Құттықтаулар


09-Шілде-2012 - Ұлы Жеңіс күнімен!!!

Құрметті облыс тұрғындары!
9 мамырда біз Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнін атап өтеміз.
 
Адамзат тарихындағы ең зілді де зұлматты соғыстың аяқталғанына аттай алпыс жеті жыл өтті. Ұлы Жеңіс күні алыстаған сайын Отанымызды қасық қаны қалғанша қорғаған ерлеріміздің ерен ерліктері мен асыл бейнелерінің асқақтай түсетіні сөзсіз.
 Қазақстаннан шыққан жүздеген мың өрімдей жігіттер мен қыздар ұрыс алаңдарында қаһармандық пен ерліктің өшпес үлгісін көрсетті. Тылда қалғандар да жеңісті жақындату үшін бар күш-жігерлерін жұмсады. Соғыс аяқталған соң майданнан оралған азаматтармен бірлесе қираған елді қалпына келтіру үшін жан аямай еңбек етті.
Мемлекет басшысы өз сөзінде әрбір аға ұрпақ өкілін, әрбір ардагерге қамқорлық көрсету – біздің перзенттік асыл парызымыз екенін шегелеп айтқан болатын. Бұл сөздер жергілікті билік органдары үшін нақты іс-қимыл бағдарламасына айналды.
9 мамыр күні біз үшін жай ғана атаулы күн ғана емес, бұл – өшпес ерлік пен қайсар рухтың мерекесі. Сұрапыл соғыс жылдарында қаза болғандар мен елге аман оралған батырларымызға, тыл ардагерлеріне басымызды иіп, тағзым ете отырып, біз ешкімнің де, ештеңенің де ұмытылмайтындығына, Отан үшін от кешкен ерлеріміздің ерлігінің де, еңбегінің де ұрпақтар жадында мәңгі сақталатындығына сендіреміз.
Ұлы Отан соғысындағы жеңіс болмағанда, ел басына күн туған шақтағы жеңімпаз әке, аналарымыздың ерен ерлігі болмағанда, бүгінгі тәуелсіз Қазақстан да болмас еді. Сол себепті де бұл мерекенің кейінгі ұрпақ үшін алатын орны да, маңызы да ерекше.
Құрметті облыс тұрғындары!
Баршаңызды Ұлы Жеңістің 67-жылдық мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздерге, әсіресе соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және баянды бақыт тілейміз.
Қарағанды облысының әкімі
Әбілғазы Құсайынов
Облыстық мәслихат хатшысы
Бейсембай Жұмабеков



Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР «Электрондық үкіметінің» порталын қолданасыз бе?
Мұрағат
15 Қазан 2012
Караганда Другие города
+4 °C
без осадков,ясно
Ю-В, 3 м/с
15 Қазан 2012
Доллар США   150.53
Евро   195.25
Российский рубль   4.86
 
Послание Президента РК
 
Қазақстан Республикасы Президентінің алдыңғы Жолдаулары
Индустриально-инновационное развитие
Государственные закупки
           
 
           
 
           
 
         
 
         
Online конференциялар және баннерлердiң архивы      Сайт картасы
© 2005-2012Қарағанды облысы әкімдігінің ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Вверх