Жалпы ақпарат



2010 жылдың қаңтар айындағы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтің «Жаңа он жылдық — жаңа экономикалық серпіліс- Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына жолдауына сай инвестицияларды тартуға қатысты шаралар аймақты дамытудың негізгі басымдылықтарының бірі болып табылады.
Қарағанды облысының экономикасына бағытталған басымдылықтардың бірі отандық және шетелдік инвестицияларды тарту.
Қарағанды облысының индустриалды-инновациялық дамыту мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру аясында 2010-2014 жылдары облыста жалпы сомасы 75,3 млрд теңгенің 18 инвестициялық жобасы іске асырылуда.
Қарағанды облысы Қазақстанның индустриалды дамыған аймағы болып саналады, яғни ол отандық және шетелдік инвесторлардың қызығушылығын тудыруда.
Бұл — аймақтың бизнес-климаты, ол инвестициялық заңнамалармен қолдау, инвестициялық қолдау табуда, әрі экономикалық-саяси тұрақтылыққа ие.
Табиғи және минералды ресурстарға бай.Облыста қара, түрлі-түсті, сирек кездесетін жер металлдар мен басқа да көптеген пайдалы қазбалар бар.Сонымен қатар, аймақта құрылыс индустриясы үшін қажетті жер қойнауының шикі заттарының қоры баршылық.
Сондай-ақ жағрафиялық жағынан да қолайлы, яғни инвесторларға миллиардттан астам адамдар арқылы тұтынушы нарығын ұсынуда, бұл дегеніміз орталықазия аймағы,Ресей мен Қытай.
Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан бері Қарағанды облысы аймаққа инвестиция тартуда отандық, сонымен қатар шетелдік серіктестермен тығыз байланыста.
Мұның нәтижесінде жыл сайын аймақ экономикасында инвестицияның өсуі орташа алғанда 20 пайызды құрайтыны байқалуда.
Отандық және шетелдік инвесторларды тартудағы мемлекеттік қолдау аясында Қарағанды облысында 24 кәсіпорын инвестициялық енция алды.Олар «МитталСтил Теміртау» АҚ, «Қарцемент» АҚ, «Тұмар Тас» ЖШС, «Сарыарқа спецқоқыс» ЖШС, Қарағандылық фармацевтикалық зауыт және басқалары.
Ағымдағы жылдың басынан бастап Қарағанды облысының әкімшілігі Европа, ТМД,Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің инвесторларымен белсенді жұмыс жасауда.Аталмыш елдерден инвестицияларды тарту мақсатында инвестициялық және бизнес форумдар ұйымдастырылуда,тауарлық-экономикалық міндеттер атқарылуда.
Осы жұмыстың қорытындысы ретінде Қарағанды қаласында кең көлемде неміс компаниясының тауаралары бар «Метро кэш энд Керри» бөлшек әрі көтерме сауда орталығының құрылысын айтуға болады.
«Арселор Миттал Теміртау» АҚ компаниясы польшалық «Глинник» (тау-кен машиналарының зауыты) компаниясымен және кен-шахталық жабдықтарды шығарумен айналысатын Қарағандылық көлік құрылысы консорциумымен жұмыс жасауда.
Сондай-ақ Қарағандылық көлік құрылысы консорциумы энергетика, тау-кен өндірісі,инжиниринг және технология трансферті салаларында немістің «ELPRO» және «Ost West LTD» компанияларымен қарым-қатынаста.
Мұнан басқа «Арселор Миттал Теміртау» компаниясы немістің «Linde AG» компаниясының қатысуымен кәсіпорындарда заманауи тазалау құрылыстары инвестициялық жобасын іске асыруда.
Мемлекет басшысы н.Назарбаевтың Корея Республикасына мемлекеттік іссапары аясында Қарағанды облысының әкімшілігі, «Қазақстан инжиниринг ҰК» АҚ мен «POONGSAN» Корпорациясы арасында бірлесе жұмыс істеу бойынша үш жақты келісімге қол қойылды, онда әрбір жақ патрондар мен мыс тұрбаларын шығару бойынша бірлескен кәсіпорын құруды көздеп отыр.
