Мiндеттердi бөлiсу



Қарағанды облысы әкiмінің,
әкім орынбасарларының және облыс әкiмi аппараты
басшысының арасындағы мiндеттердi бөлiсу

Қарағанды облысының әкімі
Құсайынов Ә.Қ.

Әкiмдік қызметіне басшылықты жүзеге асырады.
Мемлекеттік саясатты жүргізуді қамтамасыз етеді, аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының жай-күйіне жауапкершілік алады.
Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігімен және Үкіметімен, басқа да органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынаста облыс мүддесін ұстанады.
Қазақстан Республикасының Президентіне тиісті тұлғаларды мемлекеттік наградалармен марапаттау, құрметті және өзге де атақтар беру туралы ұсыныс енгізеді.
Аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) әкімдіктері мен әкімдерінің жұмысын үйлестіреді.
Облыстық мәслихаттың бекітуіне әкімшілік-аумақтық бірлікті басқару сызбасын ұсынады.
Бюджеттік, шағын және орта бизнесті дамыту, даму бағдарламаларын іске асыруды бақылау, құқық бұзушылықтардың алдын алу, сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияларды, Қазақстан халқының Ассамблеясын басқарады.
Өз құзыреті шегінде жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру даярлығы және жұмылдыру мәселелері бойынша заңнаманы орындауды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасының кәсіпорындарды, кен орындарын және мемлекеттік меншіктің басқа да нысандарын жекешелендіру, жалға беру, сату мәселелері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдармен тең дәрежеде контрактілерге қол қоюға, сондай-ақ олардың орындалуына бақылау жасауға қатысады.
Құқық қорғау органдарымен өзара іс-әрекет етуді іске асырады, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қылмысқа қарсы күрес жөніндегі бағдарламаларды іске асыруға жауапты болып табылады.
Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдарының барлық аумақтық бөлімшелерінің келісімді жұмыс істеуін, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға басшылықты қамтамасыз етеді.
Мына тұлғаларды: облыс әкімінің орынбасарларын, облыс әкімі аппаратының басшысын, аудандар (облыстық маңыздағы қалалар) әкімдерін – жоғары тұрған уәкілетті мемлекеттік органдармен келісім бойынша, аппарат басшысының орынбасарын, облыс әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің басшыларын, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшыларын қызметке тағайындайды және одан босатады.

Облыс әкімінің қаржы -экономикалық мәселелер,
құрылыс, көлік және коммуникациялар жөніндегі бірінші орынбасары
Мұхамбетов Ғ.М.

Экономика, бюджеттік жоспарлау, жергілікті бюджеттің орындалуы, коммуналдық меншікті басқару саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді.
Бюджеттің кіріс бөлігін жасақтау, жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеу, бюджеттің орындалуы бойынша басшылықты жүзеге асырады.
Облыстық басқармалардың тиісті министрліктерде сәйкес кезеңге даму басымдылықтарына сай инвестжобаларды келісу жөніндегі жұмысын, сондай-ақ жетекшілік жасайтын салаларда бюджеттік қаржыларды мақсатты, тиімді және дер кезінде игеру жөніндегі жұмысты үйлестіреді.
Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамдарын түзуді, облыстық даму бағдарламаларын іске асырудың бағалау көрсеткіштерін әзірлеуді, сондай-ақ экономикалық және бюджеттік жоспарлау кезінде стратегиялық мақсаттар мен басымдықтарды түзуді үйлестіреді.
Коммуналдық меншікті басқару, сол сияқты облыс аумағындағы құрылыстар мен екінші нысандарға мекенжайлар беру, бекіту мәселелеріне жетекшілік жасайды. Құрылыстар мен екінші нысандарды «Мекенжай регистрі» мемлекеттік ақпараттық жүйесіне толтыру және маңыздандыру қызметін үйлестіреді.
Құрылыс, тұрғын үй бағдарламасын салаларына, көлікті дамытуға, автомобиль жолдарын ұстауға, жөндеуге және қалпына келтіруге жауап береді.
Облыстың елді мекендерінің сәулеттік келбетін бақылайды және келісу туралы жұмыстарды үйлестіреді, барлық меншік түріндегі нысандарда құрылыс жұмыстарының жүру барысында заңдылықтың сақталуын бақылауды жүзеге асырады.
Жергілікті атқарушы органдардың көлік пен коммуникацияны реформалау және оңтайландыру бөлігіндегі жұмысын үйлестіреді.
Жетекшілік жасайтын салаларда инфляцияға қарсы шаралар қабылдайды.
Жетекшілік жасайтын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметті сапалы көрсетуіне жауап береді.
Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар:
1) қаржы басқармасының;
2) экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының;
3) құрылыс басқармасының;
4) сәулет және қала құрылысы басқармасының;
5)жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының қызметіне жалпы бақылау жасауды жүзеге асырады.
Орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелері:
1) салық департаментінің;

