2009 жылдың бірінші жартыжылдық бойынша аналитикалық анықтама
Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және
еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі
Қарағанды облыстық үшжақты комиссия отырысында бекітілген
2009 жылғы 24 желтоқсан № 3 Хаттама
2009 жылғы 1 жартыжылдықтың қорытындысы бойынша
Қарағанды облысы әкімі, кәсіподақтардың (қызметкерлердің) бірлестіктері,облыстық кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер ассоциациялары арасындағы облыстық келісімді орындау барысы туралы ақпарат
Осы келісім аясында тараптар өкілдері өткізген жұмыс туралы облыстың қалалары мен аудандары әкімдерінің, басқармалар мен департаменттерінің, тараптар өкілдеррінен (барлығы 44 уйым) есеп келіп түсті.
I. Экономикалық саясат саласында
Өздерінің өкілеттіліктері аясында тараптар дағдарысқа қарсы шараларды іске асыруға қатысты.
Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының ақпаратты бойынша өткен жылдың 1 жартыжылдығында өндірістегі өнеркәсіп өнімінің көлемі 357,0 млрд. теңгені құрады. Физикалық индекс көлемі 96,2% құрайды. (ФИК 2008жылғы 1 жартыжылдығында – 94,8%). Өнеркәсіптік өндірістегі физикалық индекс көлемі осы жылдың маусым айында мамыр айына қарағанда 120,9% құрады, 2008 жылдың маусым айында – 117,9 % құрады.
Облыста 2009 – 2010 жылдарға арналған Қарағанды облысының экономика және қаржы жүйесін тұрақтандыру үшін іс – шаралар жоспары құрылған. Еліміздің Президентінің тапсырмасы бойынша облыста республикалық және жергілікті бюджеттен 13 млрд.теңге бөлініп, аймақтық «Жол картасы» жұмыстары басталды. Бұл 34 мың адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді. Бөлінген қаржыны пайдаланудың негізгі бағыттары – бұл 596 әлеуметтік сала нысандарында және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылықтарында жөндеу жұмыстарын өткізу
Экономиканы тұрақтандыру, өндірісті, жұмыс орындарын сақтау, халықты жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында облыс әкімдігімен, қала және аудан әкімдіктері, облыс ұйымдары мен кәсіпорындары меморандумдар жасады.
Облыс әкімдігі «Самұрық - Қазына» қорымен, Қазақстан құрлысшылар ассоциациясымен жалпы сомасы 9,2 млрд.теңгені құрайтын 7 меморандумға қол қойды, сонымен қатар, «ЦентралАзияЦемент» АҚ-мен 45 мың теңге көлемінде цемент жеткізу туралы меморандум жасады.
Облыстың кәсіпорындары ұлттық компаниялармен және жүйелеуші кәсіпорындармен тауарлар мен қызметтер жеткізу жөнінде 146 млрд.теңге сомасында 474 меморандум жасады.
Азық – түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру мақсатында сауда нысандарының жетекшілерімен әлеуметтік мәні бар азық – түлік тауарларына ен төмен сауда бағаларын қою туралы меморандум жасалды. Облыс бойынша барлығы 1600 меморандум жасалды.
Облыс экономикасында отандық және шетелдік инвестицияны ынталандыру негізінде аймақта жыл сайын өткізілетін «Қарағанды Инвест» Халықаралық Инвестициялық Форумы бағытталған.
2009 жылы Қарағанды облысында экономиканың нақты секторындағы 17 инвестициялық жоба іске қосылады деп жоспарлануда, жалпы сомасы 27,7 млрд. теңге, бұл өнеркәсіп кешенін тұрақтандыруға және қосымша 795 жаңа жұмыс орнын ашуға мумкіндік туғызады. 2009 жылдың қаңтар – маусым айларында 9 жаңа өнеркәсіп іске қосылды.
2009 жылдың 1 жартыжылдығында облыс кәсіпорындары бағалау есібімен негізгі капиталдағы инвестицияның 83,9 млрд теңгесі игерілген, өткен жылғымен салыстырғанда 102,7% -да құрайды.
Жұмысты үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметі бойынша облыста 01.07.09ж аралықта 2911 жаңа жұмыс орны ашылды, оның ішінде, өнеркәсіпте – 801, шағын бизнесте – 1356, ауыл шаруашылығында – 754 (олардың 484 уақытша маусымдық жұмыс орындары) ашылды.
