Ауылдарда қосымша төлем бойынша шешім
Қарағанды облысының әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үш жақты комиссиясы
Хаттама № 3
2009 жылғы 24 желтоқсан Қарағанды қ.
Қазақстан Республикасының «Ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік сала қызметкерлерін ынталандыру және әлеуметтік қолдау мәселесі жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңның орындалу барысы туралы
Шешім
Қазақстан Республикасының заңнамасында ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мемлекеттік қызметкерлерді әлеуметтік қолдау шаралары қарастырылған.
Сонымен қатар:
• Жергілікті өкілдік органдардың (мәслихаттардың) шешімі бойынша 25%-ға көбейтіулген лауазымдық жалақы және отын алуға әлеуметтік көмек мөлшері белгіленді.
• Жергілікті атқарушы органдардың қаулысы өкілдік органдардың келісімі бойынша жергілікті бюджеттен лауазымдық жалақыға 25% үстемеақы белгіленген осы санаттағы жұмысшылардың мамандары лауазымдарының тізбесін белгілейді.
• ҚР «Білім беру туралы» және «Халықтың денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі» туралы Заңына сәйкес жергілікті өкілдік және атқарушы органдардың шешімі бойынша, ауылдық жерде жұмыс істейтін аталған сала мамандарының жеке пайдалануында малы болса, мал жаюға жер бөлімдері мен шөп шабындықтары, жем беріледі.
• ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 30 қырқүйектегі «ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы №183 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» №1488 қаулысымен ауылдық жерде жұмыс істейтін, облыстық мәні бар қалаларда денсаулық сақтау, әлеуметтік қамту, білім, мәдениет және спорт мамандары үшін (70 АЕК) көтерме ақы төленеді және республикалық бюджет есебінен тұрғын үй алу үшін несие беріледі (630 АЕК несиенің жылдық сомасы 0,01%).
«Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін 25% жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік мөлшерлемені алуға құқығы бар денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесі» облыс әкімдігінің 2009 жылғы 6 маусымдағы №16/05 қаулысымен бекітілді және 2009 жылдың 19 маусымдағы № 218 облыстық мәслихаттың шешімімен келісілді.
Қазақстан Республика «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аймақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңына сәйкес жергілікті уәкілетті және атқарушы органдардың құзареті белгіленді:
- аудандық (қалалық) мәслихаттар – ҚР заңнамасында қарастырылған ауылдық жерде қызмет істейтін және тұратын мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын белгілеу;
- аудандық (қалалық) әкімдіктер - ҚР заңнамасында қарастырылған ауылдық жерде қызмет істейтін және тұратын денсаулық сақтау, әлеуметтік қамту, білім, мәдениет және спорт саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру.
Облыстың кәсіподақ көтерген сұрақ бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландыратын ауыл мектебінде, барлық аудандарында және Жезқазған қаласындағы ауылдық жерде, әкімшілік және шаруашылық қызметкерлер, тәрбиеші көмекшілері , техниктер және барлық мамандықтардың инженерлері мемлекеттік қызметкерлерге қіретін, 25 % үстемақыны алмайды.
Облыстың кәсіподақ Федерациясының ақпараты бойынша заңда бекітілген жеңілдіктер ауылдық жерде жұмыс істейтін облыстык бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдардың ішінде Ақтоғай, Шет, Осакаров, Қарқаралы, Нұра, Бұқар жырау, Абай аудандарының медициналық емес профилді азаматтық қызметшілер белгіленген үстемеақыны алмаған. Мәдениет мекемелерінде бухгалтерлер үстемеақы алмаған. Абай, Қарқаралы аудандарында спорт ғимараттарында үстемеақыны тек жаттықтырушылар алған.
Осакаров, Қарқаралы, Ұлытау аудандарында әлеуметтік қамтамасыз ету мекемесінде азаматтық қызметшілердің барлығы үстемақы алмаған.
Нұра ауданында мұғалімдердің тегін медициналық бақылаудан өтуі үшін қаражат жоспарланбаған. Қарқаралы және Ақтоғай аудандарында отын сатып алу шығынын өтеуге қаражат қарастырылмаған. Басқа аудандар бойынша отын алуға өтемақы мөлшері аудандар бойынша 2,5 мың теңгеден бастап 5 мың теңгеге дейін ауытқиды.
Мал ұстайтын мемлекеттік қызметкерлерге жемді және мал бағуға жерді барлық ауылдық аймақтарда берілмейді.
Абай және Қарқаралы аудандарының өкілдері аудан орталықтарының денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет , спорт және мұрағат мекемелерінде мамандардың жетіспейтіні туралы мәселені көтерді, осыған байланысты қызметкерлерге әлеуметтік жеңілдік бекітудің қажеттілігі туралы ұсыныс жасады.
Облыстық әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үш жақты комиссия мүшелері талқылау нәтижелер бойынша шешім етті:
1. Жезқазған қаласының және аудандар әкімдеріне ұсынылсын:
жергілікті бюджеттен қаржыландыратын ауыл мектебінде, мәдениет мекемесінде жұмыс істейтін әкімшілік және шаруашылық жұмыскерлері, тәрбиеші көмекшілері , техниктер және барлық мамандықтардың инженерлері ішінен азаматтық қызметкерге 25% үстемақы ұсыну мүмкідігін қарыстану:
ҚР заңнамасына сәйкес ауылдық жерде тұратын және жұмыс істейтін азаматтық қызметшілерді ынталандыру және әлеуметтік қолдау жағдайымен танысып қамтамасыз ету ұсынылсын.
2. Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына бағдарламаның басшысымен, аудан әкімдіктерімен бірлесіп бюджеттен қажетті қаражатты қарастырып, әлеуметтік қолдау көрсету үшін ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, туризм, мәдениет және спорт саласындағы жас мамандарды анықтау ұсынылсын.
3. ОҮК жұмыс тобына (Н.А. Крюкова) әлеуметтік әріптестік жөніндегі республикалық үш жақты комиссияға аудандық мәні бар қалаларда орналасқан денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт мекемелерінде жұмыс істейтін мамандарға 25% үстемеақы белгілену туралы ұсыныс әзірлеу тапсырылсын.
4. Аудан әкімдіктері, Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы, бағдарлама әкімшісі қолданылған шаралар туралы 2010 жылдың 1 ақпанына дейінгі мерзімде облыстық үш жақты комиссияға ақпарат берсін.
5. Осы шешімнің орындалуын бақылау жұмыс тобына (Н.А. Крюкова) және ОҮК үйлестірушісіне (Р.А.Оспанова) жүктелсін.
Тараптар:
Атқарушы өкімет Облыс кәсіподақтар Облыс жұмыс берушілері
органдарынан комиссия Федерациясының төрағасы Кеңесінің төрағасы отырысында Төрағалық етуші
Ж. Әбішев А. Мадиярова Д. Павлов
Қазақстан кәсіпкерлері Қарағанды облысының еркін
ассоциациясының Президенті кәсіподақтары
Конфедерациясының Президенті
Т. Доскенов С. Белкин
Қарағанды облысының кәсіпкерлері Еуразиялық кәсіпкерлер Ассоциациясының атқарушы директоры Ассоциациясының төрағасы
Г. Құрбанбаева Ж. Алданғаров
|