Размер шрифта:




Цвет сайта:

белый фон, чёрный текст чёрный фон, белый текст
Размер шрифта:

Хабарландырулар     


07-Қараша-2012 - «ҚазАгро» несиелердің уақытын созуға өтінім қабылдау мерзімін ұзартады

Қуаңшылықтан зардап шеккен шаруалардың несиелері бойынша берешектерінің мерзімін ұзартуға уақыттары бар. «ҚазАгро» қаржылық міндеттемелерді орындау мерзімін кейінге шегеру бойынша ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен өтінім қабылдау мерзімі 2012 жылдың 20 қарашасына дейінұзартылғаны жөнінде хабарландырады. Ұлттық холдингте айтып кеткендей, аталмыш акция қиын жағдайда қалған қарыз алушылардың қаржылық ахуалын жақсартуға мүмкіндік беруге тиісті.
 
Бұдан бұрынырақ хабарланғандай, «ҚазАгро» холдингі биылғы жылдың қуаңшылығынан зардап шеккен шаруашылықтардың несиелерінің мерзімін ұзарту бойынша жұмыс жүргізу үстінде. Акция ауыл аумақтарын және жалпы агроөнеркәсіптік кешенді әлеуметтік-экономикалық дамытудың тиісті деңгейін қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы бизнесінің негізгі қатысушыларының тұрақты қаржылық ахуалын сақтап қалу бойынша шаралардың шеңберінде жүзеге асырылады. Бұдан бұрын таратылған хабарға сәйкес, мерзім ұзартпасын алуға өтінім қабылдау мерзімі 2012 жылдың 10 қарашасына дейін деп анықталған.
 
Бүгінгі таңда ұлттық холдингтің еншілес компанияларына – «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» АҚ мен «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-на көктемгі-егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге арналған несиелер бойынша міндеттемелердің мерзімін ұзарту туралы 469 өтінім келіп түсті. Өтінімдер бойынша жалпы жалпы сомма 5 млрд. 621 млн. тенгені құрайды. Қазіргі кезде холдингтің компаниялары 1 млрд. 621 млн. теңгеге 135 өтінімді мақұлдады, оның ішінде құны 1 млрд. 494 млн. теңгеге 98 өтінім бойынша мерзім ұзартпасы ресімделді.
 
Несиелер бойынша жаңартылған мерзім ұзарту талаптары.
Өтінім қабылдау мерзімі: 2012 жылдың 20 қарашасына дейін;
Несиелердің мерзімін ұзарту мерзімі: 2013 жылдың 20 қарашасына дейін;
 
ӘКК кепілдемесімен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен астықты форвардтық сатып алу бойынша мерзімді ұзарту талаптары.
Өтінім қабылдау мерзімі: 2012 жылғы 20 қарашаға дейін;
Несиелердің мерзімін ұзарту мерзімі: 2013 жылғы 20 қарашаға дейін;
 
«ҚазАгро» ұлттық холдингі облыс әкімдіктері және аймақтық Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялармен міндеттерінің мерзімін ұзартуды ұсыну шеңберіндегі өзара іс-қимылдары бойынша жұмысты жалғастыруда (Егістіктерді есептен шығару жөніндегі комиссиялар). Бұдан басқа ауыл тұрғындарына құрғақшылық салдарын жою және несие мерзімін ұзарту шарттары бойынша қабылданатын шаралар түсіндіріледі.
 
«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша құрғақшылықтың негізгі ошағы Батыс-Қазақстан облысының жеке аймақтарында, Қостанай, Ақмола облыстарының оңтүстік бөлігінде, Қарағанды облысының батыс және оңтүстік бөлігінде, Ақтөбе облысының оңтүстік және шығыс бөліктерінде байқалды. Қазақстанның басқа аймақтарында да құрғақшылықтың дәлелді деректері бар.
 
 
Бұрын айтылғандай, «ҚазАгро» компаниясы тобына кіретін «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ және «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ ауылшаруашылық тауарын өндірушілердің олардың 023 бюджеттік бағдарлама есебінен көктемгі-егіс және егін жинау жұмыстарына алған, екінші деңгейлі банктердің кепілдігімен немесе әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың кепілдігімен берілген несиелері бойынша міндеттемелерінің мерзімін ұзартуға өтінімдерді жинауға кірісіп кетті.
Осы шешім Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 шілдедегі кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының экономикасын жаңарту мәселелері жөніндегі комиссияның 2012 жылғы 23 шілдедегі шешіміне сәйкес қабылданды.
 
Анықтама:
«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ АӨК саласында қызметін жүзеге асыратын акционерлік қоғамдарды тиімді басқару арқылы Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытуды ынталандыру мақсатында 2006 жылы құрылды. Холдингтің құрамына «азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ, «ҚазАгроӨнім» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, «ҚазАгроКепіл» АҚ, «ҚазАгроМаркетинг» АҚ кіреді.
 
«ҚазАгро» ҰБХ» АҚ Баспасөз қызметі
Ринат Тасболатов, +7 701 460 91 82, [email protected]
тел: (7172) 70-56-39, e-mail: [email protected]



Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР «Электрондық үкіметінің» порталын қолданасыз бе?
Мұрағат
31 Қаңтар 2013
Караганда Другие города
-19 °C
без осадков,ясно
В, 2 м/с
31 Қаңтар 2013
Доллар США   150.82
Евро   203.82
Российский рубль   5.02
 
Послание Президента РК
 
ҚР Президентінің Жолдаулары
Индустриально-инновационное развитие
Обучение компьютерной грамотности
           
 
Государственные закупки
           
 
           
 
         
 
         
Online конференциялар және баннерлердiң архивы      Сайт картасы
© 2005-2020 Қарағанды облысы әкімдігінің ресми ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Вверх