Әлеуметтік әріптестікті қалалық (аудандық) деңгейде ұйымдастыру бойынша Ұсыныстар



Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу
жөніндегі Қарағанды облыстық үшжақты комиссия отырысында бекітілген
2007 жылғы 28 ақпандағы №1 хаттама           

Әлеуметтік әріптестікті  қалалық (аудандық) деңгейде
 ұйымдастыру бойынша Ұсыныстар

І.Әлеуметтік әріптестік жөніндегі қалалық (аудандық) үшжақты комиссияның қызметін ұйымдастыру тәртібі

1. Жалпы ережелер
  

    1. Әлеуметтік әріптестік жүйесі республикалық деңгейде және аймақтық (облыстық, қалалық, аудандық) деңгейде тараптар қарым-қатынасына арналып қалыптастырылады және атқарушы өкімет органдарының өкілдері, жұмыс берушілер мен қызметкерлер өкілдерінің мүдделерін келістіруді қамтамасыз ету үшін қызмет етеді. («Әлеуметтік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1,5 баптары).
    2. Аймақтық деңгейде әлеуметтік әріптестікті әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу және әлеуметтік әріптестік жөніндегі облыстық, қалалық, аудандық комиссиялары қамтамасыз етеді (бұдан әрі - аймақтық комиссия) («Әлеуметтік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8 бабы).
    3. Аймақтық комиссияның негізгі міндеттері: әлеуметтік тұрақтылық пен қоғамдық келісімді қамтамасыз етуге жәрдемдесу, қызметкерлердің еңбек құқықтары кепілдіктерін қамтамасыз етуге жәрдемдесу, олардың әлеуметтік қорғалуын жүзеге асыру, ұжымдық еңбек даулары мен жанжалдарды шешуге жәрдемдесу. («Әлеуметтік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3,13 баптары).
    4. Аймақтық комиссияның қызмет тәртібі, оның мүшелерінің құқығы мен міндеттері, шешім қабылдау тәртібі үшжақты комиссияның отырысында қабылданған облыстық үшжақты комиссия туралы ережені есепке ала отырып, қолданыстағы заңнамаға сәйкес әзірленіп, қалалық (аудандық) комиссия туралы Ережемен анықталады. 
    5. Аймақтық комиссияның қызметі оның бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес іске асады. Жоспар тараптар ұсыныстарының негізінде қалыптастырылады, сонымен, әр отырыста тараптардың әрқайсының бір-бір мәселесі жоспарланады. Отырыс жылына кемінде екі рет өткізіледі.
    6. Аймақтық комиссия отырыстары дөңгелек үстел басындағы мәжіліс түрінде өткізілуі ұсынылады. Бұл пікір алмасу түрі сұрақтарды талдауда комиссия мүшелерінің тең құқықтығын қамтамасыз етеді.
    7. Комиссияның үштен екі мүшесі қатысқанда отырыс құқықты болып саналады.
    8. 1-2 күн бұрын аймақтық комиссия мүшелеріне алдын-ала танысуға күн тәртібіне сәйкес жинақталған құжаттар пакеті (күн тәртібіндегі әр сұрақ бойынша шешім жобалары және басқа материалдар) жіберіледі.
    9. Аймақтық комиссия өз шешімдерін барлық тараптардың келіссөздердегі (бірақ дауыс беру арқылы емес) келісім жетістіктерінің негізінде қабылдайды. Күн тәртібінің әрбір сұрағы бойынша тараптар өкілдері қол қоятын шешімдер ресімделеді.
    10. Комиссия шешімдері мен аймақтық Келісімнің орындалуын бақылауды іске асыруға, жетілдіруге және отырыстағы сұрақтарды дайындауға тұрақты және уақытша жұмыс топтары құрылады. Тұрақты және уақытша жұмыс топтарының қызметін ұйымдастыруға тараптар қатысушылары өздерінің тұрақты немесе уақытша өкілдерін жібереді.
    11. Аймақтық комиссия үйлестірушісін облыстық үшжақты комиссия туралы Ереже мен жұмыс тәжірибесін есепке алып, қала (аудан) әкімі аппаратының тәжірибелі қызметкерлерінің ішінен тағайындау ұсынылады.
    12. Аймақтық комиссияның ұйымдастыру жұмысын, оның жұмыс топтарын, құжаттармен жұмысты үйлестіруші мен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің маманы қамтамасыз етеді.
    13. Аймақтық комиссия қызметіндегі өзінің қатысуының толық құқылығына комиссия мүшелері өз өкілеттілігін растауы қажет. («Әлеуметтік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8 бабы).

