Әкімнің блогы


Халықты әлеуметтік қорғау

ID вопроса: 1409 (ip-адрес отправителя:178.89.151.122)

  25 Ақпан 2011

Уважаемый Серик Ныгметович! Обращается к Вам мать тройняшек родившихся 24 февраля 2008 года. .Вот в прессе восхищаются рождением четвертой тройней за 10 лет. Но на деле лично нам не помощи не поддержки от государства.Правда квартиру внаем предоставили в 21 мкр с текущей крышей и плесенью на стенах.,по заключению СЭС технически не пригодное жилье.Квартира холодная 2-3 января температура была 10 градусов, пользуемся эл.приборами и в итоги наматываем за свет по 7-10 тысяч, что очень накладно для нашей семьи.Каждую осень дети болели пневмонией. аллергические высыпания, неужели на наших детей не распространяется закон о правах ребенка Последней тройне повезло больше, поэтому и мы просим Вашей поддержки в нашей сложившейся ситуации.


ID вопроса: 1406 (ip-адрес отправителя:95.57.127.77)

  24 Ақпан 2011

Добрый день. Скажите, пожалуйста, правомерно ли поступает \"Коммунальное хозяйство\" поселка, установив цену за отопление: 1 кв.м. - более 300 тенге. Я получил квартиру в 18-квартирном доме по программе \"С дипломом в село\", работаю врачем. за 2-хкомнатную квартиру я плачу 12173 тенге ежемесячно. Спасибо.


ID вопроса: 1390 (ip-адрес отправителя:92.47.169.172)

  22 Ақпан 2011

Біз Майқұдықтағы ТОО\"Қарағанды су\"-да жұмыс жасаймыз шопыр, механик т.б. Алатын айлығымыз 25-34000 теңге аралығында . Сол аз ақшаның өзін жырымдап бөліп береді, не кешіктіріп береді. Енді бір жеті ақысыз демелысқа шығармақшы. Бұл осымен бірнеше рет қайталанып отыр.Сенбі күндері жұмыс істейміз бірақ оған ақша төленбейді. Ұнамаса жұмыстан шығыңдар дейді.Сонда біздің құқығымызды кім қорғамақ? Құрметті, облыс әкімі осы заңсыздықтытың шешілуін өзіңізден ғана күтеміз. Атымызды жасырып отырмыз, білсе қазір жұмыстан қуады. Біздің жалақымызды ең болмаса 50000-ға дейін көтеруге болмай ма? Өз жерімізде отырып қашанғы қайыршылықта жүреміз. Барлығымыздың балаларымыз бар, кредитіміз тағы бар. Жұмыс ең ауыр, ең лас, ең кір жұмыс екені бәріңізге белгілі. Жұмыс жасайтындардың көпшілігі қазақ ұлтының өкілдері. Осы тілектеріміз орындалмаса өтінішімізді Елбасымымыз Н.Ә.Назарбаевқа да жолдамақпыз. Бір топ жұмыскерлер.


ID вопроса: 1382 (ip-адрес отправителя:92.46.166.45)

  19 Ақпан 2011

Здравствуйте Серик Ныгметович! Прочитав и слыша ваш отчет перед населением не услышала состояние поселка Сары-Шаган, Актогайского района. Вы увидели состояние Приозерска и не только вы, весь Казахстан, но почему то близ лежащий поселок не был во внимании. Там всю жизнь в жилых домах не было отопления, воды. Мусор не убирается, все разлагается в теплое время года, общежитии разбомбили-разобрали, вместо них руины по середине поселка. Проездом по ж/д дороге стыдно показывать людям вид поселка, все в мусоре, болото огорождено большими заборами как в тюрьмах. Почему там нет контроля? Хотя в этом году поменялся аким, который пытается восстановить после того акима это все, но насколько это будет возможно, так как жители были вынуждены сами отапливать свои квартиры, вынуждены были делать свое отопление. Бывшему акиму ничего не было, во что он превратил поселок, тихо молча ушел. Также, в поселке цены на питание возросли, больше чем в Астане, почему так, или думают что рабочие-железнодорожники получают большую зарплату или живут за счет рыбы? Как говорят все. Может быть рыбаки и ж/д-ки живут так, у кого маленькая, молодая семья? А как быть остальным? Жаль, что нельзя фото повесить, состояние поселка выслать, чтобы вы видели. Поселок находится на берегу Балхаша, зато в квартирах нет воды, а если и есть, то ужасно грязная, не возможно пить. Пожалуйста, помогите жителям, мы молодые живем в городах, а родители ведь там, они живут и никуда не уедут. Спасибо.


