Арналған қоршаған орта мониторингінің ахуалы



2011 жылға арналған қоршаған орта мониторингінің ахуалы

Атмосфералық ауаның ластануы (шығарындылар).
- Өнеркәсіптік шығарындылардың жалпы көлемі- 366,4 мың тонна;
- Күкіртті ангидрид шығарындылар көлемі – 128,2 мың тонна;
- Азот диоксиді шығарындылар көлемі - 21,9 мың тонна;
- Қатты бөлшектер шығарындылар көлемі – 95,2 мың тонна;
- Тұншықтырғыш газы шығарындылар көлемі – 113,5 мың тонна.

Жоғарыдағы көрсетілген мәліметтерге сәйкес облыс бойынша зиянды шығарындылардың жалпы көлемін 31,6 мың тоннаға көбейуі күтіліп отыр. Нақтыланған мәліметтер 2-ТП (ауа) нысанындағы статистикалық есеп қалыптасқаннан кейін белгілі болмақ.
Жалпы облыс бойынша күтіліп отырған зиянды шығарындылардың көлемі отын шығының көбейуіне тікелей байланысты (жылу маусымында 2011 жылдың іспеттес мерзімімен салыстырғанда ауаның төмеңгі температурасы), жоғарғы көрсеткіші бар отында пайдалану (күл шығыны, сераның тиісі), атмосфералық ауаға керіс әсерін тигізетін жаңа объектілерді іске қосу және облыс көлеміндегі көптеген кәсіпорындарда өндіріс көлемінің көбейуіне тікелей байланысты болып отыр.
Облыс бойынша зиянды шығарындылар көлемінің өсуі «Казақмыс Корпорациясы» ЖШС Нұрқазған-Тас және Нұрқазған-Саз кеніштері түрінде жаңа өндірістік объектілерінің іске қосылуына байланысты. Нақты аталмыш объектілерде жартастық топырақтың өндіріс көлемі 26,0 мың текше метр және 24,0 мың текше метрді құрайды. Сондай-ақ Балқаш ЖЭО көмір шығындары 7 пайызға көбейуіне байланысты зиянды шығарындылар көлемі арттырылған.
«ТЭМК» АҚ химиялық-металургиялық зауытында кальций карбиды 3543,674 тоннаға, әктің 801 тоннаға, сонымен қатар «Богач» кенішінде ашылған жыныс өндірісінің көбейуіне байланысты шығарындылар көлемі 112,11 тоннаға көбейуі күтілуде.
Соңғы үш жылдың ішінде қоршаған ортаға ластауыш заттардың төгінділер көлемі болмашы көбейген, оның негізгі себебі салқындатқыш тоғаннан Самарқан су қоймасына төгінділер есебінен «АрселорМиттал Теміртау» АҚ жылу және электр қуаты арттырылғанына, ЖСҚК қосымша көздер пайда болуына, көктемгі жоғарғы су тасқыны мен апаттық төгінділер орын алғанына байланысты болған.
Қарағанды облысы бойынша қалдықтар негізінде пайдалы қазбалар кен орындарын өндіру мен оларды қайта өңдеу, минералдық шикізат металургиялық кайта бөлісуі – техногендік минералдық құрылымдар (ТМҚ) барысында пайда болады. Жалпы облыс бойынша жыл сайын пайда болатын қалдықтардың ішінде ТМҚ 95 пайыздан астамын құрайды.
Бүгіңгі күні облыс бойынша барлығы жинауыштарда 8,5 млн тонна өнеркәсіптік қалдықтар жинақталған.
2012 жылдың 1-ші жарты жылдығында 2011 жылдың іспеттес есептік мерзімімен салыстырғанда оларды орналастыру көлемі 11,19 млн. тоннаға (11,1пайызға) азайған.
Пайда болған қалдықтардың жалпы санынан пайдаланғаны мен пайдаға асырылғаны – 41905,987 мың тонна, ол 44,8 пайызды құрайды, оның ішінде ТМҚ- 41900,469 мың тонна (ТМҚ пайда болған жалпы санынан 45,97 пайызды құрайды), ТМҚ жатпайтын өнеркәсіптік қалдықтар саны – 5,518 мың тонна (жалпы пайда болғанның санынан 0,23 пайызды құрайды).
 

Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР «Электрондық үкіметінің» порталын қолданасыз бе?
Мұрағат
16 Қазан 2012
Караганда Другие города
+13 °C
без осадков,ясно
Ю-З, 4 м/с
16 Қазан 2012
Доллар США   150.62
Евро   195.16
Российский рубль   4.86
 
Послание Президента РК
 
Қазақстан Республикасы Президентінің алдыңғы Жолдаулары
Индустриально-инновационное развитие
Государственные закупки
           
 
           
 
           
 
         
 
         
Online конференциялар және баннерлердiң архивы      Сайт картасы
© 2005-2012Қарағанды облысы әкімдігінің ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Вверх