Үстіміздегі жылдың бірінші жартыжылдығында үш жақты комисияның отырысында табиғи монополия тарифтерін реттеу және тоқтату мәселелері қарастырылды. Мәселені жан – жақты талқылау нәтижесінде республикалық үш жақты комисияға электр энергиясының тарифін қалыптастыру мәселесін шешу үшін әрекет ету туралы хат жолданды.
Есеп беру кезеңінде Кәсіпкерлер Ассоциациясының қызметі кәсіпкерлерге бәсеке қабілеттілігін арттыру, бизнесті дамытып жетілдіру мәселелері бойынша ақпараттық, әдістемелік, зерттеушілік көмек көрсету және кеңес беруге бағытталған. Облыстың Кәсіпкерлер Ассоциациясының ресурстық орталығының жұмысы аясында өндірісті кеңейту, жаңа технологияларды енгізу, жұмыс орындарын сақтау мәселелерін шешу бойынша 17 бизнес жоспар жасалған. Тараптар өкілдері мекеме аралық комиссия жұмысына белсенді түрде қатысады. Облыстық Кәсіпкерлер Ассоциациясының атқарушы директоры Дағдарысқа қарсы кеңестің, сараптамалық рұқсат құжаттарды нығайландыру және қайта қарау жөніндегі тобының құрамына кіреді. Евразиялық кәсіпкерлер ассоциациясының өкілдері мекеме аралық комиссияның және Ауыл шаруашылығы министрлігінің жұмыс тобының, Білім және ғылым министрлігінің, Индустрия және сауда министрлігінің, ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің жұмыстарына қатысады.
Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы Қарағанды облысының Кәсіпкерлер Ассоциациясымен бірлесіп кәсіпкерлік қызметті реттейтін заң шығару мәселелері бойынша ұсыныстар жасауда кездесулер өткізді. Ассоциация ҚР Парламентінде «Қазақстан Республикалық жеке кәсіпкерлік саласындағы кейбір заң актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» заң жобасын әзерлеп, талқылауға белсене қатысты. Бірлескен талқылаудың нәтижесінде ҚР Индустрия және сауда министрлігінің жұмыс тобына «ҚР сауда қызметін реттеу саласындағы кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына ұсыныстар жасалды.
Барлық аймақтық үш жақты келісімдерде отандық тауар өндірушілер мен экспортқа бейімделген өндірісті қолдау және дамытуға әрекет ететін тараптар міндеттемелері қарастырылды. Кәсіподақ жасаған ұжымдық шарттарда кәсіподақтың әрбір мүшесінің муддесі мен құқықтарын қорғауға ерекше көңіл аударылды. Барлық ұжымдық шарттарда еңбекті қорғауға байланысты тараулар бар.
II. Еңбек қатынастары, еңбекті қорғау және қауіпсіздігі
Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында облыстық және қалалық әлеуметтік әріптестік комиссиясының отырыстарында әлеуметтік – еңбектік сипаттағы, еңбекті қорғау мен қауіпсіздігі жағдайы, еңбек заңының орындалуы туралы 5 мәселе қаралды.
Қарағанды облысы бойынша әлеуметтік қорғау және бақылау департаменті еңбек қатынастары саласындағы заңдарды қолдануда мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады. 2009 жылдың 1 жартыжылдығында 1205 ұйым тексерілді (өткен жылдың осы уақытында 1197). Тексеріс барысында – 3377 бұзушылық - (өткен жылдың осы уақытында 4862), сонымен қатар: еңбек қатынастарын бұзу бойынша 2249 (өткен жылдың осы уақытында 2472), еңбек қорғау және қауіпсіздік 1077 (өткен жылдың осы уақытында 2315), халықты жұмыспен қамту 51(өткен жылдың осы уақытында 75).
Келеңсіз жағдайлар нәтижесінде зардап шеккендер саны - 180 (өткен жылдың осы уақытында 325), қаза болғандар саны -18 (өткен жылдың осы уақытында 69), оның ішінде әйелдер саны – 2 (өткен жылдың осы уақытында жоқ).
Бұйрық берілгендер - 811 (өткен жылдың осы уақытында - 978), әкімшілік айыппұл салынғандар саны – 453 (өткен жылдың осы уақытында - 455).
