Жылдар бойғы дәстүр бойынша біз қазан айының бірінші жексенбісінде бәріміз үшін шадыман мейрам – Ұстаздар күнін атап өтеміз.
Біздің әрқайсымыздың өмірімізде әрқашан ыстық сағынышпен еске алатын ұстазымыз бар. Өйткені, ұстаз өзінің даналығы, рухани байлығы және терең білімімен бізді ілім-білімге үйретіп, жақсы қасиеттерге баулыды.
Қалыптасқан дәстүр бойынша 1 қазан күні барша әлем жұртшылығы Қарттар күні мерекесін атап өтеді. Әрқашанда қоғам аға буын өкілдеріне зор құрмет көрсетіп, олардың аса құнды кеңестері мен ақыл-парасатын, ғұмырлық ғибратын үлгі тұтатын болғандықтан, бұл – аса қастерлі мейрам.
Ел Президенті, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығына сәйкес, үстіміздегі жылдан бастап 8 қыркүйек күні Отбасы күнін атап өтеміз.
Бұл мерекенің біз үшін маңызы зор екендігі сөзсіз. Себебі, отбасы – Отан тірегі. Отбасын, аналықты, әкелікті қорғау – біздің еліміздің әлеуметтік саясатының басым бағыты.
Көп жылдан бері қыркүйектің бірінші жұлдызында халықтық мерекеге айналған – Білім күнін тойлаймыз. Бұл игі дәстүр біздің қоғамдағы білім мен ғылымның алатын орнын айшықтайды.