Бірінші басшылардың өмірбаян деректері



Бірінші басшылардың өмірбаян деректері 

Әбілғазы Қалиақпарұлы Құсайынов,
Қарағанды облысының әкімі

1952 жылы 6 ақпанда Қарағанды облысының бұрынғы Тельман ауданы Майөзек кентінде туған.
Білімі жоғары. Қарағанды политехникалық институтын, Ресей басқару академиясын, Қарағанды Қазтұтынодағы экономикалық университетін бітірді. Маман бойынша инженер-механик; саясаткер; заңгер.
1971 жылдан бастап 1980 жылға дейін — тау-кен комбинатының жерасты бетоншысы, жерасты үңгілеуші, тау-кен жұмысшысы, «Долинская» шахтасының тау-кен шебері , кәсіби техникалық училищесінің шебері, аға шебері.
1972 – 1974 жылдар мерзімінде Кеңес әскерінің қатарында борышын өтеді.
1980 - 1990 жылдары — Қазақстан Компартиясы Киров аудандық комитетінің нұсқаушысы, бөлім меңгерушісі, аудандық атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары, бірінші хатшысы.
1990 - 1991 жылдары — Қазақстан Коммунистік партиясы Қарағанды облыстық комитетінің екінші хатшысы.
1991 - 1996 жылдары — Қарағанды облысы Мемлекеттік баға және монополияға қарсы саясат комитетінің төрағасы.
1996 - 1999 жылдары — Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты, төрағасының орынбасары.
1999 - 2001 жылдары — Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар вице-министрі.
2001-2002 жылдары — Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы.
2002 жылдың наурызынан бастап 2003 жылдың тамызына дейін — Қазақстан Республикасының Экономика және сауда вице-министрі.
2002 жылдан бастап 2003 жылға дейін — Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі.
2003 - 2005 жылдары — Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Стандарттау, метрология және сертификаттау комитетінің төрағасы, Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы.
2005 - 2007 жылдары — Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар бірінші вице-министрі.
2007 жылдың қазанынан бастап — Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігінің жауапты хатшысы.
2009 - 2011 жылдары – Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрі.
2011 жылдан бастап 2012 жылдың 20 қаңтарында Қарағанды облысының әкімі болып тағайындалғанға дейін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі болды.
«Құрмет» орденімен және 6 медальмен марапатталған.

 

Мұхамбетов Ғабит Мұхамбетұлы,
 Қарағанды облысы әкімінің қаржылық-экономикалық мәселелері, құрылыс, көлік және коммуникациялар жөніндегі бірінші орынбасары.

1977 жылы туған. 1999 жылы әл-Фараби атындағы қазақ мемлекеттік ұлттық универститетін, 2001 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірді. Экономика ғылымдарының докторы.
Еңбек жолын 1997 жылы «Казкоммерцсекьюритиз» ААҚ сауда және инвестиция департаментінің қаржы талдаушы ретінде бастады, Алматы қ.
1998 жылдан бастап «Nova -свинец» ЖШС коммерциялық директоры қызметін атқарды, Қарағанды қ.
1999 жылы «Қазақстан стандарттау, метрология және сертификаттау орталығы» РМК мониторинг және сыртқы байланыстар бөлімінің маманы болып істеді, Астана қ.
2000 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі стандарттау, метрология және сертификаттау жөнінде комитетінің техникалық саясат, стандарттау және мемлекеттік қадағалау бөлімінің бас маман қызметін атқарды, Астана қ.
2000 жылдың қарашасынан бастап Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі стандарттау, метрология және сертификаттау жөнінде комитетінің заң шығару және іс жүзінде қолданылатын метрология бөлімін басқарды, Астана қ.
2001 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің тәуекелдерді бақылау бөлімінің бастығы лауазымына тағайындалды.
2002 жылдан бастап өз еңбек жолын Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің стандарттау, метрология және сертификаттау жөнінде комитеті басқармасының бастығы қызметінде жалғастырды.
2003 ж. бастап 2005 жылға дейін «Қазақ метрология институты» РМК бас директоры болды, Астана қ.
2005 жылдың қазанынан бастап Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі (бүгінде  Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі) Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы болып қызмет атқарды.
2011 жылдың 21 қаңтарынан бастап Қарағанды облысы әкімінің орынабасары болып тағайындалды.
3 мерейтойлық медальдармен марапатталған.