Облыс ұйымдары мен кәсіпорындарында еңбек заңын сақтауға 3 мыңнан астам қоғамдық инспекторлар қоғамдық бақылау жасайды, еңбек жағдайын жақсартуға байланысты және зардап шеккендерге залалды өтеуге ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығында 20 мың ұсыныс берілді. Жылдың басынан бастап өндірістен үзіліспен және үзіліссіз 700 – ге тарта қоғамдық инспекторлар оқытылды. Өндірістегі болған 56 келеңсіз жағдайларға қоғамдық инспекторлар тергеу жүргізді. Кәсіподақ Федерациясының қоғамдық инспекторы өндірістегі келеңсіз жағдайда зардап шеккен «Қарағанды Энергоцентр» ЖШС бұрынғы жұмысшысы А.Тимофеевтің құқықтары мен талаптарын ҚР Жоғары Сотында қорғалды.
Кәсіподақ Федерациясы Қарағанды облысы бойынша әлеуметтік қорғау және бақылау департаментімен бірлесіп Еңбекті қорғау күніне арналған конференция өткізді. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне және ҚР Кәсіподақ Федерациясына - денсаулық сақтау, әлеуметтік қамту, білім, мәдениет және спорт, ауылдық жерде қызмет жасайтын мекемелердің мамандарына тарифті өсіру және қызметіне байланысты жалақысын көтеруді (25% - ға дейін) бекіту туралы сұраныс жасады.
Құқықтық жұмыстар бойынша салалық кәсіподақ өкілдері мен мамандары еңбек заңдарын түсіндіру бойынша кәсіподақ мүшелерін қабылдайды. Кәсіподақ Федерациясы кәсіподақ жұмысшыларына жылдың басынан бастап әлеуметтік – еңбек сипатындағы мәселелер бойынша 1700 – ден астам конкультация берген. Федерация төрағасы азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау мәселесі бойынша жұмыс тобының құрамына кіреді.
«Арселор Миттал Теміртау» АҚ жұмыс беруші өкілдері ҚР Үкіметінің жұмыс тобы және мекеме аралық комиссия жұмысына қатысып, еңбек қатынастарына байланысты сонымен қатар, БТСА заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізді.
Жұмысты үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметі бойынша мақсатты топтарды жұмыспен қамтуға әрекет ету міндеттерін орындау мақсатында 2009 жылдың 1 жартыжылдығында 4934 жұмыссыз адам жұмысқа орналастырылды. Сонымен қатар, әлеуметтік (уақытша) жұмыс орындарына мақсатты топ құрамына кіретін 2306 адам жұмыспен қамтылды, Жол картасы бағдарламасы бойынша 1991 адам жұмыспен қамтылды.
Облыстың қалалары мен аудандарындағы аймақтық атқарушы билік органдарының арасында бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» республикалық конкурсына қатысу және өткізу тәртібін тусіндіру бойынша жұмыстар жүргізілді
III. Халықты әлеуметтік қорғау саласында
2009 жылдың бірінші жартысында халықты әлеуметтік қорғау, оның ішінде аз қамтылған азаматтарға көмек көрсету шаралары қабылданды. 2009 жылдың 1 шідесіне облыс бойынша тіркелген кедейлік деңгейі 1,0% , өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда 0,2 пайыздық тармаққа төмен. 2009 жылдың 1 жартыжылдығында мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекпен 13902 адам жалпы сомасы 124,0 млн. теңгеге қамтылды.
Облыстың қалалары мен аудандарында денсаулығы бұзылған азаматтарға өндіріс пен ұйымдар есебінен 1142 пандус орнатылды, 42 дыбыс және жарық арқылы берілетін сигналдар жаяу өту жолдары қамтылды, тұрғындарға қызмет көрсетудің 11 нысанында шақыру тетіктері орнатылды.
Бірінші жартыжылдықта жұмыспен қамту орталықтарына 108 мүгедек жұмысқа орналастыру өтініші бойынша келген, олардың 76 – сы тұрақты жұмысқа орналастырылды, қоғамдық жұмыстарға – 31, кәсіптік оқу мен қайта оқытуға 2 адам жіберіліп, оқу аяқталысымен жұмысқа орналастырылды.
Қарағанды облысында 12554 баланың даму мүмкіндіктері шектеулі. Оларға оқу қызметтеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында облыста 11 арнайы түзету мектеп – интернаттары жұмыс ісейді, оларда 2332 оқушы оқытылады.
17.03.2005ж. №173 «Өзге адамның көмегін қажет ететін, 1,2 топтағы жалғызбасты мүгедектерді күтуге мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыға қосымша төлемақы тағайындау туралы» Қарағанды облысы мәслихатының ХI сессиясының шешімінің орындалу барысында күтім үшін қосымша төлемақы мөлшері 1 айлық есептік көрсеткіш (1273).