  1. кедендік бақылау департаментінің;
  2. қаржылық бақылау инспекциясының;
  3. қазынашылық департаментінің;
  4. «ҚР Ұлттық банкі» Қарағанды филиалының;
  5. мемлекеттік мүлік және жекешелендіру «Сарыарқа» аймақаралық департаментінің;
  6. статистика департаментінің;
  7. Техникалық реттеу және метрология Комитеті департаментінің;
  8. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау департаментінің;
  9. дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі Комитеттің аймақаралық департаментінің;
  10. «Қарағанды облысы бойынша жылжымайтын мүлік орталығы» РМҚК;

11) «Сарыарқа» өңіраралық көлік бақылау инспекциясының;
12) Автомобиль жолдары Комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің;
13) Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі комитеттің Қарағанды облысы бойынша ақпараттандыру және байланыс жөніндегі инспекцияның қызметін үйлестіруді қамтамасыз етеді.
Келесі заңды тұлғалар:
1) «Қазақтелеком» АҚ ОТД филиалымен;
2) «Қазақстан Теміржолы» ҰК АҚ Қарағанды темір жолы бөлімшесімен;
3) «Қазақавтожол» РМК-мен;
4) «Қазпошта» АҚ Қарағанды облыстық филиалымен;
5) ХҚКОмен;
6) көлік және байланыс кәсіпорындарымен өзара іс-әрекетті қамтамасыз етеді.

Облыс әкімінің өнеркәсіп, шағын және орта бизнесті дамыту, индустриализация және инвестиция мәселелері жөніндегі орынбасары
Ахметжанов Ә.М.

Экономиканың өнеркәсіп секторын дамыту мәселелеріне жетекшілік жасайды. Өнеркәсіп кәсіпорындарының қызметіне мониторинг жасауды, олардың жұмыс тиімділігін талдау мен өңірде бар резервтерді, сол сияқты экспорттық әлеуетті анықтауды қамтамасыз етеді.
Өндірістік және инновациялық әлеуетті аумақтық ұйымдастыру, өндірістің энерготиімділігі, технологиялардың модернизациясы мен трансферті мәселелерін ескере отырып, өңірдің индустриалдық-инновациялық дамуы мен инновациялық белсенділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеуді қамтамасыз етеді .
Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриалды-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасын (жобаларды жүзеге асыру барысына мониторинг және бақылау, нысандарды тиісті уақытында іске қосу мен олардың жобалық қуатына шығуын қамтамасыз ету, Индустриализациялау картасына енгізу үшін жобаларды іздестіру және іріктеу, Үдемелі индустриалдық-инновациялық даму бойынша өңірлік үйлестіру кеңесінің жұмысын ұйымдастыру) іске асыруды қамтамасыз етеді.
Инвестициялық саясатты, Инновациялық саясатты, «Өнімділік-2020», «Экспортер-2020», «Инвестор-2020», «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламаларын іске асыруды қамтамасыз етеді.
«Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағын дамыту жөніндегі іс шараларды үйлестіреді.
Жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі заңнаманы орындауды қамтамасыз ету жөніндегі мәселелерді, сондай-ақ қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау, сақтау, қайта ұқсату және өткізу жөніндегі қызметті лицензиялау Ережелерін орындауды қарайды.
Қазақстандық мазмұнды арттыру бойынша шараларды қамтамасыз етеді.
Шағын және орта бизнесті дамыту, бизнес-қауымдастықтың мемлекеттік органдармен өзара байланыс жасау, кәсіпкерлер үшін әкімшілік кедергілерді азайту мәселелеріне жетекшілік жасайды.
Инвестицияларды тарту, инвестициялық бағдарламаларды әзірлеу, мемлекеттік және аймақтық инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.
Шетел мемлекеттерінің делегациялары мен халықаралық ұйымдар өкілдерінің сапарларына байланысты сауда-экономикалық байланыс саласындағы іс-шараларды өткізу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.
Жетекшілік жасайтын салаларда облыстың Қазақстан Республикасының аймақтарымен, ТМД елдерімен және алыс шетелдермен сауда-экономикалық байланыстарын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
Жетекшілік жасайтын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметті сапалы көрсетуіне жауап береді.
Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың:
1) кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының қызметін жалпы бақылауды жүзеге асырады.
Орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінің:

