Қызыларай тау-орман, Алтынтөбе қыраты
Қызыларай тау-орман алқабы Орталық Қазақстанда орналасқан, саяхатшылар үшін шынымен мүмкіндік туғызатын керемет жер. Қызыларай тауларында Сарыарқаның аса биік нүктесі-Ақсоран шыңы орналасқан (1565 метр). Осы жер Қазақстандағы архарлардың мекендейтін жалғыз аймағы болып табылады. Ал жергілікті гранит шатқалдарында өскен шырша орманы, шөл даламен шекаралас Орталық Қазақстанның экологиялық жүйесінде шыршаның өсетін оңтүстік жағы ретінде ғалымдар үшін қызығушылық тудыруда. Қызыларай тариғи мұраға өте бай: Беғазының монументті табыты және қола дәуіріне жататын құздағы суреттер, қазақ-жоңғар соғысы дәуіріндегі мазарлар бар. Жергілікті халық кийізден жасалатын өнімдерді және көптеген ұлттық сүт өнімдерін жасау дағдыларын сақтап қалған: қымыз, шұбат, құрт және тағы басқалары.
Міне көне тарихи жәдігерлердің сақталуымен тамаша табиғатының үндесуі және жергілікті тұрғындардың өмір сүру жағдайы Қызыларайды жаңа қырынан көрсетіп, керемет демалатын орынға айналдырады.
Алтынсу өзеніне жақын жерде орналасқан Алтынтөбе қыраты (қазақша- «алтын өзен») – бұл екі жүз жылдан астам уақыт бойы аңызға айналған, ал аширит (осы ж ерде өндірілетін тас осылай аталады) осы күнге дейін бүкіл әлемнің қызығушылығын танытуда.
Аширит, сондай-ақ мыс зүбәржаты деп аталған кәдімгі зүбәржатпен керемет ұқсас. Алтынтөбенің кереметтігі сонда бұл жерде әлемдегі осы таза тастың жалғыз шығатын жері.
Алтынтөбе Қарағандыдан бір жарым сағат жерде орналасқан. Сондықтан кімнің уақыты онша көп емес, алайда қалалық қарбаластан демалғысы келетіндер үшін өте ыңғайлы жер.
|