Жезқазған қаласында үйде оқытылып, тәрбиеленетін 79 мүгедек балаларға 797,7 мың теңге көлемінде материалдық көмек төленді, 41 жалғыз басты мүгедектерге жалпы сомасы 294,2 мың теңге көлемінде қосымша үстеме тағайындалды.
Қарағанды облысы бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау басқармасы ҚР Еңбек кодексінің, ауыр, зиянды және қауіпті еңбек жағдайларындағы жұмысшыларды әлеуметтік қорғау саласындағы нормаларының орындалуын бақылау белгіледі.
«Арселор Миттал Теміртау» АҚ 2009 жылдан бастап еңбектері зиянды, ауыр және қауіпті еңбек жағдайларындағы жұмысшыларға еңбекке жарымсыздық парызын төлеу көлемі 20 АЕК- ке көбейтілді. Ұжымдық шартқа сәйкес жұмысшыларға оқуға, емдеуге материалдық көмек көрсетілді, басқа да әлеуметтік төлемдер жүргізілді.
Облыстың кәсіподақ Федерациясында ерікті кәсіптік зейнетақы жүйесінің міндетті кәсіптік жүйеге ауыстырылуы туралы мәселе белсенді түрде қарастырылды. «Нұр Отан» Халықтық демократиялық партиясымен бірлесе отырып, осы мәселе бойынша ҚР Үкіметіне бірлескен қарар жіберілді.
Кәсіподақ Федерациясының құқықтық еңбек инспекциясы әлеуметтік төлем көлемі шахтерлердің жалақысының өсу қарқынынан қалып отыратын, «регресниктердің» ынталы тобына көмек көрсетті. Облыстың Кәсіпкерлер Ассоциациясы тұрақты түрде ассоциация мүшелерімен заң нормаларын түсіндіру бойынша, мүгедектерді қабылдау тәртібі және еңбекақы төлеу, өнеркәсіпте мүгедектерге жұмыс істеу үшін мүмкіндіктерді жасау қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Сонымен қатар, еңбек заңнамасын сақтай отырып, ұйым мүшелерімен Жинақтаушы зейнетақы қорына жеке зейнетақы төлемдерін уақытында жіберудің қажеттілігі туралы жұмыстар жүргізілді. Ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығында өнеркәсіптерде – Ассоциация мүшелерінде аталған төлем бойынша белешек болған жоқ..
Жұмысшыларды кепілдемемен қамтамасыз ету мәселесі, ҚР Еңбек Кодексіне сәйкес міндетті мерзімдік медициналық байқаудан өту Қарағанды облысы бойынша әлеуметтік қорғау және бақылау департаменті мемлекеттік инспекторларының бақылауында болды.
Еуразиялық Кәсіпкерлер Ассоциациясының мәліметі бойынша отандық өмір сапасының стандарты жобаларды қамтамасыз ететін сертификаттарды Ohsas 18001; SA 8000; ISO 9001 алу арқылы енгізіледі.
Облыстың ұйымдары мен кәсіпорындары түрлі жарыстарға, облыс әкімшілігінің мемлекеттік қызметкерлер арасындағы облыстық «Ақ қыс» қысқы спартакиадасына қатысты және т.б.
Қаржы – экономикалық дағдарысқа қарамастан, жұмысшылар мен олардың отбасы мүшелерінің емделу жөніндегі міндеттемесі ұжымдық шартта көрсетілгендей орындалуда. «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС жұмысшылары ұжымдық шартта бекітілген әлеуметтік пакетті кең көлемде пайдалануда, сонымен қатар корпорацияның емдеу – сауықтыру мекемелеріне жұмысшылар мен зейнеткерлерге 10 % көлемде және 50 % көлемде отбасы мүшелеріне жолдамалар жеңілдік құнымен берілді.
«Арселор Миттал Теміртау» АҚ ұжымдық шартының талаптары бойынша жұмысшыларға ҚР демалыс орындары мен шипажайларына жолдамалар арзандатылған бағамен сатылды, «Самал», «Шахтер» демалыс үйі, «Жартас» шипажайы, балаларды сауықтыру лагерлері, демалыс орындары төленді.
ЖҚТБ орталығының мәліметі бойынша облыста ЖҚТБ/АҚТҚ ауруымен ауыратындар саны 2478 адамға өсіп, тіркелген, олардың 518 жұмыс істейді, яғни 20,9 % құрайды. Ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығында аймақтық ЖҚТБ орталығы облыстың 43 кәсіпорнымен бірлесіп жұмыс жасады ( 2008 жылы 47 кәсіпорын болды).