  1. Қарағанды облысы бойынша салық департаментінің;
  2. Қарағанды облысы бойынша кедендік бақылау департаментінің;
  3. ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Орталық Қазақстан геология және табиғатты пайдалану өңіраралық департаментінің (Центрказнедра);
  4. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау жөніндегі Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша аймақаралық инспекциясының жұмысын үйлестіруді жүзеге асырады.

Келесі шаруашылық жүргізуші субьектілерді басқаруға қатысады:
1) «Сарыарқа» ӘКК ҰК» АҚ;
2) «Мемлекеттік-жеке әріптестік Қарағанды орталығы» АҚ;
3) «Караганда-Инвест» АҚ.

Облыс әкімінің әлеуметтік мәселелер және ішкі саясат жөніндегі орынбасары
Жылбаев Ж.О.

Қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, мемлекеттік егемендікті нығайту, қоғамдық процестерді демократияландыру және қоғамды біріктіру жөніндегі мемлекеттік саясатты, Қарағанды облысының аумағында Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатының міндеттерін қалыптастыруға және іске асыруға жауапты.
Аймақтық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асырады, мемлекеттік тапсырысты орындау жөніндегі аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін үйлестіруді жүзеге асырады.
Облыстық басқармалардың тиісті министрліктерде сәйкес кезеңге даму басымдылықтарына сай инвестжобаларды келісу жөніндегі жұмысын, сондай-ақ жетекшілік жасайтын салаларда бюджеттік қаржыларды мақсатты, тиімді және дер кезінде игеру жөніндегі жұмысты үйлестіреді.
Мектепке дейінгі, жалпы орта, ортадан кейінгі техникалық және жоғары кәсіптік білім беру, мектептен тыс тәрбие, денсаулық сақтау, мұрағат ісі, мәдениет пен өнер, жастар саясаты, туризм, дене тәрбиесі және спорт, тілдерді дамыту салаларындағы мемлекеттік және мемлекеттік емес секторлардың қызметін үйлестіруді жүзеге асырады.
Дәрілік заттарды өндіру, дайындау, көтерме және бөлшек саудамен өткізу қызметін, денсаулық сақтау жүйесіндегі есірткі, психотропты заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметті лицензиялау Ережесінің орындалуын қамтамасыз етеді.
Қоғамдық-саяси және діни бірлестіктердің, ұлттық-мәдени орталықтардың қызметін үйлестіреді.
Қазақстан халқы Ассамблеясының, әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат, кәмелетке толмағандар істері, ономастика, наградалар, мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу жөніндегі облыстық комиссиялардың, індетке қарсы төтенше комиссияның, қылмыстық жазалау және басқа да қылмыстық-құқықтық әсер ету шараларын орындайтын мекемелердің қызметіне ықпал ету жөніндегі кеңестің мәселелерін шешеді.
Мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру, нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес, құқықтық жаппай оқу, діни бірлестіктермен байланыс бөлігіндегі құқықтық сипаттағы мәселелер бойынша жұмысты ұйымдастыруды үйлестіреді.
Білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, ішкі саясат, туризм, дене тәрбиесі және спорт, тілдерді дамыту, мұрағат ісі салаларындағы аймақтық бағдарламаларды іске асыруға жауапты болып табылады.
Демографиялық саясат мәселелерін шешеді.
Облыстың Қазақстан Республикасының аймақтарымен, ТМД және алыс шетелдермен мәдени байланыстарын дамытады.
Облыстық ономастикалық комиссияға төрағалық етеді.
Облыс аумағындағы елді мекендер мен жер атауларын беру, қайта атау мәселелеріне жетекшілік жасайды.
Әкімшілік-аумақтық бірліктерді, жер атауларын «Мекенжай регистрі» мемлекеттік ақпараттық жүйесіне толтыру және маңыздандыру қызметін үйлестіреді.
Жетекшілік жасайтын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметті сапалы көрсетуіне жауап береді.
Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың:
1) ішкі саясат басқармасының;
2) денсаулық сақтау басқармасының;
3) мәдениет басқармасының;
4) білім беру басқармасының;
5) туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасының;
6) тілдерді дамыту басқармасының;
7) мұрағаттар мен құжаттама басқармасының;
8) жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының қызметіне жалпы бақылау жасауды жүзеге асырады.
Орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінің:
1) балалар құқықтарын қорғау жөніндегі департаменттің;
2) дін істері жөніндегі департаменттің;
3) медициналық қызметтерге ақы төлеу Комитеті департаментінің;
4) медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау Комитеті департаментінің;
5) мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау Комитеті департаментінің;
6) сот актілерін орындау жөніндегі департаменттің;
7) әділет департаментінің;
8) ҚАЖҚД;
9) Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің;
10) Бас прокуратура жанындағы УКПС және ТБ қызметін үйлестіруді жүзеге асырады.
Жоғары оқу орындарымен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, «Ардагерлер ұйымы» облыстық филиалымен өзара іс-әрекетті қамтамасыз етеді.