ID вопроса: 1379 (ip-адрес отправителя:89.218.106.62)

  17 Ақпан 2011

Уважаемый Серик Ныгметович как можно попасть к Вам на прием?


ID вопроса: 1375 (ip-адрес отправителя:95.57.74.126)

  17 Ақпан 2011

Здравствуйте Уважаемый Серик Ныгметович!Я хотела бы у Вас уточнить сколько выплачивается единовременное пособие по родам?Я не работала.И сколько сейчас выплачивают пособие на ребёнка до года?Есть ли какие либо ещё выплаты по беременности и рождению ребёнка.Спасибо.


ID вопроса: 1365 (ip-адрес отправителя:193.193.238.99)

  14 Ақпан 2011

Серік Нығметұлы! Мұның алдында жазған хатыма Сіздің атыңыздан жауап алдым. Онда: \"Сіздің отбасының әлеуметтік жағдайы участкелік комиссия арқылы тексеріліп, қаралды. Тексеріс барысында анықталғаны: Сіз қалалық әкімдік арқылы алған бір бөлмелі үйінде, 27.03.2001 жылы туған баласы Айбекпен бірге тұрады. Айбек, бала жасынан мүгедек, мүгедектігіне орай 16187 теңге көлемінде мемлекеттік жәрдемақыны анасы алып отырсыз. Сонымен қатар мүгедек баланы бағып-қақаны үшін Сізге 14952 теңге мөлшерінде мемлекеттік жәрдемақы төленуде. Отбасына кіретін айлық табыстың мөлшері 31 139 теңгені құрайды, ал жан басына шаққанда 15 569 теңгеден келеді. Атаулы әлеуметтік көмек отбасына кіретін табысты жан басына шаққанда кедейшілік шегінен аспаған уақытта көрсетіледі. 2010 жылдың 4-і тоқсанына белгіленген кедейшілік шегі 5200 теңге. Сіз жұмыссыз, жұмыспен қамту бөлімі арқылы қайта даярлау курсында оқып, сылақшы мамандығын игергенсіз. «Жол картасы» бағдарламасының аясында 2010 жылдың мамыр, маусым айларында «Ютария-ЛТД» ЖШС-де жұмыс істеп, 45 000 теңге мөлшерінде айлық алдыңыз. Қазіргі уақытта Сізді мамандығына сәйкес жұмысқа орналастыру жағдайы қарастырылуда. Құрметпен, С.Ахметов Орындаған: Б.Мырзаханов, 765670\" - деп жазылған. Сонда бұл жауапқа қарасақ, Сіздіңше, мен әкімдіктен бір бөлмелі үй алып, тағы да Сізді алдап, пәтер сұрап отырған пайдақор, алаяқ боп шығыппын. Мен Сізге жазған хатымда әке-шешемнің жер үйінде паналап жүрмін деген едім. Ол үйде осыдан төрт жыл бұрын көлік апатына ұшырап, тағдырдың жазуымен аяғында жан жоқ, дәретін де сезбейтін ауыр халдегі І-топтағы 38 жастағы мүгедек ағам бар. Міндеті, күтімі кәрі әке-шешеміздің мойнында. Ол үй қаланың сыртында, 91 квартал деген жерде, баламды күнделікті сабағына әкеліп-әкету қиындық тудырғандықтан, екінші жағынан мүгедек ағамның топырлап мазасын алмаудан, үшіншіден, ата -анамның зейнетақысына жармасып, тамақтарына ортақ болмайын деген оймен баламыз екеуміз әкімдіктің балансындағы, бұрын сотталғандар тұрған, тұрғын жай деуге келмейтін жатақхананың бір бөлмесін паналап отырмыз. Қараусыз қалған, тоз-тозы шыққан жатақхананың бір бөлмесін өзіміз неше жыл жүріп, жамап-жасқап адам тұратын қуыс жасап алғанымызбен, шын мәнінде адам тұрмақ ит байласа тұрғысыз. Осы қазір де қабырғаларын қайтадан әктеп, өзімше жөндеу жасап жатырмын. Қыбарғаларынан су сорғалап, көгеріп, дым тартып тұратын бұл жерде көрпе-төсектеріміз малмандай су, сырт киіммен ұйықтаймыз. Не отырып, не жатып, не тамақ істеп, ішіп береке таппайсың. Баламның демікпе ауруы бар, дәрігерлер дым тартқан (сырость) жерде бір минут тұруға да болмайды деп қақсағанымен, амалсыз осы жерді паналаудамыз. Баламның кеуде терісі жасы өскен сайын созылмай, демалуы қиындап, оның үстіне демікпесі (астма) қосылып, қор болып қиналған сайын, менің де жаным шырқырап барады. Мүгедек баламның аузына үнемі аэрозоль сеуіп, күні-түні мұрнына, тамағына үзіліссіз дәрі сеуіп жан сақтап отырмыз. Түнімен дым, сыз тартқан үйден демі ауырлап, тұншығып, қиналып шығады. Бұл жерге балама мүгедектігі