Екі жыл бойы «Арселор Миттал Теміртау» медициналық санитариялық бөлімімен бірге еңбек саласындағы ЖҚТБ/АҚТҚ алдын алу бойынша денсаулық бөлімдеріне медициналық қызметкерлерді даярлау жұмыстары жүргізілуде. ЖҚТБ/АҚТҚ алдын алу бойынша оқытумен 1551 адам қамтылды.
Облыстық ЖҚТБ орталығының мәліметі көрсеткендей, ЖҚТБ/АҚТҚ алдын алу бойынша оқыту мүмкіндіктерін дамытуда және жұмысшылар қатарынан волонтерлер таңдауда кәсіподақ пен кәсіпорын жетекшілерінен ешқандай көмек көрсетілмеді.
IV. Жалақы,халықтың табысы мен өмір сүру деңгейі
Қарағанды облысы бойынша Бақылау мен әлеуметтік қорғау департаментінен жұмыс берушілердің ҚР заңының орындауын, уақытында жұмысшыларға жалақыны төлеуде бақылау күшейтілген.
29.07.09ж. жұмысшыларға жалақыны ұзақ мерзімде уақытында бермеген 14 кәсіпорын анықталды, қарыздың жалпы құны 47,5 млн.теңгені құрайды. 1236 жұмысшы жалақыларын уақытында алмаған.
Жалақы бойынша қарыздары бар кәсіпорын жетекшілеріне еңбек заңын бұзуды жою туралы 29 тапсырма берілді, әкімшілік айыппұл 2,2 млн. теңге көлемінде салынды. Анықталған бұзулар бойынша материалдар құқық қорғау ұйымдарына қылмыстық іс қозғауды қарастыру үшін жіберілді. 5 ұйым жетекшілерінің материалдары арнайы әкімшілік соттарға жіберілді.
Жалақы бойынша қарыздарды өтеу мәселесін шешу мақсатында облыс әкімшілігінде азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау бойынша жұмыс тобы құрылды.
Дағдарыс жағдайында облыс кәсіподақтары Келісімдер мен ұжымдық шартта көрсетілген кепілдіктерді қысқартуға жол бермеуде жұмыстар жүргізуде. Күн тәртібінде «Қарағанды облысы кәсіподақ ұйымдарының әлемдік қаржы – экономикалық дағдарысы жағдайында кәсіпорындар мен ұйымдарындағы тұрақсыз жұмыс кезеңінде жұмысшыларды әлеуметтік – экономикалық қорғау» туралы Кәсіподақ Федерациясының кеңесі өткізілді.
V. Еңбек нарығының бәсеке қабілеттілігі және халықтың жұмыспен тұрақты қамтылуы
2008 – 2010 жылдары ҚР халықты жұмыспен қамту жүйесін жетілдіру бойынша іс – шаралар жоспары аясында халықты жұмыспен қамту мәселесі шешіледі. 2009 жылдың 1 жарты жылдығындағы көрсеткіштері орындалды. Халықты жұмыспен қамту жүйесін жетілдіру бойынша іс – шаралар жоспарын іске асыруда 2009 жылдың 1 жарты жылдығында облыстың қала мен аудан бюджеттерінен 225,7 млн.теңге игерілді.
Жыл басынан бастап жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне 35326 адам келді.(2008 жылдың ұқсас кезеңінде 18604 адам) 31470 адам жұмыспен қамтылды немесе өтпелі контингент есебінен 87,4 % (2008 жылдың ұқсас кезеңінде - 17601 адам). 2009 жылдың 1 шелдесіне облыстың қалалары мен аудандарындағы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің есебінде 3811 жұмыссыз тұр. Жалпы жұмыспен қамтылғандар саны – 16840 адам Жол картасы инвестициялық жобасының іске асырылуы аясында жұмыспен қамтылды. Кәсіптік оқыту мен қайта даярлыққа 5599 жұмыссыз адам жіберілді (2008 жылдың 6 айына – 1873адам). Қоғамдық жұмысқа – 6538 жұмыссыз адам қатысты(01.07.2008ж – 5156 адам).
Кәсіпкерлік дағдыны дамыту мақсатында 2009 жылдың 6 айына 202 жұмыссыз азаматтарға өз ісін ашуға және өз бетімен жұмыспен қамтылуына материалдық көмек көрсетті, олардың 59,4 % -ы жеке істерін ашу әрекетін салық органдарында тіркеді.