Облыс әкімінің ауыл шаруашылығы және тұрғындарды әлеуметтік қорғау жөніндегі орынбасары
Айтуғанов Қ.Қ.

«Жұмыспен қамту-2020», тұрғын халықты әлеуметтік қорғау және мүгедектерді оңалту, селолық аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға жауап береді, олардың іске асырылуын бақылауды жүзеге асырады, ауыл шаруашылығын және АӨК дамыту, жер қатынастары, табиғатты пайдалану жұмыстарын үйлестіреді, сол сияқты қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша заңнаманың орындалуын қамтамасыз етеді.
Облыстық басқармалардың тиісті министрліктерде сәйкес кезеңге даму басымдылықтарына сай инвестжобаларды келісу жөніндегі жұмысын, сондай-ақ жетекшілік жасайтын салаларда бюджеттік қаржыларды мақсатты, тиімді және дер кезінде игеру жөніндегі жұмысты үйлестіреді.
Азық-түлік ресурстарын жинақтау және тиімді пайдалану, дамыту, тамақ, қайта ұқсату және сауда кәсіпорындарының жұмысына бақылау жасауды ұйымдастырады.
Жетекшілік жасайтын салаларда инфляцияға қарсы шаралар қабылдайды.
Атқарушы органдар мен шаруашылық жүргізуші субъектілердің аграрлық өндірісті, селодағы тіршілік деңгейін тұрақтандыру және өсіру жөніндегі жұмысын, тұрғындарды әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту жұмысын үйлестіреді.
Аграрлық секторда жануарлар мен өсімдіктерді ерекше қауіпті зиянкестер мен аурулардан қорғау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.
Жанар-жағар май материалдарымен, тұқымдармен жеңілдікпен қамтамасыз ету жолымен ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді мемлекеттік қолдау тетігін жетілдіреді.
Облыстың агроөнеркәсіп кешенін дамыту және тұрғын халықты әлеуметтік қорғау мәселесі бойынша орталық атқарушы органдармен байланыс жасауды жүзеге асырады.
Көші-қон саясаты, тұрғын халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау, зейнетақымен қамтамасыз ету, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтегендерге әлеуметтік және өзге де көмек көрсетуді ұйымдастыру мәселелерін шешеді.
Эвакуациялық комиссияға, әлеуметтік әріптестік бойынша облыстық үштарапты комиссияға басшылықты жүзеге асырады.
Жәрдемақылар мен басқа да әлеуметтік төлемдердің барлық түрлерінің уақытында және толық төленуін қамтамасыз етеді.
Жетекшілік жасайтын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметті сапалы көрсетуіне жауап береді.
Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың:

