Құттықтаулар
31-Шілде-2012 - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні!
Құрметті облыс тұрғындары!
Ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығына сәйкес мамырда біз 31 мамырда Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу және биыл 80 жыл толып отырған ашаршылық күнін атап өтеміз.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІХ сессиясында атап өткеніндей, сол зұлмат жылдары аштық пен аурудың салдарынан Қазақстан, Белоруссия, Ресей және Украинада миллионнан астам адам қынадай қырылды. Біздің еліміздебір жарым миллиондай адам көз жұмып, 600 мыңдай қазақ туған жерінен үдере көшкен.
Еліміз егемендік алғанға дейінгі жылдары орасан қырғынға ұшырады. Қызыл империяның қылышынан қаны тамып тұрған отызыншы жылдардағы қуғын-сүргін кезінде ұлтымыз біртуар қайраткер тұлғаларынан айырылды, сан мыңдаған жазықсыз жандар жапа шекті.
Бақытымызға орай кесірлі кезең келмеске кетті, ендігі жерде мұндай зобалаңның Қазақстанда қайталанбасына еліміздің Ата Заңы кепілдік береді.
Еңсемізді тіктеп, егемендікке қол жеткізгеннен кейін жазықсыз қуғын-сүргінге ұшыраған жандарға қатысты тарихи әділеттілік қалпына келтірілді. Бүгінгі ұрпақ нәубет жылдары отанына деген кіршіксіз адалдығын сақтап, қандай қиыншылықты да қайыспай көтере білген қаранар тұлғалардың, есіл ерлердің жарқын бейнесін мәңгі ұмытпайды.
Қарағанды облысының әкімі
Әбілғазы Құсайынов
Облыстық мәслихат хатшысы
Бейсембай Жұмабеков
|