Аңшы құстармен аң аулау
Қарағанды облысының Шет ауданында (аудан орталығы Ақсу-Аюлы) Орталық Қазақстанда аушы құстар-бүркіт пен сұңқарды ақтылыққа үйрету және оларды көбейтумен айналысатын бірден-бір арнайы шаруашылық бар.
Мұнда саятшылыққа бүркітшілік өнеріне, яғни құс салуға үйрететін мектеп ашылған. Осы аушы құстармен саятшылыққа қажетті қазақтың ұлттық тері бұйымдарын жасауға баулиды.
Қазақтар түлкі мен қояндарды аулау кәсібіне бүркіт, сұңқарларды ертеде пайдаланған. Жақсы бапталған құстарды қасқырға, жайран киіктерге де салуға болады. Ұядан алынған балапандарды қолға уйрету және аңға түсуге уйрету көп уақытты және жоғары кәсіби мамандықты талап етеді. Бапталған сұңқарлар, қырандар әелмдік нарықта өте жоғары бағаланады.
Қыран бүркітпен және сұңқарлармен саятшылық құру – ертеден келе жатқан төл ұлттық ерекше аңшылық, ол аңшылықты Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің биология факультетінің аңшылыққа құмартып жүрген ғалымдары жан-жақты зерттеу үстінде. |