2. Жергілікті атқару органдарының
аймақтық комиссиясындағы өкілетті өкілдерінің тәртібі
2.1. Аймақтық комиссия құрамындағы жергілікті атқару органдары өкілдерінің өкілеттілігі әкімдіктің қаулысымен анықталады («Әлеуметтік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10 бабы, облыс әкімдігінің «Әлеуметтік еңбек қатынасын реттеу және әлеуметтік әріптестік жөніндегі облыстық үшжақты комиссия құрамындағы жергілікті атқару органдарының өкілдері туралы» 02.06.05 ж. №11\25 Қаулысы)
2.2. Әкімдік қаулысының өкілдер құрамына комиссия төрағасы бекіткен қала (аудан) әкімі орынбасарының біреуі кіреді.
2.3. Әкімнің бұл қаулысында жеке тармақпен жергілікті атқару өкімет органдарынан өкіл санына кірмейтін әкім аппараты қызметкерлерінің  ішінен үшжақты комиссия үйлестірушісі бекітіледі.
2.4. Жергілікті атқару  органдары өкілдерінің құрамына жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің меңгерушісін, қалалық (аудандық) экономика және бюджеттік жоспарлау, кәсіпкерлік, денсаулық сақтау, білім беру, салық қызметі бөлімдерінің басшыларын, заңгерді және басқаларды кіргізу ұсынылады.

3. Аймақтық комиссия құрамындағы кәсіподақтардың
өкілетті өкілдерінің  тәртібі

3.1. Аймақтық комиссияға өкілдіктің өкілетті құрамы қала (аудан) кәсіподақтық ұйымдарынан аймақтардың кәсіподақ ұйымы басшыларының жиналысымен анықталады және комиссия үйлестірушісіне ұсынылатын хаттамамен ресімделеді.
3.2. Аймақтық комиссия мүшелерінің құрамына кіретін қала (аудан) ұйымдарының кәсіподақ комитеті төрағаларының жиналысында кәсіподақ басшысы сайланады. Бұл басшыға аймақтардың кәсіподақ ұйымдары іс-әрекетін үйлестіруді іске асыру, аймақтардың комиссия келісімі мен шешімдеріне олардың атынан қол қою, үшжақты комиссия деңгейінде кәсіподақ ұйымдары мүдделерін қорғау құқығы берілген.
3.3. Аймақтық комиссия құрамына сайланатын әрбір кәсіподақ қызметкерлері өз өкілеттілігін бөлімше, заңды тұлғаның заңды тіркелуі туралы куәлікті ұсына отырып растайды, егер ол ұсынып отырған кәсіподақ ұйымы заңды тұлға болып табылмаса, онда басқарушы кәсіподақ ұйымынан сенімхат алып тапсырады. Сенімхат мерзімі 3 жылдан аспауы керек. (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 168 бабы «Жалпы бөлім»). Сенімхатта кәсіподақ басшысының құқығы, яғни үшжақты комиссия құрамындағы осы кәсіподақ ұйымының мүддесін ұсыну, талқылауға қатысып, шешім қабылдау, комиссия шешімдері мен келісімдеріне қол қою немесе бұрыштама қою, сондай-ақ қабылданған міндеттемелердің орындалуына жауаптылығы  көрсетілуі тиіс.

 

4. Аймақтық комиссия құрамындағы жұмыс берушілер
               мен кәсіпкерлердің өкілетті өкілдерінің тәртібі

4.1. Аймақтық комиссия құрамындағы жұмыс берушілер мен кәсіпкерлердің өкілетті өкілдерінің тәртібі кәсіподақ өкілдерінің тәртібіне ұқсас. Сонымен бірге аймақтық комиссия құрамына қала (аудан) ұйымдары мен ірі қала құрылысы кәсіпорындары ретінде жұмыс берушілер (жұмыс берушілер өкілдері), сол сияқты шағын және орта бизнес кәсіпкерлері кіруін есепке алу қажет. Бюджет ұйымдарының мүдделері жергілікті атқару өкімет органдары арқылы ұсынылады.
4.2. Үшжақты комиссия жұмысына қатысудан және келісімге қол қоюдан бас тартқан жағдайда әкімшіліктік заң бұзушылық туралы Кодекстің 90,91 баптары қолданылуы мүмкін.

5.   Қала  (аудан) әкімінің кәсіподақтармен және жұмыс берушілер арасында келісім жасасуын дайындау тәртібі.

