Қызмет туралы мәлімет
Қызмет туралы мәлімет
Қарағанды облысы әкімдігінің 2005 жылғы 10 қаңтардағы №01/01 “Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 4 қазандағы №1022 және 2004 жылғы 15 желтоқсандағы №1324 қаулыларын жүзеге асыру туралы” қаулысына сәйкес пайда болды. Алдымен бөлім ретінде пайда болған, сонымен облыс әкімдігінің 2005 жылғы 28 сәуірдегі № 09/21 қаулысына сәйкес басқарма болып қайта құрылды.
Тілдерді дамыту жөніндегі басқарма өз құзыреті шеңберінде мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға және бақылауға уәкілетті, облыстық бюджеттен қаржыландыратын жергілікті атқарушы орган болып табылады.
Басқарма өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Тілдер туралы» Заңын, өзге де заңдарды, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, облыс әкімдігі мен әкімінің актілерін, өзге де нормативтік-құқықтыққұжаттарды, сондай-ақ Ережесін басшылыққа алады.
Басқарма қызметінің негізгі мақсаты, өз құзырының шеңберінде, облыс көлемінде тілдерді дамыту аясындағы мемлекеттіксаясатты жүзеге асыруды қамтамасыз ету болып табылады.
Негізгі мақсаттарды орындау үшін Басқарма мына міндеттер мен функцияларды жүзеге асырады:
- тілдер туралы заңдардың сақталуына, барлық меншікнысанындағы ұйымдарда, мекемелерде мемлекеттік тіл саясатының жүзеге асырылу барысына, сонымен қатар сыртқы жарнамалардың рәсімделуінің заң талаптарына сәйкестігін, бұқаралық ақпарат құралдарында заң қалыптарының сақталуына тексерістер ұйымдастыру арқылы бақылау жасау;
- тілдерді дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың ақпараттық, әдістемелік қамтамасыз етілуін, тілдердің даму проблемалары жайлы мақалалар және хабарлар ұйымдастыру, тіл саясатын жүзеге асыру мәселелері бойынша семинар, «дөңгелек үстел», конференциялар өткізу жәнеметодикалық нұсқаулықтар дайындау арқылы ұйымдастыру;
- облыстағы демографиялық ахуалды анықтау, көші-қон процестерін зерделеу, социологиялық сараптама жүргізу арқылы аймақтағы ұлтаралық және тіл мәселесін зерделеу;
-тілдерді білу бойынша конкурстар, достық фестивальдерін, түрлі шаралар өткізу арқылы мемлекеттік тілді, аймақта тұрып жатқан басқа даэтностардың тілдеріне насихат жасау;
- мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру мәселелері бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелермен, қоғамдық және басқа да ұйымдармен қарым-қатынас жасау;
- жергілікті ономастикалық комиссияларының топонимикалық және физикалық-географиялық объектілерді реттеу және жүйеге келтіру жұмыстарын жандандыру және үйлестіру;
- өз құзырының шеңберінде Басқарманыңқызметіне қатысты мәселелер бойыншажергілікті атқарушыоргандардыңжұмысын үйлестіру;
- тоқсан сайын облыс әкіміне және облыс әкімінің жауапты орынбасарына және басқа да орталық мемлекеттік органдарға атқарылған жұмыс бойынша, ақпарат және сараптама түрінде есеп беру;
- облыстық бюджеттен қаржыланатын басқа да мемлекеттік органдарға, олардың құзырларына кіретін мәселелер бойынша ақпараттар (қызметтік қолданысқа бағытталған сараптамалық ақпараттарды облыс әкімінің жауапты орынбасарының рұқсатымен) беру; |