12-Тамыз-2011 - «Қостанай, Астана, Қарағанды қалалары арқылы «Ресей Федерациясының шекарасы (Екатеринбургке) - Алматы автомобиль жолының 1142-1216 км, 1096-1142 км, 1038-1096 км, 997-1038 км учаскелері бойынша «Астана-Қарағанды» учаскесін қайта жаңарту және пайдалану» концессиялық жобасын іске асыру үшін концессионерді таңдау бойынша конкурсының басталуы туралы ХАБАРЛАНДЫРУ
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі (Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1; индекс: 010000, сайт: www.mtk.gov.kz) «Қостанай, Астана, Қарағанды қалалары арқылы «Ресей Федерациясының шекарасы (Екатеринбургке) - Алматы автомобиль жолының 4 учаскесі бойынша 1142-1216 км, 1096-1142 км, 1038-1096 км, 997-1038 км «Астана-Қарағанды» учаскесін қайта жаңарту және пайдалану»концессиялық жобасын іске асыру үшін концессионерді таңдау бойынша конкурс өткізетіндігі туралы хабарлайды.
Конкурсқа «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңына сәйкес барлық мүдделі әлеуетті концессионерлер қатысуына болады.
Конкурстық құжаттамалардың электрондық нұсқаларын 2011 жылғы 5 қазанда сағ.13.00-ге дейінгі мерзімді қоса алғанда мына мекенжай бойынша алуға болады: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Transport Tower» ғимараты, 2-қабат, 209-кабинет, дүйсенбіден жұма күндері аралығында сағат 09.00-ден 13.00-ге дейін және 14.30-дан 18.30-ға дейін.
Конкурсқа қатысуға арналған конвертке салынған конкурстық өтінімдерді әлеуетті концессионерлер Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне мына мекенжай бойынша ұсынады (жолдайды): 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, 2-қабат, 209-кабинет.
Конкурстық өтінімді ұсынудың соңғы мерзімі 2011 жылғы5 қазанда сағат 13.00-ге дейін.
Конкурстық өтінімі бар конверттер 2011 жылғы 5 қазанда сағат 15.00-де мына мекенжай бойынша ашылады: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Transport Tower» әкімшілік ғимараты, конференц-зал (9-қабат).
Қосымша ақпарат пен анықтамаларды конкурстық ұйымдастырушының мына телефондары арқылы алуға болады: 8 (7172) 24-26-11, 24-25-42.