Ұлытау



Ұлытау (Ұлы тау)– қазақ халқының тарихи орталығы, далалық өркениет көшпенділері мәдениетінің орталығы.

 

Ұлытау тау тізбегі-көптеген шақырымнан көрінеді, ол солтүстіктен оңтүстікке 200 шақырымға созылып жатыр. Ең биік нүктесі-Әулие тау- Таудың көне мәдениетін «Әлемдік тау» бейнесін еске түсіреді.  Оның бейнесі Тау бейнесін қорғаушы, әулие орын,  сақтаушы бейнесін көрсетеді.

 

Ұлы қорғандар, қорымдар, Беғазы Дәндібай мәдениетінің кесенелері, тастағы таңбалар, петроглифтер, шахталар, мыс, қалайы, күміс, алтын және балқытқан металл қорыту пештері және басқа да көне ескерткіштердің  табылуы мен  ғалымдардың зерттеулерімен Ұлытау көне заманнан бері Сарыарқаның және барлық даланың орталығы болғанын куәландырады. Ұлытау - бұл біздің ата-бабаларымыздың мыңдаған ғасырлық рухани, аңызына айналған, ақындары жырлаған, сан ғасыр адамдарды баураған қазақ халқының  құрметтейтін қасиетті жері.

 

Осы бір көне таудың  кереметтігі Қазақстанның ұлттық тарихының маңыздылығымен берілген. Ұлытау көшпенді тайпа хандарының сүйікті орнына айналған. Осы жерде ұлы Шыңғысханның үлкен ұлы Жошы ханның ордасы орналасқан, осы жерден Батый хан шығысқа бағыттаған өзінің жаугершілік жорығын бастаған.

 

Ұлытауда Жошы хан мен түркі тілдес тайпалардың негізін қалаушылардың бірі Алаша ханға кесенелер көтерілген. Есімдері Алтай, Орал, Қырым, Солтүстік Кавказ және Өзбекстанның халықтық ауыз әдебиетінде мәңгілік сақталған. Алтын Орданың ханы Тоқтамыс, Ордалық ұлы қолбасшы, әмір Едігеде осында жер қойнына берілген. Ұлытаудағы Алтыншоқы тауындағы тас тақтаға 1391 жылы осында болғаны турасында ұлы Ақсақ Темір жазба қалдырған.

 

Ұлытауда сақталған ескерткіштер палеолит пен неолит дәуірлеріне жол бастап тұрғандай. Археолог-ғалымдар баяғы заманғы адамдардың талай мекендерін және олардың еңбек құралдарын тапты.  Қаракеңгір өзенінің жағасында палеолит дәуірінің Қазақстандағы ең ірі шеберханасы табылды. Өзендердің бойында көне заманның бай елді мекендері сан қилы көмбелер, сағаналары жерленген көне мәдениеттің байлықтары болғаны белгілі болған.

 

Осы күнге дейін «мұрты бар қорғандардың» құпиясы ашылған жоқ. Бір археологтар бұл мәйіт басына салынған құрылыстар десе, екіншілері көне обсерватория дегенге саяды. Археологиялық қазба жұмыстары мұнда осыдан үш мың жыл бұрын да тау-кен өнеркәсібімен кеңінен айналысқанын және ондағы жергілікті тайпалардың Иракқа, Үндістанға  және Грецияға мыс, қалайы, күміс және алтын жөнелтіп отырғандығына куәлік етеді.

 

Ұлытау аумағында ботаникалық және географиялық зерттеулер бойынша 617 өсімдік түрлері белгілі болған, оның ішінде 90 түрінен дәрі-дәрмекке пайдаланылады

 

Ұлытауды «көлдер мен бұлақтар елі» деп атайды. Ұлытаудың кең бұлақ суларының пайдалы қасиеттері туралы осы өңірден шеткері жерлерде білген.

 

Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР «Электрондық үкіметінің» порталын қолданасыз бе?
Мұрағат
16 Қазан 2012
Караганда Другие города
+13 °C
без осадков,ясно
Ю-З, 4 м/с
16 Қазан 2012
Доллар США   150.62
Евро   195.16
Российский рубль   4.86
 
Послание Президента РК
 
Қазақстан Республикасы Президентінің алдыңғы Жолдаулары
Индустриально-инновационное развитие
Государственные закупки
           
 
           
 
           
 
         
 
         
Online конференциялар және баннерлердiң архивы      Сайт картасы
Клиника лазерной косметологии. Дневник на.
etisel.ru
Независимый рейтинг тренингов. Разработка программного обеспечения.
lotran.ru
Информация для владельцев маломерных судов. Интернет-магазин для рыболова.
bestfish.ru
© 2005-2012Қарағанды облысы әкімдігінің ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Вверх