Үйленген, 4 баласы бар.

 

 

Ахметжанов Әнуар Мұратұлы,
Қарағанды облысы әкімінің өнеркәсіп, ШОБ дамыту, индустрияландыру және инвестициялар мәселелері жөніндегі орынбасары

1975 жылдың 12 желтоқсанында туған.
Екі жоғары білімі бар. 1996 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік универститетін, 2000 жылы «Болашақ» президенттік бағдарламасы бойынша – Вашингтондағы (АҚШ) Джонс Хопкинс университетін бітірді. Мамандығы бойынша халықаралық экономикалық қатынастар бойынша экономист, халықаралық қаржы және халықаралық қатынастар бойынша магистр.
Еңбек жолын 1996 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік универститетінің «Халықаралық экономикалық қатынастар» кафедрасының оқытушысы болып бастаған.
2000-2003 жж. – «Қазақойл» ҰМК» ЖАҚ стратегиялық жоспарлау департаментінің бас талдаушысы, сыртқы-экономикалық байланыстар жөніндегі департаментінің бас менеджері, Солтүстік-Каспий жобасы жөніндегі департаментінің менеджері.
2003-2004 жж. – «ҚазМұнайТеңіз» ТМК» АҚ жобалық сараптама департаменті директорының орынбасары, директоры.
2004-2006 жж. – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ теңіз жобаларын дайындау департаменті директорының орынбасары, директоры.
2006-2007 жж. – «Самұрық-Қазына» Холдингі» АҚ мұнайгаз активтерін басқару жөніндегі тобының бас сарапшысы.
2007-2010 жж. – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мұнайды барлау және өндіруді жобалау бойынша атқарушы директоры, бас менеджер.
2010 ж.-2012 жылдың 14 ақпанына дейін – «ҚазГерМұнай» БК» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары.
2012 жылдың 15 ақпанында Қарағанды облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.
Үйленген, қызын тәрбиелейді.

 

Ыдырсов Сабырғали Мұхаметқалиұлы,
Қарағанды облысы әкімінің энергетика, коммуналдық шаруашылық және ТЖ мәселелері жөніндегі орынбасары

1972 жылы 15 наурызда Жаңааарқа ауданының  Атасу кентінде дүниеге келген. 1995 жылы Обнинск атом энергетикасы институтын инженер-физик-жылу энергетигі біліктілігі бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1995 жылы «Кардершлер» ҚБ бас директорының орынбасары болып бастады.
1997 жылдан 2003 жылға дейін – «Қазақмыс» Корпорациясы» Жезқазған ЖЭО станциясының турбина жабдықтары жөніндегі машинист-аралаушы, турбина машинисі, ауысым бастығы.
2003 жылдан 2004 жылға дейін - «Қарағанды Жылу» ЖШС-нің  техникалық директорының көмекшісі, техникалық директорының орынбасары.
2004 жылдан 2005 жылға дейін - Қарағанды ЖЭО-3 бас инженерінің орынбасары.
2005 жылдан 2007 жылға дейін - «Қарағанды Жылу» ЖШС-нің өндіріс жөніндегі директоры, коммерциялық директоры, содан кейін техникалық директоры. 
2007 жылдан 2009 жылға дейін - «Қарағанды Жылу» ЖШС-нің бас директоры. 
2009 жылдан 2010 жылға дейін - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Мемэнергоқадағалау Комитеті төрағасының орынбасары.
2010 жылғы қазан айынан 2012 жылғы қыркүйекке дейін - «Караганда Энергоцентр» ЖШС бас директоры.
2012 жылғы 8 қыркүйектен Қарағанды облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген энергетигі» кеуде белгісімен марапатталған.
Үйленген, ұл мен қыз тәрбиелеуде.

