Индустриалды-инновациялық даму



Индустриалдық-инновациялық даму

Облыста ҚР 2003-2015 жж. арналған индустриалдық-инновациялық даму Стратегиясын жүзеге асыру бойынша жұмыстар белсенді жалғасуда.

2007 жылдың 20 қаңтарында Қарағанды облысының инвестициялық жобаларын жүзеге асыру мәселесі бойынша өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту мақсатында «Қазына» тұрақты даму қоры( мен Қарағанды облысы әкімдігінің арасында өзара түсіністік пен өзара іс-қимыл туралы Меморандумға қол қойылды. Бұл Меморандум инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселесі бойынша өзара тиімді ынтымақтастықтың жаңа деңгейіне шығуға мүмкіндік береді. 

01.04.07ж. жағдайға даму институттарында облыстың 9 жобасы қарастырылу үстінде:

- «Ұлттық Инновациялық қор» АҚ – 1 жоба, «Шойын өндірісін құру» жобасы («AB Metals Co» ЖШС)

- «Инвестициялық компания: Қазақстанның инвестициялық қорында» 5 жоба: «Болат құбырлар өндірісі»  («ТММ» ЖШС); «Полимер тақталар мен шатыр құрылысы» («Арша-1»ЖШС); «Марганецтің техногендік минералдық түзілісі кен орындарын игеру және кесектелген марганец концентратынан құймалар, құрылыс бұйымдарын дайындау үшін өнеркәсіптік қалдықтарды қайта өңдеу арқылы ферроқорытпалар өндірісін құру» («Корпорация «Фостис» ЖШС); «Резинатехникалық бұйымдар өндірісін кеңейту» ( «Сараньрезинотехника» АҚ); «Электр энергиясын есептейтін электронды құралдар өндірісі» («ЭлектроТехПром»ЖШС).

- «Қазақстанның даму банкі» АҚ -3 жоба: 

Қар ГРЭС -1» қайта жабдықтау және жаңарту («Bassel Group LLS»ЖШС);

Қазақстан Республикасында металл кремний өндірісін құру («Silicium Kazakstan» ЖШС); отындық биоприсадкалар мен этилденген бензин өндірісі  («NUR ASTYK» ЖШС).

Индустриалдық-инновациялық бағыттағы 2 жаңа өндіріс іске қосылды:

- «Минова Қазақстан» ЖШС тау-кен орнын бекіту үшін полиэфир қара майынан ампулалар өндірісі;

- «Керн-С» ЖШС 2007 жылдың қаңтар айынан көп қабатты үйлердің цокольді қабаттарын қаптау үшін сұр, қызыл түсті сплитер блоктарының өндірісі басталды.

Техникалық реттеу жүйесін реформалау, сапа менеджменті жүйесін енгізу мақсатында 2007 жылдың 15 наурызында ҚР ИСМ техникалық реттеу мен метрология комитетінің басқармасы техникалық реттеу жүйесін реформалау, сапа менеджменті жүйесін енгізу және ҚР Президентінің «Сапа аумағындағы жетістіктері үшін» премиясын алуға байқау мен республикалық «Алтын Сапа» көрме-байқауын өткізу мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізді.

Бүгінгі күні облыстың 96 кәсіпорны мен мекемесі сапа менеджментінің халықаралық жүйесін енгізді (ХСС), оның ішінде 27 биыл енгізді.

Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР «Электрондық үкіметінің» порталын қолданасыз бе?
Мұрағат
16 Қазан 2012
Караганда Другие города
+6 °C
без осадков,ясно
Ю, 2 м/с
16 Қазан 2012
Доллар США   150.62
Евро   195.16
Российский рубль   4.86
 
Послание Президента РК
 
Қазақстан Республикасы Президентінің алдыңғы Жолдаулары
Индустриально-инновационное развитие
Государственные закупки
           
 
           
 
           
 
         
 
         
Online конференциялар және баннерлердiң архивы      Сайт картасы
Поиск товара по производителю и виду. Как уложить ребенка спать.
mebeldetiam.ru
Ссылки по теме Адреса региональных офисов
dressrent.ru
О фестивалях прошлых лет. Страйкбольный клуб.
sidecom.ru
© 2005-2012Қарағанды облысы әкімдігінің ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Вверх