үшін жәрдемақы тағайындар кезде амалсыз тіркелген едім, негізі әкімдіктің балансындағы жатақхана, ешқандай бұл жерді иемденуге құқығым жоқ. Сізге, Серік Нығметұлы, қалайша учаскелік комиссия арқылы тексеріліп, анықталды деп жалған ақпарат беріп, Сіздің қолыңызды қойдырып, жауап жазып отырғандарына қайранмын. Менің жағдайымды көруге ешқандай комиссия келген жоқ, менің қандай жағдайда баламмен тұрып жатқанымды тексерген ешкім жоқ. Бір әйел хатыңыз кеп түсті, тексереміз деп телефон шалған, содан әне келеді-міне келеді деп күткеніммен, ешкім қара көрсетпеді. Қайтып ешкім звондамады да, жауап хатты бір ақ алып, таң-тамаша қалдым. Шіркін сол апайлар мен ағайлар келіп шынымен де жағдайыммен танысса, қандай жағдайда тұрып жатқанымды өз көздерімен көрсе, басқаша шешілер ме еді мәселе деп армандаймын тек. Сол хатта көрсетілгендей, шынымен әкімдік берген сыңғырлаған жағдайы бар, ыстық-суық суы бар, жайлы пәтерім болса, Сізге хат жазып нем бар? Сіздің алтын уақытыңызды алып, жанымды жеп жазған хатымызға қалай болса солай қарап, өтірік ақпарат берген адамдарға шара қолдануыңызды өтінемін. Менің өтірікші, елді шулатқан алаяқ (бұлай дейтін себебім – Сіздің ресми сайтыңыздағы хатты және жауапты барлық адм оқиды ғой) , пайдакүнем болғым келмейді. Мен пәтер үстіне пәтер сұраған адам боп шықтым екі ортада, судың да сұрауы бар екенін білем мен де, Серік Нығметұлы. Менің мақсатым - тағдырдың жазуымен мүгедек болып қалған балам - Қазақстан азаматын басқа балалардай етіп өсіру, жайлы пәтер алып, өзімнің хал-қадерімше ана ретінде мүгедек балама тәрбие беру. Әке-шеше тәрбиесін көрген қазақтың қарапайым қызы бола тұра, жаным күйзеліп, баламның келешегіне алаңдаулы ана ретінде тек қана баламның ел қатарлы болуына қол ұшын берсем деген ой-арманымның бәрі Сізге маған жауап хаттың артына қол қойдырып отырған Б. Шыңғысов пен комиссия (егер де бар болса сол комиссия) мүшелерінің арына сын деп ойлаймын. Талай адамның тағдырына көзжұмбайлықпен қарап, талай тағдырлар сырттай осылай шешіліп кете бермек пе? \"Жол картасы\" бағдарламасымен жұмыс істеп, алған 45 мың теңгені қай жыртығыма жамарымды білмей дал болғанымды кім білер? Бір ақ мәрте алған сол қаражаттың қарыздарымның оннан бірін де қайтаруға жетпегенін, не балама мектеп құрал-жабдығын, не киім аларымды, не тамаққа жұмсарымды білмей алас ұрғанымды кім түсінер? Ауыр-ауыр қаптарға салынған құмдарды бесінші қабатқа көтеріп, беліміз үзіліп, өліп-талып тапқан сол мардымсыз ақшаны комиссиядағы апайлар мен ағайлар баламның дәрі-дәрмегін, витаминдерін, қысқы-жазғы киімдерімізге - қайсысына тартарымызды білмей, қиналғанымды елестете алар ма? Ай сайын алатын 31139 теңге өсіп келе жатқан бала мен менің қажетімізді өтейді дегенге сенесіз бе? Алғашқы жазған хатымның жағдайын білмек боп облыс әкімшілігіне телефон соққанымда, бірнеше адамның сілтеуімен, бірнеше қайтара телефон шалып, сөйлескенімде, ұлты басқа әйел адам менің хатымнан түк ұқпаған, сіздің сұрағыңыз қандай деп өзімнен сұраған болатын. Ол кісі жергілікті жерге жіберілді, хатыңыз Жезқазған әкімдігіне жіберіледі деген болатын. Ақыры осы болды, Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары (хатты орындаған – Б. Мырзаханов) қарамаған комиссия қарады деп, жоқ пәтерімді бар ғып, менің өзімді өтірікші, сұраншақ жасап шығарды. Серік Нығметұлы, менің мәселемді өзіңіз бақылауыңызға алуыңызды өтінемін. Комиссия шығартып, жағдайымды Заң аясында тексертуіңізді сұраймын. Менің сұрағым - төрт жылдан бері кезекте тұрған пәтеріме қашан қол жеткізем және баламды қайда апарып емдетем? Хамитова Назгүл, 14.02.2011ж.