 


 

Айтуғанов Қайрат Қапарұлы,
Қарағанды облысы әкімінің ауыл шаруашылығы, тұрғын халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі орынбасары.

 

Айтуғанов Қ.Қ. 1962 жылы туған. Екі жоғары білімі бар. 1984 жылы Целиноград ауыл шаруашылық институтының Көкшетау филиалын, 2000 жылы Алматы энергетика және байланыс институтын тәмамдаған. Біліктілігі бойынша агроном ғалым, инженер-экономист. Экономика ғылымдарының докторы.
Еңбек жолын 1979 жылы Көкшетау почтамты тасымалдау цехының операторы болып бастаған.
1984 - 1985 жылдары - Целиноград ауыл шаруашылық институтының Көкшетау филиалының кафедра ассистенті.
1985 - 1986 жылдары Кеңес Әскері қатарында болды.
1987 - 1989 жылдары - Көкшетау облысы Зеренді ауданының Қарабұлақ совхозында агроном, аға агроном, бас экономист.
1989 - 1990 жылдары Мәскеу қаласындағы Бүкілодақтық ауыл шаруашылық экономикасы ғылыми-зерттеу институтының аспиранты.
1990 - 1992 жылдары Қызыл ту аудандық агроөнеркәсіп бірлестігі төрағасының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары, кейін осы ауданның экономика бойынша комитетінің төрағасы болып істеді.
1992 - 1996 жылдары коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерді атқарды.
1996 - 1998 жылдары - Көкшетау облысы әкімінің аппаратында экономикалық саясат және аймақтық даму бөлімінің меңгерушісі, Солтүстік Қазақстан облысының экономика басқармасы бастығының орынбасары, ҚР стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің өңірлердің әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау бөлімінің бастығы.
1998 - 2002 жылдары - «Ақмола электр желілік үлестіру компаниясы» АҚ қаржы-экономикалық департаментінің директоры, қаржы директоры, Басқарма төрағасының орынбасары.
2003 – 2005 жылдары - «Қазақстан фермерлер одағы» заңды тұлғалар қоғамының вице-президенті.
2005 - 2006 жылдары - Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі, ҚР Ауыл шаруашылық министрлігінде департамент директорының орынбасары, департамент директоры, аппарат басшысы.
2006 - 2007 жылдары - ҚР Ауыл шаруашылық министрлігінің Бүкіләлемдік банк жобасының үйлестірушісі.
2007 - 2011 жылдары - «Оңтүстік» ӘКК ҰК» АҚ департамент директоры, қаржы директоры, Басқарма төрағасының орынбасары, Басқарма төрағасының бірінші орынбасары, Басқарма төрағасы.
Тағайындауға дейін «ҚазАгро» Ұлттық басқару холдингі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметінде болды.
2012 жылғы 9 шілдеде Қарағанды облысы әкімінің ауыл шаруашылығы, тұрғын халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.
«Құрмет» орденімен марапатталған.
Үйленген. 2 баласын бар.

 

 


Жылбаев Жанбол Октябрұлы,
Қарағанды облысы әкімінің әлеуметтік сала және ішкі саясат мәселелері жөніндегі орынбасары

