Размер шрифта:




Цвет сайта:

белый фон, чёрный текст чёрный фон, белый текст
Размер шрифта:

Жаңалықтар


31-Қазан-2012 - Автокөлік транспорт құралдарына арналған майлар және арнайы сұйықтықтар мақаласы

Матор майы Сіздің автокөлігіңіздің қозғалтқышын пайдалануда маңызды рөл атқарады. Сәйкесінше, оны таңдауға аса көңіл бөлуді ұсынамыз.
Жыл сайын көлік базарларында ең үздік деп жайғастырылатын жаңа брендтер пайда болады. Бірақ біз маркетингілі ұрандарға көз жұма сенуді ұсынбаймыз. Мотор майын таңдау барысында белгілі білім және шамалы сақтық қажет. Керісінше жағдайда, Сіз өз қозғалтқышыңызға зақым келтіруіңіз мүмкін. Сақтық мәселесіне келетін болсақ жасанды өнімді сатып алу түсіндіріледі.
Мотор майы не үшін қажет? Оның негізгі міндеті – бұл, әрине, майлау. Май жанасатын бөлшектердің үстінде жұқа қабықшаны құрады, отынның және металл жоңқасы бөліктерінің жану өнімдерін сіңіреді және ұстап қалады. Сондай – ақ, май тазалау, қозғалтқышты суыту және оны коррозиядан қорғау міндеттерін атқарады.
Қандай майды сатып алу керек, қозғалтқышты жуу қажет пе? Мотор майын таңдау сұрағын өмірде бір рет болсын әрбір әуесқой автокөлікші қойды. Ең бастысын есте сақтаңыздар: майды тек Сіздің өңіріңізде сол және басқа да өкілдермен жұмыс істейтін брендтің ресми өкілдерінен немесе арнайы дүкендерден, СТО сатып алу қажет. Осы жағдайда Сіз өз автокөлігіңізді нарық толтырып қойған жасандылардан сақтап қалатын кепіл бар.
ҚР Үкіметінің 12.06.2010 ж. № 563 Қаулысымен «Автокөлік транспорт құралдарына арналған майлардың және арнайы сұйықтықтардың қауіпсіздігіне талаптар» техникалық регламенті бекітілді. Осы техникалық регламент автокөлік транспорт құралдарына арналған майларға және арнайы сұйықтықтарға таралады.
Техникалық регламент теңіз, теміржол және әуе тасымалдау құралдарына арналған майлардың және арнайы сұйықтықтардың қауіпсіздігіне арналған талаптарды белгілемейді.
Тасымалдау құралдарына арналған майлардың және арнайы сұйықтықтардың өмірлік кезеңінің процесінде аулақ болатын негізгі қауіпті факторлар (қауіптер): майлардың және арнайы сұйықтықтардың құрамына механикалық қоспалдардың және абразиялық материалдардың бөлшектерінің түсуі; қоршаған ортаның және қондырғының сыртқы бетінің көтерілген немесе төмендетілген температурасы; ұқыпсыз ұстау, тасымалдау кезінде қате орнату, автокөлік транспорт құралдарына арналған майлардың және арнайы сұйықтықтардың қораптарына шамадан тыс салмақ; көзге, асқазан жолына, шырышты қабыққа және адамның терісіне түсу; автокөлік транспорт құралдарына арналған майлардың және арнайы сұйықтықтардың пайдалану мінездемелерін нашарлататын кірікпелердің болуы болып келеді. Техникалық регламентті қолдану мақсаттары үшін сәйкестендірудің қағидалары және әдістері: автокөлік транспорт құралдарына арналған майлардың және арнайы сұйықтықтардың затбелгісіндегі ақпарат; стандарттау бойынша нормативтік құжаттармен сәйкес автокөлік транспорт құралдарына арналған майлардың және арнайы сұйықтықтардың әрбір түріне сыртқы сипат (түсі, консистенциясы); автокөлік транспорт құралдарына арналған майлардың және арнайы сұйықтықтардың құрамындағы кірікпелердің баршылығы және мөлшері туралы ақпарат болып келеді. Техникалық регламентте келесі талаптар мазмұндалған: Қазақстан Республикасының аумағында автокөлік транспорт құралдарына арналған майлардыы және арнайы сұйықтықтарды ұстау шарттары; автокөлік транспорт құралдарына арналған майлардың және арнайы сұйықтықтардың қауіпсіздігіне талаптар; автокөлік транспорт құралдарына арналған майларды және арнайы сұйықтықтарды орау, таңбалау, тасымалдау, қабылдау, сақтау және жою барысындағы қауіпсіздікке талаптар; автокөлік транспорт құралдарына арналған майлардың және арнайы сұйықтықтардың сәйкестендіруін растау.
Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Қарағанды облысы бойынша Департаментімен мотор майларын және арнайы сұйықтықтарды өткізу кезеңінде «Техникалық реттеу туралы», «Өлшем бірліктерін қамтамасыз ету туралы» ҚРЗ және техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестігіне Қарағанды қ. жоспарланған тексерістер жүргізілді. Тексеріс барысында Қарағанды қ. автокөлік транспорт құралдарына арналған майлардың және арнайы сұйықтықтардың көтерме жеткізушілерінің бірі «Газпромнефть – СМ» АҚБ болып келетіні анықталды, өнім Алматы қ. сертификатталады. Өнімдерге белгіленген техникалық регламентпен өнімнің сәйкестігін растайтын сәйкестендіру сертификаттпры ұсынылған. Бірақ өткізілетін өнімдердің біразының таңбалануында манипуляциялық белгілерге және сәйкесінше өнім өндірілген нормативтік құжаттың атауына қатысты тұтынушылар үшін ақпарат ұсынылмаған, бұл ҚР ҮҚ 21.03.2008 ж. № 277 «Қораптауға, таңбалауға, затбелгілеуге және оларды дұрыс жүргізуге талаптар» ТР және ҚР ҮҚ 12.06.2010 ж. № 563 «Автокөлік транспорт құралдарына арналған майлардың және арнайы сұйықтықтардың қауіпсіздігіне талаптар» ТР бұзушылық болып келеді.
 



Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР «Электрондық үкіметінің» порталын қолданасыз бе?
Мұрағат
17 Наурыз 2013
Караганда Другие города
+1 °C
без осадков,ясно
С-В, 5 м/с
17 Наурыз 2013
Доллар США   150.72
Евро   196.24
Российский рубль   4.91
© 2005-2020 Қарағанды облысы әкімдігінің ресми ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
2d mmorpg
pazzoit.ru
Каталог мебели. Каталог элитной мебели для гостиной, спальни, кухни
adresmebel.ru
Агентство недвижимости. Новости рынка недвижимости
domnakipre.com