Департаменттің негізгі міндеттері, функциялары
Департаменттің негізгі міндеттері, функциялары.
Департаменттің негізгі міндеттері:
1) коршаған орта сапасын жақсарту, экологиялық кауіпсіздікті камтамасыз ету, табиғи ресурстарды сақтау және қоғамның экологиялық тұрақты дамуының қолайлы деңгейіне қол жеткізу;
2) қоршаған ортаны корғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласында мемлекеттік бақылауды, шаруашылық кызметті жүзеге асырған кезінде табиғат қорғау заңнамасын, экологиялық талаптардың нормативтерін сақтауды қамтамасыз ету;
3) аумақтық деңгейде қоршаған ортаның өндірістік экологиялық бақылауын жүргізуді үйлестіру;
4) әлеуметтік-экономикалық даму жоспарының шеңберінде аймақтық табиғатты қорғау бағдарламаларын және ic-шараларымен келісу және оларды icкe асыруды бақылау;
5) қоршаған ортаны қорғау саласында экологиялық ақпаратты жинақтауды және таратуды ұйымдастыру, ағарту жүйесін дамыту;
6) қоршаған ортаны қорғау саласында қоғамдық ұйымдармен өзара қарым-қатынас ету және ынтымақтастық;
7) аумақтық деңгейде мемлекеттік экологиялық сараптаманы ұйымдастыру, экологиялық рұқсаттарды беру болып табылады.
15. Департамент заңнамада белгіленген тәртіпте өз кұзыретінің шегінде мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) рұқсаттарды береді, тоқтата тұрады, қайтарып алады және күштерін жояды;
2) өндірістік мониторинг бағдарламаларын, өндірістік экологиялық бақылау бағдарламаларын келістіреді;
3) мемлекеттік экологиялық сараптаманы ұйымдастырады және өткізеді;
4) қоршаған ортаны қорғау саласында лицензияланатын қызметтің жекелеген түрлеріне лицензия алуға корытындылар береді;
5) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын сақтауға мемлекеттік экологиялық бақылау жүргізеді;
6) қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызмет туралы есептік деректерді, ақпаратты құрайды және белгіленген тәртіпте Комитетке ұсынады;
7) қоршаған ортаны қорғау саласында нормативтік кұқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысады;
8) қоршаған ортаны қорғау саласында перспективалы және ағымдағы жұмыс жоспарларын әзірлейді және бекітеді, сондай-ақ Комитетпен келісу бойынша мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыру мәселелері жөніндегі жұмыс жоспарын әзірлейді;
9) жергілікті атқару органдары лауазымды тұлғаларының мемлекеттік экологиялық сараптаманы ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметіне бақылауды жүзеге асырады;
10) қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму саласында халықаралық конвенцияларды және келісімдерді, бағдарламаларды және жобаларды icкe асыруға қатысады;
11) қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асыру ұсынылатын өңірлік өзекті экологиялық проблемаларды шешу үшін қажетті ic-шараларды өткізу жөніндегі негіздемелерімен ұсыныстарды әзірлейді және Комитетке ұсынады;
12) өзінің қызметі шегінде кұпия режимін, кұпия ic жургізуді қамтамасыз етеді және мемлекеттік кұпияларды техникалық сақтауды ұйымдастырады;
13) экологиялық талаптардың неғұрлым толық ecкepілyi бөлігінде объектілер қызметін регламенттейтін құжаттарды келісуге қолданыстағы заңнамаға сәйкес қатысады;
14) Департаменттің сараптамалық комиссиясының құрамын анықтайды;
15) жұмылдыруға дайындық және жұмылдыру жөніндегі ic-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысады;
16) арнайы су пайдалануға рұқсаттарды келістіреді;
17) қоршаған ортаға әсерді бағалау рәсіміне және көзделіп отырған шаруашылық және өзге де қызмет жөнінде шешімдерді қабылдау үрдісіне
жататын экологиялық акпаратқа жұртшылықтың қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
18) экологиялық рұқсатнамаларда (қоршаған ортаға эмиссияға рұқсатнамаларда және кешенді экологиялық рұқсатнамаларда) қоршаған ортаға эмиссияға лимиттерді (квоталарды) белгілейді;
19) өз құзыретінің шегінде табиғат ресурстарын пайдалану саласында лицензияларды, рұқсаттарды, шарттарды (келісім-шарттарды) беруді келістіреді;
20) қоршаған ортаның ластанған учаскелерінің мемлекеттік есебін, оның ішінде қоршаған ортаның ластанған учаскелерінің тізілімін жүргізуге қатысады;
21) зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көмудің және жер қойнауына сарқынды суларды төгудің мемлекеттік кадастрын жүргізуге қатысады;
22) өндipic және тұтыну калдықтарының мемлекеттік кадастрын жүргізуге қатысады;
23) экологиялық насихаттау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруға өз құзыретінің шегінде қатысады;
24) су нысандарын кешенді пайдаланудың және қорғаудың алаптық схемаларын келісуге, алаптық келісімдерді дайындауға, су нысандарын пайдалану, молықтыру және қорғау жөніндегі мемлекеттік (аймақтық және алаптық) бағдарламаларды әзірлеуге, сондай-ақ су ресурстарын баскарудың алаптық қағидасын icкe асыруға өз кұзыретінің шегінде қатысады;
25) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге функцияларды жүзеге асырады.
|