Облыста жұмысшыларды жаппай шығарудың алдын алу мақсатында әкімшіліктер мен жұмыс берушілер арасында меморандумдар жасалды, мұндай меморандумдар саны – 197.
Ағымдағы жылдың басынан бастап жұмыс берушілер ұсынған 1600 бос орын бойынша бос жұмыс орындары мен лауазымды қызметтерге 68 жәрмеңке өткізілді.
Облыстағы жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде еңбек нарығындағы жағдай тұрақты болып отыр, 2009 жылдың 1 шілдесіне жұмыссыздық деңгейі 6,4% құрайды (2008 жылдың ұқсас кезеңінде - 6,4%). Ағымдағы жылдың жаз кезеңінде 12 мың оқушы студенттік құрылыс отрядтарында және «Жасыл ел» отрядында, шағын және орта бизнес құрылымында жұмыс жасады. Тек Қарағанды қаласында 2009 жылы жазда 13 құрылыс отрядтары мен «Жасыл ел» отряды құрылды.(1000 адамға дейін). Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы еңбек нарығындағы жұмыс күшінің сұранысы мен ұсынысы мониторингін жүргізеді. Еңбек нарығы бойынша мәліметтер базасы министрлік және облыс әкімшілігі сайттарында орналасқан.
Мамандарды даярлауға және қайта даярлауға тараптар ерекше көңіл бөлді. Облыста мамандарды кәсіптік даярлауды 89 техникалық және кәсіптік білім ұйымдарында жүргізді. Техникалық және кәсіптік білім саласында мемлекеттік жеке әріптестік дамыды. «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС материалдық қолдауымен Сәтбаев қаласындағы Технологиялық колледжі қазіргі кезеңдегі материалдық – техникалық базасы бар, мультимедиялық және интерактивтік құралдармен жабдықталған, виртуалды тренажеры, жер асты және жер үсті полигондары бар. 2009 жылы Қарағанды облысы аумағында шетелдік жұмыс күшін тарту 400 бірлік көлемінде қойылған. 2009 жылдың 1 шілдесіне шетел жұмыс күшін тартуға рұқсаттар ету бойынша 17 ұйымда 124 шетел мамандары жұмыс істейді. Жарты жылдықта берілген ұйымдардың жұмыс берушілері қазақстан азаматтары үшін қосымша 874 жұмыс орнын ашты, 43 азаматқа біліктілігін арттыру ұйымдастырылды.
Шетел жұмыс күшін заңсыз пайдаланғандарды анықтау мақсатында көші-қон полиция органдары тексеріс мораторйіне кірмейтін 78 кәсіпорын мен ұйымды тексерді. Шетел жұмыс күшін заңсыз пайдаланғандары үшін 21 жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, өткен жылғымен салыстырғанда 64% - ға төмен («Афра ЛТД», ОПМ «Нелегал», диірмен комплексі «Ынтымақ») және т.б.
Қарағанды облысындағы «Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша 2960 оралмандар отбасының немесе 14800 адамның көшіп келуіне квота бекітілген. 7324 еңбекке қабілетті оралмандардың 2779 – н өнеркәсіпте немесе 37,9%, ауыл шаруашылығында – 2006 немесе 27,3%, бюджеттік салада – 1280 немесе 17,5%, жеке кәсіпкерлікте – 1265 немесе 17,3% жоспарлануда.
2009 жылдың бірінші жарты жылдығында қалалар мен аудандардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне 674 жұмыссыз оралман келді. 579 оралман тұрақты жұмысқа орналастырылды. 105 оралман қоғамдық жұмыстарға қатысты. Кәсіптік оқуға, қайта оқытуға және біліктілігін арттыруға оралмандар қатарынан 37 адам жіберілді, 23 адам оқуын аяқтады, олардың 19 жұмысқа орналастырылды.
Облыстың ірі кәсіпорындарында өнеркәсіп ішінде жұмысшыларды оқыту, біліктілігін арттыру, шығарылған жұмысшыларды қайта даярлау жұмыстары жүргізілуде. Сонымен, «Арселор Миттал Теміртау» АҚ 2009 жылдың бірінші жарты жылдығында 6307 адам, «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС - 11734 адам, оқытылды.