ID вопроса: 1348 (ip-адрес отправителя:89.218.101.149)

  9 Ақпан 2011

Моя мать Халтурина А.А. много лет проработала в СПТУ № 5 Караганды (на Федоровке). За многолетный труд получила медаль \"Ветеран труда\". К медали есть удостоверение. Однако, возникла необходимость на предъявление удостоверения \"Ветеран труда\", а не удостоверения к медали. Пытались выснить, где же можно получить удостоврение, так и не выяснили. Вопрос: в какой организации можно получить удостоверение \"Ветеран труда\" (либо копию, дубликат)?


ID вопроса: 1338 (ip-адрес отправителя:95.59.95.148)

  8 Ақпан 2011

Құрметті Серік Нығметұлы! Сіздің бастамаңызға алғысымды айта отырып, Сізге блок арқылы сұрақ қою мүмкіндігін пайдалана отырып, Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Жаңа Дубовка елді мекеніндегі ауыз су мәселесін көтергім келіп отыр. Мәселенің мән-жайы келесіде: осыдан 1,5 - 2 жыл бұрын \"Ауыз су\" бағдарламасы шеңберінде аталған елді мекенде екі су көздері бұрғыланған болатын, алайда бұл бастама аяқсыз қалды, су мәселесі мұнымен шешілмеді. Біз Дубовканың \"Геология\" атты бөлігінде тұрамыз, үйімізге су сол бөлікте орналасқан бұрғылау базасынан тартылған. Су құбырының жарамсыз болуына байланысты, 2 жыл бұрын көше тұрғындарының өз бастамасымен аталған құбыр жаңартылып, ауыстырылған болатын. Жаз айларында су тұрақсыз түрде беріледі немесе мүлдем болмайды. Бұл үлкен қиындықты тудырады. Мұндай тұрақсыздықтың басты себебі бұл - суды пайдаланатын тұрғындардың су ақысын төлемеуінде болып отыр. Біз тұрғындар, осы ауыз су үшін төленетін ай сайынғы ақыны белгілеп, оны төлеуге сонымен қатар ескі жабдықтарды өз күшімізбен жаңа жабдықтарға айырбастауға құлшыныс танытқан болатынбыз,алайда не Дубовка әкімі Медведев мырза, не база басшылығы бұған құлақ аспады. База басшылығының айтуы бойынша олардың аталған іспен айналысуға рұқсат беретін лицензиясы жоқ. Менің бір түсінбейтінім, дайын тұрған су құбырын толық түрде пайдаланбай, су үшін алынатын төлемді алмай, жаңа бір емес екі су құбырын салудың мәні неде?! Су төлемі белгіленбеген соң, біз тұрғындар оны төлемеген соң судың болмауына наразылығымызды білдіре алмаймыз. Ал су сол қалпында бірде болып, бірде болмай тұрады. Сізден аталған мәселені қарастырып, мәселені оң шешуге жәрдемдесуіңізді сұраймын.


ID вопроса: 1340 (ip-адрес отправителя:95.57.122.254)

  8 Ақпан 2011

Добрый день! Я по поводу начисления пенсии. В октябре 2010 года я вышла на пенсию по возрасту, мне была назначена основная пенсия-12344, и базовая -5981 , итого-18325.С января 2011 года после увеличения я стала получать -24100(вместе с базовой).Трудовой стаж до 1 января 1998 года составляет 27 лет.При начислени пенсии мне видимо не учли мой трудовой стаж, почему -то тот кто не работал и не имея пенсионных отчислений получают больше , чем я.При обращении в пенсионный фонд о правильности начисления, мне было отказано.Прошу Вас разобраться в данной ситуации.Заранее благодарна.


Беттер: 1 2 3 4 5 ...
Сіз облыс әкімі С.Ахметовтың қызметін қалай бағалайсыз?
Мұрағат
6 Мамыр 2011
Караганда Другие города
+12 °C
без осадков,облачно
Ю-З, 7 м/с
6 Мамыр 2011
Доллар США   145.71
Евро   216.98
Российский рубль   5.35
 
Послание Президента РК
 
Қазақстан Республикасы Президентінің алдыңғы Жолдаулары
           
 
           
 
         
Online конференциялар және баннерлердiң архивы
© 2005-2011 Қарағанды облысы әкімдігінің ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы

Сайт картасы