Міндеттерді бөлу



Міндеттерді бөлу

Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, оның мәнін насихаттап мәртебесін арттыру,  өзге ұлт өкілдерін тілді үйренуге ынталандыру мақсатында жыл сайын “Мемлекеттік тіл – менің тілім” атты конкурс өткізіліп тұрады, биыл жетінші рет өтті. Қатысушылардың саны, құлшынысы жыл санап артуда, сонымен қатар берілетін тапсырмаларды да қиындатыңқырадық, дегенмен азаматтардың осы конкурсқа қатысуға деген ынтасы бәсеңсіген жоқ, қайта арта түсуде. Бұның дәлелі – жеңімпаздар құрамы: 1-ші орынның иегері “Балқаштүстіметалл” ӨБ-нің жұмысшысы Сергей Полукаров, 2-ші орын алған, Нұра ауданы әкімі аппаратының маманы Әсел Шубелик, ал 3-ші жүлдеге Қарағанды қаласы ішкі саясат департаментінің қызметкері Марина Галяс.

Облысымызда екінші рет мемлекеттік қызметкерлер арасында “Үздік аудармашы” конкурсы өткізілді, оған мемлекеттік органдардың аудармашылары, басшылары және мамандары қатысып, жазбаша аударма, ілеспе аударма, терминдерді білу сияқты сындардан өтті. Былтырғы жылмен салыстырғанда биыл мемлекеттік мекемелерде екі тілге бірдей аударатын білікті аудармашылар санының арта түскендігі байқалады. Ал бұл сайыста Қаражал қаласы ауыл шаруашылық және жер қатынастары бөлімінің бастығы Рақым Әбілғазы жеңіп шыққанын тілге тиек еткім келеді.

Қай кезеңде болмасын ұлы Абай шығармасы  халықтың рухани дамуына өзінің оң әсерін тигізуде. Данышпан ақынның 160 жылдық мерейтойына арнап, Қарағанды қаласының ұлттық-мәдени орталықтары өкілдерінің қатысуымен “Толғауы тоқсан қызыл тіл ...” атты фестиваль өткізілді. Осы кеште ұлы Абайдың өлеңдері мен нақыл сөздері бірнеше ұлттардың тілінде айтылды.

Оралхан Бөкей атындағы көркем сөз оқу шеберлерінің дәстүрлі конкурсы өз қатысушыларын алтыншы рет жинады. Оған қызметкерлер мен облыс мектептерінің жоғарғы сынып оқушылары қатысып, Жаңаарқа ауданы Н.Крупская атындағы орта мектептің 11 сынып оқушысы Самал Пазылова жеңімпаз атанды.

Төртінші рет Қасым Аманжолов атындағы жас ақындар конкурсы өткізілді. Бұл конкурстың биылғы ерекшелігі - оған мектеп оқушыларының қатысуы. Нәтижесі қуантарлық, арамызда жас дарындардың барына көзіміз жетті.

Облыста алғаш рет орыс мектептерінде қазақ тілінен дәріс беретін ұстаздар арасында “Қазақ тілінің үздік оқытушысы” конкурсы өткізіліп, білікті, тәжірибелі мамандардан құралған әділ қазылар алқасының шешімімен “жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар” болып Теміртау қаласындағы № 24 мектептің мұғалімі Ажар Әрекова атанды, ол республикалық конкурсқа жолдама алды.

Бүгінгі күні, басқарма мен мемлекеттік қызметшілердің және білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтымен бірлесе отырып облыстағы тілдің ахуалына социологиялық зерттеу жүргізілуде.

2005 жылдың 23 қарашасында облыстық мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін  арттыру институты мен бірігіп жалпы білім беретін мектептердің қазақ тілі мен әдебиетінің оқытушыларының авторлық бағдарламалар конкурсі “Асыл  сөз – қазынам, өнеге -өрісім“ өтті. Онда мұғалімдер-тіл мамандары шешендік өнерде сайысқа түсті. Бірінші орынға Ақтоғай ауданының Қ.Байсейітова атындағы мектептің мұғалімдері Қасымова Ғ.Қ. мен Шардарбекова Қ.М., екінші орынға Балқаш қаласының №7 С.Сейфуллин атындағы мектеп-гимназияның мұғалімі Елеубекова Ә.З., үшінші орынға Қарағанды қаласының Н.Нұрмақов атындағы мектептің мұғалімі Исина Б.Қ ие болды.

Облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың қызметіне ономастикалық жұмыс та кіреді. Облыстағы ономастикалық атаулар мен георграфиялық аталымдарды реттеу мақсатында Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің тарих факультетімен бірлесе отырып, 2005-2013 жылдарға арналған “Қарағанды облысының топонимикалық картасы” атты ғылыми-зерттеу жоспарының жобасы жасалды. 2001 жылдан бері тарих факультетінің қызметкерлері облыс аудандарында топономикалық зерттеулер жүргізуде.

Бүгінгі күні Бұқар жырау, Нұра, Қарқаралы аудандарының топонимикалық картасы жасалды. Биылғы жылы Ақтоғай және Шет аудандарының топонимикалық картасын жасау боцынша жұмыс аяқталады.

Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР «Электрондық үкіметінің» порталын қолданасыз бе?
Мұрағат
16 Қазан 2012
Караганда Другие города
+13 °C
без осадков,ясно
Ю-З, 4 м/с
16 Қазан 2012
Доллар США   150.62
Евро   195.16
Российский рубль   4.86
 
Послание Президента РК
 
Қазақстан Республикасы Президентінің алдыңғы Жолдаулары
Индустриально-инновационное развитие
Государственные закупки
           
 
           
 
           
 
         
 
         
Online конференциялар және баннерлердiң архивы      Сайт картасы
© 2005-2012Қарағанды облысы әкімдігінің ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Вверх