VI. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі, өз өкілеттіліктері аясында БҰҰ әлемдік шарт қағидаттарын енгізу үшін корпоративтік мәдениетті қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізді. Жұмыс орындарын сақтау, мамандарды даярлау және қайта даярлау, әлеуметтік жобалардың жүзеге асырылуы үшін облысымызда бірнеше Меморандум жасалды. Ірі өнеркәсіп компаниялары мен ұйымдарында: олар: «АрселорМитталТеміртау» АҚ, «Қазақмыс Корпорациясы», «Имсталькон» АҚ, «Шұбаркөл Көмір» АҚ, «Қарағанды Жылу» ЖШС, «Қазақтелеком» АҚ ұжымдық шарт аясында ұйым жұмысшыларына арналған кепілдіктер мен жеңілдіктер әлеуметтік пакет қарастырылған.
«Арселор Миттал Теміртау» АҚ тұрғын үй құрлысын дамытудың Аймақтық бағдарламасының іске асырылуына қатысып, комбинат жұмысшыларына арналған 40 пәтерлі үйдің жөндеу жұмыстарын өткізеді. Жұмысшыларға пәтер алу үшін кәсіподақ кепілдемесі бойынша несие беріледі. Ұжымдық шартқа сәйкес компания жұмысшылары демалыс үйлері мен шипажайларға, балалар сауықтыру лагерлеріне жолдаманы жеңілдікпен алады.
Облыстық Кәсіпкерлер Ассоциациясының өкілі Қарағанды облысының Тәртіптік Кеңес құрамына кіреді. Ассоциация бастамасымен Қарағанды облысы бойынша экономикалық және жемқорлық қылмыспен күрес Департаментінде жемқорлыққа қарсы әрекет ету мәселесі бойынша қоғамдық кеңес құрылды. Бұл Кеңесте ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы Ассоциацияның ұсыныстары қарастырылады.
«Арселор Миттал Теміртау» АҚ қоршаған ортадағы өндірістік үдерістерге кері әсер етудің алдын алу және төмендеуі бойынша шаралар қабылдайды. МС ИСО 14001:2004 талаптарына сәйкес экологиялық менеджмент жүйесін қолдап және үздіксіз жетілдіріліп отырады.
Нұра – Сарысу экологиялық департаментінің мәліметіне сәйкес, өткен жылдың қазан айында күкірт өндірісін әрекетке енгізу нәтижесінде «Балхашцветмет» ӨБ жалпы ауаға шығару көлемі қысқартылды. Жүргізілген тексерістер нәтижесінде ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығында Нұра – Сарысу экологиялық департамент қызметкерлері 342 табиғат қорғау заңдарының бұзылғанын анықтады. Жіберілген қателіктерге 305 айыппұл 11,6 млн.теңге көлемінде, 40 талап 61,5 млн.теңге көлемінде салынды
Экономикалық дағдарысқа байланысты жұмыс беруші мен кәсіподақ арасындағы әлеуметтік және еңбек сипатындағы мәселелер әлеуметтік диалог пішімінде шешілді. Сонымен, әкімшілік пен «Арселор Миттал Теміртау»АҚ болат және көмір департаменті арасындағы келіссөзден кейін, жұмысшылар мамыр және маусым айларындағы жалақысын толық мөлшерде алды, ал 1 шілдеден бастап үш айға жалақыны азайту болжай бойынша 30%-ға емес, 14% -ға белгіленді.
VII. Еңбекші әйелдер мен жұмысшы жастардың құқықтары мен кепілдіктерін қамтамасыз ету
Қарағанды облысы бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінде ұжымдық шартты тіркеу кезінде еңбекші әйелдердің кепілдіктері мен құқықтарын қарастыратын міндеттер, жұмыс істейтін әйелдерді диспансерленден өткізу және профилактикалық қараудан өту міндеттемесі; жұмысшы жастарды оқыту қарастырылған.
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ-да 10884 әйел жұмыс істейді, ұжымдық шартта және заңда қарастырылған барлық құқықтар мен кепілдіктерді қолданады. Компанияның ұжымдық шартына сәйкес комбинат жұмысшыларына және олардың балаларының ҚМБИ-да оқуына ( 2008 ж – 10 грант; 2009ж – 15) және ТПТК( 2008ж- 6 грант;2009ж – 6),
сонымен қатар, шетелдерде Ресей,Чехия және Қытайда оқуға гранттар беріледі.