1964 жылдың 1 мамырында Қарағанды облысы Нұра ауданының Плаховка селосында туған.
Білімі жоғары. 1988 жылы Қарағанды педагогикалық институтын, 1995 жылы – Қазақстан Республикасының Еңбек министрлігінің Қарағанды оқу орталығын (білім жетілдіру институтын), 1999 жылы – Д.А.Қонаев атындағы гуманитарлық университетінің Қарағанды филиалын бітірді. Мамандығы – алғашқы әскери дайындық және дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі, экономист-бухгалтер, заңгер.
1982-1984 жылдар бойы – Кеңес әскерінің қатарында болды;
1988-1993 жылдар бойы – Қарағанды қаласы № 88 орта мектебінің алғашқы әскери дайындығының басшысы, директоры;
1993-1995 жылдар бойы – Қарағанды қаласы Ленин аудандық білім беру бөлімінің меңгерушісі;
1995-1996 жылдар бойы – Қарағанды қалалық білім беру бөлімінің меңгерушісі;
1996-1998 жылдар бойы – Қарағанды облыстық білім беру департаменті бастығының орынбасары;
1999 жылы – Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары;
1999 – 2010 жылдар бойы – Қарағанды қалалық білім беру бөлімінің меңгерушісі, Қарағанды қаласының білім беру бөлімінің бастығы;
2010-2011 жылдар бойы – Қарағанды облысы бойынша әділет департаменті бастығының орынбасары;
2011 жылдан 2012 жылдың ақпанына дейін – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету Комитетінің кадр және жеке қауіпсіздік басқармасының бастығы, талдау және құқықтық нәсихат департаменті директорының орынбасары, Астана қаласы;
2012 жылдың 18 ақпанынан бастап Қарағанды облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.
Екі мерекелік медальдармен марапатталған.
Үйленген, екі ұлын және қызын тәрбиелейді.

 

Ыдырысов Асқар Абылайұлы,
Қарағанды облысы әкімі аппаратының басшысы

1975 жылғы 30 қазанында Жезқазған қаласында туған.
Екі жоғары білімі бар. 1997 жылы Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін инженер-электромеханик біліктілігі бойынша, 2005 жылы – Қазақ ұлттық техникалық университетін экономист біліктілігі бойынша бітірді. Экономика ғылымдарының кандидаты.
1997-1998 жылдар бойы – Ө.А.Байқоңыров атындаығы Жезғазған университетінің «Тау-кең машиналары және жабдықтары» кафедрасының ассистенті, Жезқазған қаласы;
1999 жылы – Қазақстан Республикасының шағын бизнесті қорғау жөніндегі Агенттігінің жетекші маманы, бас маманы, Астана қаласы;
1999-2001 жылдарда – Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiгiнiң бас маманы, Астана қаласы;
2001 жылы – «Қазақойл» ҰМК» Қазақойл-Продакс ЖАҚ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің маманы, Астана қаласы;
2001-2002 жылдарда - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiгi басқармасының бастығы, Астана қаласы;
2002-2003 жылдарда - Қазақстан Республикасы Индуcтрия және сауда министрлiгi Шағын бизнестi қолдау жөнiндегi комитетi басқармасының бастығы;
2003-2008 жылдарда – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Өндірістік сала және инфрақұрылыс бөлімінің кеңесшісі, бас сарапшысы, кәсіпкерлік және тауар нарығы секторының меңгерушісі, Индустриалдық-инновациялық дамыту бөлімінің экономиканы диверсификациялау секторының меңгерушісі, Астана қаласы;
2008 жылы – Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Стратегиялық жоспарлау және талдау департаментінің директоры, Астана қаласы;
2008-2012 жылдарда – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің Мемлекеттік инспекторы.
2012 жылғы 2 қазанда Қарағанды облысы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды.
Үйленген, қыз баласын тәрбиелеуде.

 

 

 

 


 

Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР «Электрондық үкіметінің» порталын қолданасыз бе?
Мұрағат
15 Қазан 2012
Караганда Другие города
+14 °C
без осадков,пасмурно
Ю, 3 м/с
15 Қазан 2012
Доллар США   150.53
Евро   195.25
Российский рубль   4.86
 
Послание Президента РК
 
Қазақстан Республикасы Президентінің алдыңғы Жолдаулары
Индустриально-инновационное развитие
Государственные закупки
           
 
           
 
           
 
         
 
         
Online конференциялар және баннерлердiң архивы      Сайт картасы
© 2005-2012Қарағанды облысы әкімдігінің ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Вверх