Қазіргі уақытта «POONGSAN» Корпорациясы «Сарыарқа ӘӘК ҰК» АҚ бірге Қарағанды қаласының индустриалдық паркі аймағында өндірісті ұымдастыру үшін меркетингтік сараптама жасауда.
Бұған қоса қарағанды облысына шетел инвесторларын тарту мақсатында Австриялық көлік құрылысы Одағымен бірлесе жұмыс жасау бойынша келісімге келді, яғни мұның мақсаты инвестициялық жобалар аймағында бірлесе жұмыс жасау, жоғарғы технологиялық кен-шахта жабдықтарын, металлөнімдерін шығару бойынша бірлескен кәсіпорын құру.
Сонымен қатар өндірістік және ауыл шаруашылығы жұмысына қажетті «Матадор» маркалы шиналарды шығару бойынша словакияның «Матадор» компаниясымен «қарағандырезинотехника» ЖШС кәсіпорнының арасында кәсіпорын құру ұймыдастырылды.
«VITKOVICE Machinery Group» Чех холдинг «Сарыарқа ӘӘК ҰК» АҚ кәсіпорынымен бірлесе жұмыс жасауға қызығушылық білдіріп отыр, олар Қарағанды қаласындағы Индустриалды парк аймағында көліктер үшін болат баллондарын, табиғи газ және техникалық газ шығару бойынша жұмыстар жасауға ниетті.
Түріктің «Алташ» және «Ozka Lastik ve kaucuk san ve Tic.A.S.» компаниялары облыс экономикасына инвестиция салу және бірлесе жұмыс ітеу бойынша аймақ кәсіпорындарымен келіссөздер өткізді.
Сондай-ақ австралияның «Arrow energy» компаниясының да қызығушылық білдіріп отырғанын айта кеткен жөн, яғни Қарағанды аймағындағы көмір бассейннінде метан өндіруде көмір пласттарын шығару бойынша инветсициялық жобаны іске асыру жайлы.
Мұнымен қоса «CITIC Kazyna Investment Fund» (CKIF) бірлескен қытайлық-қазақстандық тікелей инвестициялар қоры Қарағанды облысының кәсіпорындарымен экономиканың шикі заттық секторында инфрақұрылымдармен басқа да инвестициялық жобаларды қаржыландыру бойынша жұмыс жасауға келісіп отыр.
Елбасы жолдауында мемлекеттік-жеке меншік серіктестігінің механизмінің жоғары шамасында жеке инвестицияларды тартуда атап өтілгендей, осы мақсатта облыс әкімшілігімен «Аймақтық мемлекеттік-жеке меншік серіктестігі орталығы» АҚ құрылды.
Ағымдағы жылдың басынан бері МЖМС Аймақтық орталығы Азия даму банкі,Қайта қалпына келтіру және даму Европалық Банкі, Сыртқыэкономбанк, USAID және басқа да шетел компанияларымен Қарағанды облысында инвестициялық жобаларды дамыту бойынша инвестицияларды тартуға қатысты жұмыс жасалды.
 

Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР «Электрондық үкіметінің» порталын қолданасыз бе?
Мұрағат
16 Қазан 2012
Караганда Другие города
+5 °C
без осадков,ясно
Ю, 2 м/с
16 Қазан 2012
Доллар США   150.62
Евро   195.16
Российский рубль   4.86
 
Послание Президента РК
 
Қазақстан Республикасы Президентінің алдыңғы Жолдаулары
Индустриально-инновационное развитие
Государственные закупки
           
 
           
 
           
 
         
 
         
Online конференциялар және баннерлердiң архивы      Сайт картасы
Инструкции на автосигнализации. Словарь терминов, статьи, форумы по теме.
eurozvuk.ru
Доска объявлений. Условия доставки и сборки.
familymebel.ru
Описание решений. Услуги электролаборатории.
energoems.ru
© 2005-2012Қарағанды облысы әкімдігінің ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Вверх