Жезқазған қаласының кәсіпорындары мен ұйымдарындағы ұжымдық шарттарда өндірістен үзіліссіз оқитын жұмысшы жастарға жеңілдіктер, іс – тәжірибе өту үшін уақытша жұмыс орындарын құру қарастырылған. Шахтинск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандары ұжымдық шарт жобасын әзірлеу кезінде ұйымдарда еңбекші әйелдер мен жастардың құқықтарын қорғау ережесін, сонымен қатар жүкті әйелдерге және жас балалары бар әйелдерге, оқу оқитын жастарға жеңілдіктер қарастыруды ұсынды.
Облыстық кәсіподақ Федерациясы жас жұмысшыларды кәсіподақ мүшесінің қатарына тарту туралы, еңбек және әлеуметтік құқықтары мен талаптарын қорғауда кәсіподақ ұйымдарының жұмысын жандандыру мәселесіне байланысты кәсіподақ жиналысы өткізілді.
Әйелдерді бизнеске тарту, үкіметтік емес қоғамдық бірлестіктер арқылы құрған кәсіпорынның дамуына әсер ету мақсатында «Балқаш қаласының кәсіпкерлер кеңесі», «Балқаш қаласының іскер әйелдер Ассоциациясы» үй шаруасындағы әйелдерді белсенді қоғамдық өмірге тартуда жұмыстар жүргізді. Өз істерін ашу мәселесі бойынша семинар тренингтер мен кеңестер өткізілді.
VIII. Әлеуметтік әріптестік
2009 жылдың бірінші жарты жылдығында облыстық үш жақты комиссияның 2 отырысы, еңбек қатынастарын және әлеуметтік реттеу мәселесі бойынша «ЦентралАзияЦемент» АҚ, «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС, облыс басқармаларының басышлары тыңдалды. Қалалық және аудандық келісімдерге тіркеу жүргізілді, барлық аймақ келісімді есептік тіркеуден өткізу үшін ұсынды.
Қалалық және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінде әлеуметтік диалог әрекетін арттыру мақсатында аймақ ұйымдарында ұжымдық келісім шарт қатынастарын насихаттау жұмыстары жүргізілді. 2009 жылдың 1 шідесіне облыстағы жұмыс жасап жатқан 8542 ұйымнан, ұжымдық шарт 3103-де немесе 36,4%-нда жасалды. Сонымен қатар: 158 ірі ұйымдардың 154-да немесе 97,5%-ында ұжымдық шарт жасалды, 896 орта ұйымдардың – 862-да немесе 96,2%-ында, 7470 шағын ұйымдардың - 2125-да немесе 28,4% -ында ұжымдық шарт жасалды.
Барлық ұжымдық шарттар Қарағанды облысы бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінде тіркеуден өтті.
Евразиялық Кәсіпкерлер Ассоциациясы және облыстың ерікті кәсіпкерлер Конфедерациясы арасында әлеуметтік және еңбек қатынастарын жүзеге асыру келісімі, шағын және орта бизнеске арналған ұжымдық шарт жобасы жасалды.
Облыстық келісімді жұмыс берушілер бірлестігі, жұмыс берушілер және жұмысшылар бірлестігіне таратып, механизмді қолдану мақсатында келісім жасауда қатыспағандарға 14 шілдедегі «Индустриальная Караганда» газетінде жұмыс берушілер бірлестігіне, жұмыс берушілерге және облыстың кәсіподақ және жұмысшылар бірлестігіне облыстық үш жақты келісімге бірігу туралы ұсыныс жасап, үндеу жарияланды. Келісімге бірігу туралы жазбаша түрде қарсылықтар болған жоқ..
Облыстық үш жақты келісім шарттарының орындалуына бақылауды ұйымдастыру мақсатында атқарушыларға келісімді ұйымдастыру жоспары және 2009 жылғы 8 шілдедегі облыс әкімі орынбасарының, облыстық үш жақты кеңес төрағасы А.Ж. Дүйсебаевтың қолы қойылған № 9-6/1852 жолдама хат жіберілді.
Статистика департаментіне мемлекеттік органдарға ұсыну үшін статистикалық материалдар тізімідемесі бойынша қажетті статистикалық жариялаулар мемлекеттік мекемелерге жолданып отырады.
2009 жылдың бірінші жартыжылдығында облыстық Келісімнің іс-әрекетін іске асыру тараптардың қабылданған міндеттеріне сәйкес өтті.
2009 жылдың бірінші жартыжылдығында облыс кәсіпорындары мен ұйымдарының облыстық үш жақты келісімнің орындалуы туралы, нақты жинақ есебін облыс ұымдары мен кәсіпорындары нақты орындаушыларды көрсетіп, облыс әкімінің сайтында орналастыратын болады.
ОҮК жұмыс тобы | |