрме жұмысына облыстық әкімдік, Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті басшылары, Қарағанды облысының кәсіпорындары мен ұйымдарының басшылары мен мамандары қатысады. Конкурс үш номинация бойынша өткізіледі: «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Тұрғындар үшін үздік тауарлар», «Үздік азық-түліктік тауарлары». Конкурс-көрменің барысында қатысушы кәсіпорындар өз өнімдерінің сапасын тексеруге ұсынады, сондай-ақ халыққа айналымға шығаруды жүзеге асырады.
Аймақтық конкурс-көрменің қатысушыларын бағалауды облыстық сарапшы комиссиясы жүргізеді. Конкурстарды бағалау кезінде негізгі белгілері өнімнің сапасы, оның тектілігі және бәсекеге қабілеттілігі болып табылады.
«Қазақстанның үздік тауары» аймақтық конкурсының лауреаты немесе дипломанты болған кәсіпорындар дипломдармен марапатталады, одан кейін конкурсқа қатысушылардың материалдары республикалық конкурстық комиссияға жолданады. Мұнымен қатар «Қазақстанның үздік тауарлары» конкурс-көрмесін жүргізу жөнінде ақпараттық-жарнама жұмыстарын жүргізу ұйымдастырылады. Конкурс Дүниежүзілік сапа күні аясында өткізіледі және Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған. Республикалық конкурстың жеңімпаздарының тізімі "Новости Госстандарта" журналында жарияланатын болады.
1998 жылдан бастап өткізіліп келе жатқан аймақтық конкурстар Қарағанды облысында шығарылған өнімдердің жоғары деңгейін көрсетті. Биылғы жылы шығарылатын өнімдердің сапасы саласында біздің өңіріміз Республика масштабында көшбасшылыққа ие болатыны даусыз.
Конкурс экономиканың нақты сектеорында жұмыс істейтін Қарағанды облысының бизнесмендері үшін қосымша ынталандыру болмақ. Конкурс лауреаттары ағымдағы жылдың қарашасында Астана қ. «Қазақстанның үздік тауары» республикалық конкурс-көрмесіне қатысады.