Қарқаралы
Қарқаралы- табиғаты әсем қасиетті жер, оның сұлулығын «Қазақстанның Швейцариясы» деп атайды.
Бұл-тоғайлы арал көне таулармен Орталық Қазақстанның ұшы - қиырсыз даласында, мәңгі жасыл қарағайларымен, таза гаусар көлдерімен, сыңғырлаған өзендерімен, ертегідей шатқалдарымен және қайталанбас жартастарымен орналасқан. Қарқаралы өңірі табиғат пен тарихты сүйетіндер мен демалушылар, қонақтар және туристер үшін ерекше қызығушылық танытатын өзінің көркемдігімен ерекшеленеді.
Таулы өзендер, дала және тау көлдері, бай флорасы мен фауналары- осының бәрі Қарқаралыны керемет тартымды етіп көрсетеді.
Бүгінде Қарқаралы-облыстың экономикалық және мәдени өмірін дамытудағы маңызды орын алатын Қарағанды облысындағы ең көне қала. Оның тарихы тау өзені алабындағы шағын дала поселкасынан басталып, 1824 жылы қамал салынып, ал үш жылдан кейін ол казак станицасына айналған. 1869 жылы Қарқаралы уездік орталық болған. Ол арқылы ұлы керуен жолы Орталық Азиядан Сібірге-Ұлы Жібек Жолы, сондай-ақ атақты Қоянды жәрмеңкесі өткізіліп тұрған.
Қарқаралының аса маңызды орындарына тарихи орындар мен ескерткіштер жатады: Абай үйі, Құнанбай қажы мешіті, көпестер Рязенцев және Бекметовтың ескі ғимараттары, Мәди Бапиұлының жерленген жері, Қазақстандағы жалғы мемориалдық кешені «78 коммунарлардың жерленген жері», 5,0 мың экспонаттары қойылған тарихи-өлкетану мұражайы және тағы басқалар.
Сондай-ақ, ауданда әсіресе Қарқаралыда көптеген қазіргі заманғы мәдени және тарихи ескерткіштер пайда болды, Батырлар аллеясы, «Бәйтерек» Даңқ галериясы, Мәдиге арналған ескерткіш, МИГ әскери самолеты қойылған «Сарыарқа ұшқышына» арналған Даңқ мемориалдық кешені және тағы басқалары.
Қаланың өзін 90,0 мың гектардан асатын аумағы ерекше сақталатын табиғи аумақ Қарқаралы Мемлекеттік ұлттық табиғат бағының аумағы қоршайды, оның негізгі мақсаты болып қоршаған ортаны тікелей қорғаудан басқа рекреациялық қызметті кеңейту табылады. Бақтың аумағында сүтқоректілердің 45 түрі,құстың 120 астам түрі, бауырымен жорғалаушылардың 6 түрі, қос мекенділердің 2 түрі және балықтың 15 түрі, тоғайды құрайтын тұқымды қарағайлар, қайыңдар, көктеректер, саңырауқұлақтың 18 түрі және т.б.
Сондай-ақ бақтың аумағында табиғаттың 6 ескерткіші бар: Шайтанкөл, Бассейн көлі, Үш үңгір, Үлкен төлем, Сібір шыршасы, Сібір бал қарағайы.
Аудан қонақтарын рекрациялық зоналарда орналасқан 16 демалыс үйлері мен санаториялары қарсы алады. Ауданда демалыс үйлерінің жүйесін дамытумен қатар экологиялық және этнографиялық туризмнің дамуы үшін жақсы жағдай жасалған.
Бүгінде Қарқаралы-облыстың және республиканың демалатын сүйікті орнына айналды.
|