Құттықтаулар


23-Мамыр-2012 - БҰҰ мемлекеттік қызметінің құрылғанына – 10 жыл!

Құрметті облыс тұрғындары!
2012 жылдың 23 маусымында әлемнің барлық елдері оның ішінде біздің Қазақстан Республикасында да БҰҰ мемлекеттік қызметінің 10-жылдығын атап өтеді.
 
БҰҰ Бас Ассамблеясы 23 маусымды Мемлекеттік қызмет күні деп белгілеген қарарды қабылдай отырып, халықаралық және ұлттық деңгейде тиімді мемлекеттік басқарудың даму үрдісіндегі келісілген мақсаттарды жүзеге асыруда негізгі роль атқаратындығын атап өткен болатын.
Қазақстан тәуелсіздік алған күнінен бастап-ақ ел Президенті, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қазіргі заман талаптарына сай келетін және жаңа тарихи жағдайларда мемлекетіміздің дамуын қамтамасыз ете алатын мемлекеттік қызмет жүйесін құруға айрықша назар аударып келеді. 1999 жылы қабылданған «Мемлекеттік қызмет туралы» Заң да дәл осы межелі міндетке бағытталған.
Реформалардың бірінші кезеңінің нәтижесінде біздің елімізде халықаралық сарапшылардың жоғары бағасын алған мемлекеттік қызмет моделі қалыптасты. Бүгінгі күні Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген әлеуметтік-экономикалық табыстарына барлық деңгейдегі мемлекеттік қызметшілердің де қосқан қомақты үлесі бар деп нық сеніммен айта аламыз.
Дей тұрғанмен Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында ХХІ ғасырдың заманауи мемлекетті басқару ісіне биік талаптар қоятындығын атап айтты.
Осыған орай ел Президенті мемлекеттік қызметтің жаңа моделінің Тұжырымдамасын бекітті. Оның басты мақсаты –кадрларды іріктеу мен жылжыту жүйесіне деген тұрғындардың сенімін арттыру, азаматтардың көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлеріне қанағаттану деңгейін және олардың қолжетімділігін арттыру болып табылады. Әрине, мұның бәрі Қазақстан Республикасының дамудың даңғыл жолымен алға баса беруіне зор ықпал етері сөзсіз.
Барша облыс тұрғындарын, мемлекеттік орган қызметкерлерін БҰҰ мемлекеттік қызмет күнімен шын жүректен құттықтаймын. Сіздерге мықты денсаулық, ортаймас ырыс-несібе және егемен елімізді өркендету жолындағы еңбектеріңізге табыс тілеймін.
Қарағанды облысының әкімі
Әбілғазы Құсайынов



Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР «Электрондық үкіметінің» порталын қолданасыз бе?
Мұрағат
15 Қазан 2012
Караганда Другие города
+4 °C
без осадков,ясно
Ю-В, 3 м/с
15 Қазан 2012
Доллар США   150.53
Евро   195.25
Российский рубль   4.86
 
Послание Президента РК
 
Қазақстан Республикасы Президентінің алдыңғы Жолдаулары
Индустриально-инновационное развитие
Государственные закупки
           
 
           
 
           
 
         
 
         
Online конференциялар және баннерлердiң архивы      Сайт картасы
© 2005-2012Қарағанды облысы әкімдігінің ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Вверх