  1. ауыл шаруашылығы басқармасының;
  2. жер қатынастары басқармасының;

3) табиғат ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының;
4) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қызметіне жалпы бақылау жасауды жүзеге асырады.
Орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінің:

  1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі АӨК аумақтық инспекциясының;
  2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринарлық бақылау және қадағалау Комитетінің аумақтық инспекциясының;
  3. Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігінің аумақтық жер инспекциясының;
  4. Орман және аң шаруашылығы Комитетінің орман және аң шаруашылығы аумақтық инспекциясының;
  5. Балық шаруашылығы Комитетінің Нұра-Сарысу облысаралық бассейн инспекциясының;

6) Бақылау және әлеуметтік қорғау Комитетінің бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің;
7) Су ресурстарын пайдалануды және қорғауды реттеу жөніндегі Нұра-Сарысу бассейн инспекциясының;
8) экология департаментінің қызметіне жалпы бақылауды жүзеге асырады.
«Сарыарқа» ӘКК ҰК» АҚ-мен, аз қамтамасыз етілген азаматтарды қолдау жөніндегі өңірлік қормен, «Қарағанды гидрометеорология орталығы» ЕМК-мен, Зейнетақылар мен жәрдемақылар төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың облыстық филиалымен, «Каз АГРО» қаржылық институтымен өзара іс-әрекетті қамтамасыз етеді.

Облыс әкімінің энергетика, коммуналдық шаруашылық және ТЖ жөніндегі орынбасары
Ыдырысов С.М.

Энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты: жылумен, электрмен, сумен, газбен жабдықтауды дамытуға дамытуға жауапты болып табылады.
Су шаруашылығы мақсатындағы, инженерлік-коммуналдық инфрақұрылым нысандарына құрылыс және қайта жаңғырту жоспарларының орындалуын қамтамасыз етеді.
Облыстық басқармалардың тиісті министрліктерде сәйкес кезеңге даму басымдылықтарына сай инвестжобаларды келісу жөніндегі жұмысын, сондай-ақ жетекшілік жасайтын салаларда бюджеттік қаржыларды мақсатты, тиімді және дер кезінде игеру жөніндегі жұмысты үйлестіреді.
Баға және тариф саясатын қалыптастыруға, арам ниетті бәсекелестік фактілерін болдырмауға және монополиялық қызметті шектеуге қатысады. Жетекшілік жасайтын салаларда инфляцияға қарсы шаралар қабылдайды.
Облыстың елді мекендерін нормативтерге сәйкес қысқы жағдайларда жұмыс істеуге дайындау жөніндегі жұмысқа басшылықты жүзеге асырады.
Төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияға басшылық жасайды.
Аймақты сұраныстарға сәйкес электр, жылу энергиясымен қамтамасыз етудің тепе-теңдігіне жауап береді.
Жұмылу даярлығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды ұйымдастыру және жою бойынша іс-шараларды жүзеге асырады.
Жетекшілік жасайтын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметті сапалы көрсетуіне жауап береді.
Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар:
1) энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының;
2) жұмылу даярлығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды ұйымдастыру және жою жөніндегі басқарманың қызметіне жалпы бақылауды жүзеге асырады.
Орталық атқарушы органдар аумақтық бөлімшелері:
1) ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі департаментінің;
2) ҚР ТЖМ төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің;
3) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау жөніндегі Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша аймақаралық инспекциясының субъектілер реестріне электрмен жабдықтаушы кәсіпорындар доминанттарын енгізу немесе одан шығару бөлігінде;
4) коммемэнергоқадағалау аумақтық инспекциясының қызметіне жалпы бақылауды жүзеге асырады.
Энергетика және ТКШ шаруашылықтары кәсіпорындарымен өзара іс-әрекет етуді қамтамасыз етеді.

