Әлеуметтік әріптестік жөніндегі Қарағанды облысының үш жақты комиссиясының жұмыс берушілер бірлестіктеріне, кәсіподақ ұйымдарына және облыстың еңбек ұжымдарына ҮНДЕУІ



Әлеуметтік әріптестік жөніндегі Қарағанды облысының үш жақты комиссиясының жұмыс берушілер бірлестіктеріне, кәсіподақ ұйымдарына және облыстың еңбек ұжымдарына
ҮНДЕУІ

Біздер, облыстық үш жақты комиссияның мүшелері қоғамда тұрақтылық пен келісімді қамтамасыз ету үшін әлеуметтік пікір алысудың маңыздылығын ескере отырып, еңбек ұжымдары, жұмыс берушілер, мемлекет пен кәсіподақтың өзара мүдделерін сақтай отырып, барша әлеуметтік әріптестерді «Ұжымдық келісім-шарт жасасыңыздар» атты жалпы республикалық акцияға қатысуға шақырамыз.
2008 жылы Жезқазған қаласында болған бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі туралы республикалық форумда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Ұжымдық келісім-шарт жасасыңыздар» атты республикалық акцияға бастау берген болатын.
2009 жылы 28 желтоқсанда болған республикалық үш жақты комиссияның кеңейтілген мәжілісінде бұл акцияны 2010 жылы да жалғастыруға шешім алынды.
Акцияны өткізудің мақсаты:
- қоғамда тұрақтылық пен келісімді қамтамасыз ету үшін барлық жақтардың мүдделерін объективті есепке алу негізінде әлеуметтік әріптестік ынты-мақтастығын одан әрі дамыту;
- тараптардың жасалған келісімдер және меморандумдар аясында міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету;
- жасалған және жаңадан жасалатын ұжымдық келісім-шарттардың сапасын арттырып, жұмысшылардың әлеуметтік кепілдіктерін кеңейте түсу.
Қарағанды облысы әкімдігі, кәсіподақтар бірлестіктері, кәсіпкерлер мен жұмыс берушілердің қауымдастығы арасында 2009-2011 жылдары жасалған келісімнің VIII бөліміне сәйкес облыстық үш жақты комиссияның мүшелері барлық жұмыс берушілерге, кәсіподақ комитеттеріне және Қарағанды облысының жұмысшыларына «Ұжымдық келісім-шарт жасасыңыздар» атты республикалық акцияға қосылуды жалғастыра түсуді ұсынады. Әрбір ұйымда жасалған жұмыс беруші мен жұмысшылардың арасындағы еңбек қатынастары ашық, әлеуметтік бағытта болып, ұжымдық келісім-шарт жағдайында болуға тиісті.
Ұжымдық келісім-шарттар еңбек қатынастарын өркениетті түрде нығайтып, еңбек өнімділігі мен еңбек жағдайын біртіндеп жақсартуға, қосымша әлеуметтік кепілдіктер мен жеңілдіктер белгілеуге, қоғамның демократиялық негіздерін дамытуға мүмкіндік береді.
Құрметті жұмыс берушілер, кәсіподақ активтері және жұмысшылар!
Әлеуметтік әріптестік туралы үндеу тастай оты­рып, біздер осы акция ұжымдық келісім-шарт жасауды жандандыра түседі деп сенеміз.

2010 жылы 12 мамырда қабылданған

Тараптар:

Үш жақты комиссия
төрағасы 
Т. Рақымбеков

Облыс кәсіподақтары
Федерациясының төрайымы
А. Мадиярова

Облыс жұмыс берушілері    Кеңесінің төрағасы
  Д. Павлов

Облыс кәсіпкерлері Қазақстан
қауымдастығының президенті
Т. Доскенов 

Қарағанды облысының еркін         кәсіподақтары  
Конфедерациясының президенті
С.Белкин

Облыс кәсіпкерлері қауымдастығының атқарушы директоры
Г. Құрбанбаева

Еуразиялық кәсіпкерлер
қауымдастығының төрағасы
Ж. Алдаңғаров

 

 

 

 

                                                  

Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР «Электрондық үкіметінің» порталын қолданасыз бе?
Мұрағат
16 Қазан 2012
Караганда Другие города
+13 °C
без осадков,ясно
Ю-З, 4 м/с
16 Қазан 2012
Доллар США   150.62
Евро   195.16
Российский рубль   4.86
 
Послание Президента РК
 
Қазақстан Республикасы Президентінің алдыңғы Жолдаулары
Индустриально-инновационное развитие
Государственные закупки
           
 
           
 
           
 
         
 
         
Online конференциялар және баннерлердiң архивы      Сайт картасы
Портал о получении водительских прав. Стоимость услуг.
prava09.ru
© 2005-2012Қарағанды облысы әкімдігінің ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Вверх