Қызмет туралы мәлімет
Толық атауы:мемлекеттік тілде «Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі
Басқарманың негізгі міндеттері:
1) көліктің барлық түрімен жолаушылар тасымалдауды ұйымдастыру;
2) жергілікті деңгейдегі жолдардың құрылысы, жөндеуі және ұстауына байланысты жұмыстарды ұйымдастыру.
Басқарманың негізгі функциялары:1) өзінің өкілеттігі шеңберінде жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және коммуналдық шаруашылық дамуының басым бағдарламаларын жасау және жүзеге асыру;2) өзінің өкілеттігі шеңберінде облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының жағдайын талдау мен болжамдар жасауға, Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша инвестициялық бағдарламалар жасауға қатысу;
3) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша облыс әкімдігінің отырыстарына материалдар даярлауға қатысу;
4) жолаушылар көлігін дамытудың және жол қозғалысын ұйымдастыру жобаларының кешенді сызбасын даярлау;
5) жолаушылар мен жүкті автомобильмен тасымалдауды дамытудың бағдарламасын даярлау, соның ішінде елді мекендер: кенттерді, ауылдарды (селоларды) аудан және облыс орталықтарымен, республикалық маңыздағы қалалармен (астанамен) жалғастыратын тасымалдар бойынша да;
6) оларға қызмет көрсету құқығын беретін конкурстарды ұйымдастыру және өткізу, бағыттар бойынша қозғалыс кестесін бекіту жолымен облыс ішіндегі қалааралық, қала маңындағы, қала ішіндегі және елді мекендерді жалғастыратын жолаушылар мен жүктерді тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру, олардың бағыттарын бекіту;
7) тасымалдаушыларды анықтайтын конкурстарды ұйымдастыру және өткізу жолымен шығыны жергілікті бюджеттен жабылуға жататын облыс ішіндегі әлеуметтік маңызды теміржолмен жолаушылар тасымалдаудың қала маңындағы қатынастарын ұйымдастыру;
8) облыс ішіндегі қалааралық, жолаушылар мен жүкті тасымалдаудың және қала маңындағы елді мекендерді жалғастыратын тұрақты бағыттардың реестрін жүргізу;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жол қызметін қаржыландыруға арналған қаржыны пайдаланудың тәртібін анықтау және мақсатты жұмсалуын қамтамасыз ету;
10) аудандық және қалалық территориялық органдардың теміржол, автомобиль көліктері, және автожолдар қызметі саласындағы заңнамалар талаптарын орындау мәселелері бойынша қызметтерін үйлестіру;
11) байланыс қызметтерін ұсынуды ұйымдастыру. |