Облыс әкімі аппаратының басшысы
Ыдырысов А.А.


 

Аппараттың облыс әкімдігі, әкімі қызметін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысына басшылық жасауды жүзеге асырады.
Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеуге қатысады.
Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, әкімдік қаулыларын, облыс әкімінің шешімдері мен тапсырмаларын уақытында орындау жөніндегі жұмысты және бақылауды қамтамасыз етеді.
Облысты басқарудың сызбасын, облыс әкімі аппаратының, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын облыстық басқармалардың құрылымын әзірлейді. Атқарушы органдарда сандық құрамның бекітілген лимиттері сақталуына бақылау жасауды қамтамасыз етеді.
Белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес мемлекеттік қызметшілерді конкурстық іріктеуді ұйымдастыруға және өткізуге қатысады.
Облыс әкімінің аппаратын штат кестесіне сәйкес талап етілетін кәсібі, біліктілігі және мамандығы бар мемлекеттік қызметшілердің қажетті санымен уақытында жасақтауды қамтамасыз етеді.
Дербес құрамды пайдалану үдерісін талдайды, оңтайландыру, кәсіби шеберлікті және кадрларды пайдалану тиімділігін арттыру жөнінде шаралар әзірлейді, олардың іске асырылуына бақылау жасайды.
Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру мен қайта даярлау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады. Кадрлар даярлау, қалалар мен аудандар әкімдерін, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың бірінші басшыларын алмастыру жөнінде ұсыныстар енгізу жүйесін әзірлейді және іске асырады.
Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметке байланысты шектеулерді сақтауына бақылау жүргізеді.
Бөлімдердің жұмысымен байланысты құжаттарды дайындауды, іс жүргізудің жедел және дұрыс жүргізілуін қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
Облыстың мемлекеттік органдарының кадр саясатын қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметшілер резервін жасақтау жөніндегі қызметін үйлестіреді.
Облыс әкімдігінің, облыс әкімінің актілерін дайындау және олардың орындалуын ұйымдастыру, мемлекеттік және орындаушылық тәртібін қамтамасыз ету бөлігінде жергілікті атқарушы органдардың және мемлекеттік басқарудың орталық органдары аумақтық өкілдіктерінің, ведомстволардың қызметін, қызметін үйлестіреді.
Облыс әкімдігінің аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) әкімдерімен жұмысының өзара әрекетін, облыс әкімдігі мен әкімінің Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен және Премьер-Министрі Кеңсесімен өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді.
«Электронды әкімдіктің» жұмысын, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын мониторингтау мен бақылау жұмысын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді. Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.

Облыс әкімдігі басшылығының
келесі өзара алмасушылығы белгіленеді:

 

Құсайынов Ә.Қ.

-

Мұхамбетов Ғ.М.

Мұхамбетов Ғ.М.

-

Ахметжанов Ә.М.

Ахметжанов Ә.М.

-

Ыдырысов С.М

Ыдырысов С.М

-

Айтуғанов Қ.Қ.

Айтуғанов Қ.Қ.

-

Жылбаев Ж.О.

Жылбаев Ж.О.

-

Ыдырысов А.А.

 

Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР «Электрондық үкіметінің» порталын қолданасыз бе?
Мұрағат
16 Қазан 2012
Караганда Другие города
+5 °C
без осадков,ясно
Ю, 2 м/с
16 Қазан 2012
Доллар США   150.62
Евро   195.16
Российский рубль   4.86
 
Послание Президента РК
 
Қазақстан Республикасы Президентінің алдыңғы Жолдаулары
Индустриально-инновационное развитие
Государственные закупки
           
 
           
 
           
 
         
 
         
Online конференциялар және баннерлердiң архивы      Сайт картасы
Удобно доставка грузов по России сколько стоит
© 2005-2012Қарағанды облысы әкімдігінің ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Вверх