Құттықтаулар
15-Қараша-2011 - Ұлттық валюта күнімен!
Қадірлі қаржыгерлер!
Сіздерді Ұлттық валюта күнімен – қаржы органдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.
1993 жылы ұлттық валютамыздың енгізілуі жиырма жылдық мерейлі мерекесін биыл атап өткелі отырған егемен еліміздің тарихындағы ең бір айтулы оқиғалардың бірі болғаны белгілі.
Төл теңгеміздің пайда болуын халқымыз зор қуанышпен және үлкен сеніммен қарсы алды. Себебі, сол кезеңдегі Қазақстанның басынан кешкен экономикалық қиыншылықтарының басым бөлігі қаржы айналымында рубльдің тым көп көлемінің болуымен тікелей байланысты еді. Ал, өнеркәсіптік өндіріс, ауыл шаруашылығы құлдырау үстінде болатын.
Міне, осындай күрделі кезеңде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың теңгені айналымға енгізу туралы шешімі шын мәнісінде көреген әрі дер кезінде қабылданған шешім болды. Бұл Қазақстанның дамудың даңғыл жолына түскендігін айғақтады, себебі валюта кез келген мемлекеттің егемендігінің ажырамас бөлшектерінің бірі болып табылады.
Ұлттық валютаның енгізілуімен қатар 1993 жылы мемлекет басшылығы бүкіл қаржы жүйесін нығайту бойынша кешенді шаралар қабылдады. Соның арқасында Қазақстан тәуелсіздік жылдарында толайым табыстарға қол жеткізе алды.
Бұл жетістіктерге біздің облысымыздың қаржы органдары қызметкерлерінің де қосқан үлесі аз емес. Олардың алдағы уақытта да өңірімізді әлеуметтік-экономикалық дамыту жолында еселі еңбек ете беретіндігіне сенімдіміз.
Қымбатты достар, баршыңызды Ұлттық валюта күнімен (Қаржыгерлер күні) тағы да құттықтаймыз.
Сіздерге зор денсаулық, баянды бақыт және еңбекте табыс тілейміз!
Қарағанды облысының әкімі
С. Ахметов
Облыстық мәслихат хатшысы
Б.Жұмабеков
|