    1. Аймақтық келісім – қала (аудан) әкімінің, кәсіподақтармен және жұмыс берушілер арасында еңбек және әлеуметтік мәселелерді, олармен  байланысты экономикалық мәселелерді шешу мақсатында жасалған  құқықтық акт («Әлеуметтік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1 бабы).
    2. Аймақтық келісім қалалық (аудандық) деңгейде қызметкерлер үшін еңбек жағдайларын, жұмыспен қамту және әлеуметтік кепілдіктерді анықтау жөніндегі тараптардың міндеттемелерін анықтайды («Әлеуметтік әріптестік туралы»  Қазақстан Республикасы Заңының 1 бабы).
    3. Аймақтық келісім барлық серіктестер үшін міндетті болып танылатын жазбаша келісім-шарт түрінде ресімделеді және ұжымдық  келісім-шарт  жасасқанда есепке алынады. (« Әлеуметтік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15 бабы).
    4. Тараптар өкілдіктерін растағаннан кейін  үш жақты келісім жасалып, қол қою жұмыстары жүргізіледі.
    5. Келісімді толықтыру, өзгерту, қорыту, мазмұндау, өңдеу жұмыстарын жүргізу барысында келіссөз бастаушысы болуға тараптардың кез келген  қатысушысы құқылы.
    6. Келіссөздің басталуы туралы екінші тараптан жазбаша ұсыныс алған тараптар күнтізбелік 10 күн ішінде оларды қарауға және келіссөз жүргізуге міндетті ( «Әлеуметтік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18 бабы).
    7. Аймақтық келісімнің жобасымен жұмыс істеуге  арнайы жұмыс тобы құрылады немесе ол тұрақты жұмыс істейтін жұмыс тобына жүктеледі.
    8. Аймақтық келісім жобасы қаланың (ауданның) экономикалық және әлеуметтік даму ерекшеліктері және облыстық келісімнің басты жағдайы тұрғысында жасалады. Келісім жобасы оқылып, қаралып толықтырулар мен өзгертулер енгізу үшін аймақтық комиссияның тараптары өкілдеріне жіберіледі. Сонымен ұсыныстар мен ескертпелер мерзімі анықталады. (2-5 күн ішінде ).
    9. Аймақтық келісімге: әрекет жасау мерзімі туралы, толықтырулар мен өзгертулер енгізу тәртібі туралы, орындауды бақылау тәртібі туралы, тараптардың жауапкершілігі туралы ережелер кіреді.
    10. Келіп түскен ұсыныстар, ескертпелер, анықтауларды есепке ала отырып түзетілген келісім жобасы аймақтық комиссия талдауына шығарылады.
    11. Келісім мәтінін талдау аймақтық комиссия мүшелерінің хаттамасымен ресімделеді, келісім мәтініне комиссия мүшелері бұрыштама қояды. Осыдан кейін Келісім мемлекеттік және орыс тілдерінде ресімделіп әр қол қоюшыға бір данадан беріледі.
    12. Аймақтық келісім тараптары өкілдерінің ресми қол қоюы  қала (аудан) жұртшылығы, үш жақты комиссия мүшелері, баспасөз құралдары шақырылып, салтанатты жағдайда аталып өтуі керек.
    13. Келісім мәтіні қол қойылғаннан кейін 7 күн ішінде жергілікті баспада жариялануы қажет.
    14. 2005-2006 жылдарға Қарағанды облысы әкімімен облыстық кәсіподақтар бірлестіктері және жұмыс берушілер мен кәсіпкерлер  ассоциациясы арасындағы облыстық Келісімнің 74 тармағы негізінде Келісімнің бір данасы есептік тіркеу жүргізу үшін жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментіне жолданады.
    15. Аймақтық келісімнің әрекеті осы келісімді олардың атынан әзірлеп, жасауды тиісті өкілдерге өкілдік берген өкіметтің тиісті  атқару органдарына, жұмыс берушілер мен қызметкерлерге  таратылады.
    16. Келісімнің орындалуын бақылауды аймақтық комиссия және комиссияның жұмысшы органы - қалалық (аудандық) жұмыспен қамту  және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жүзеге асырады. («Әлеуметтік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19 бабы).

 

 

Жұмыспен қамтуды үйлестіру
және әлеуметтік бағдарламалар
департаменті жасаған

Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР «Электрондық үкіметінің» порталын қолданасыз бе?
Мұрағат
15 Қазан 2012
Караганда Другие города
+5 °C
без осадков,ясно
Ю-В, 4 м/с
15 Қазан 2012
Доллар США   150.53
Евро   195.25
Российский рубль   4.86
 
Послание Президента РК
 
Қазақстан Республикасы Президентінің алдыңғы Жолдаулары
Индустриально-инновационное развитие
Государственные закупки
           
 
           
 
           
 
         
 
         
Online конференциялар және баннерлердiң архивы      Сайт картасы
Информация для подписчиков Товары и услуги
zovshop.ru
Каталог объектов. База квартир и комнат, сдающихся в найм.
arenda.miel.ru
Обработка и продажа гранита и мрамора. Гранит, мрамор, доломит
novint.ru
© 2005-2012Қарағанды облысы әкімдігінің ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы