Құттықтаулар


23-Мамыр-2012 - Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының құрылғанына - 20 жыл!!!

Құрметті ішкі істер органдарының қызметкерлері мен ардагерлері!
Сіздерді Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының құрылғанына 20 жыл толған мерейлі мерекемен шын жүректен құттықтаймыз.
 
Қазақстандық полиция құрылған күнінен бастап ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қойған міндеттерін табысты жүзеге асырып келеді.
Қарағанды облысының ішкі істер департаментінің ұжымы қашанда жоғары білікті кадрларымен әйгіленіп, азаматтардың заңды құқықтары мен бостандықтарын, қауіпсіздігін қорғау, сенімді қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету ісіне қомақты үлес қосып келеді.
Сіздерге адамдардың өмірі мен тыныштығын, мемлекет мүддесін қорғау, заңдылық пен құқық қорғау ісі сеніп тапсырылады. Бұл – қиын да аса жауапты миссия. Біз сіздердей өз қызметін мүлтіксіз атқаратын кәсіби мамандарды мақтан тұтамыз.
Сіздердің еңбектеріңіздің қаншалықты қиын да кейде қауіпті екендігін жақсы білеміз. Сондықтан да мемлекет, жергілікті билік органдары сіздердің еңбек жағдайларыңызды жақсарту, барлық қажетті заттармен қамтамасыз ету үшін барлық жағдайды жасап келеді.
Алдарыңызда тұрған міндеттерді абыроймен атқарып, ел сенімін ақтап, қоғамдағы беделдеріңізді нығайта түсетіндіктеріңізге сенімдіміз.
Сіздерге және сіздердің туған-туыстарыңызға баянды бақыт, зор денсаулық және қызметтеріңізге толағай табыс тілейміз.
Қарағанды облысының әкімі
Әбілғазы Құсайынов
Облыстық мәслихат хатшысы
Бейсембай Жұмабеков



Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР «Электрондық үкіметінің» порталын қолданасыз бе?
Мұрағат
15 Қазан 2012
Караганда Другие города
+4 °C
без осадков,ясно
Ю-В, 3 м/с
15 Қазан 2012
Доллар США   150.53
Евро   195.25
Российский рубль   4.86
 
Послание Президента РК
 
Қазақстан Республикасы Президентінің алдыңғы Жолдаулары
Индустриально-инновационное развитие
Государственные закупки
           
 
           
 
           
 
         
 
         
Online конференциялар және баннерлердiң архивы      Сайт картасы
© 2005-2012Қарағанды облысы әкімдігінің ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Вверх