Құттықтаулар


06-Маусым-2012 - Астана күнімен!

Құрметті облыс тұрғындары!
2008 жылдың 28 маусымында ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6 шілдені Астана күні деп белгілеу туралы Заңға қол қойды. Содан бері бұл күн мемлекеттік мереке ретінде аталып өтіп келеді.
 
Астана – Ұлт көшбасшысы, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде берік қалыптасып, айбары асқан, дәулеті тасыған айбынды елге айналғандығының айқын көрінісі. Астана – біздің еліміздің жарқын болашаққа жасаған қарышты қадамының белгісі, барша қазақстандықтардың зор мақтанышы.
Астана құрылысы республиканың, әрбір өңірдің, оның ішінде Қарағанды облысы экономикасының да қуатты локомотивіне айналды.
Бүгінгі күні біздің аймағымызда мемлекеттік үдемелі индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасы қарқынды жүзеге асырылып жатыр. Экономиканың барлық секторы, әлеуметтік сала өсіп-өркендеп келеді. Осының бәрі Қарағанды облысының біздің астанамыздың көркейіп, гүлдене беруіне бағытталған әлеуетінің зор екендігін аңғартады.
Көркі көз тартатын, сәулетті де сәнді, айшықты да айбарлы Астана – барша қазақстандықтардың сүйікті қаласы. Сондықтан оның туған күні шын мәнісінде жыл сайын асыға күтетін жалпыұлттық мерекеге айналды.
Мерекелеріңізбен, қымбатты облыс тұрғындары! Астана күні құтты болсын!
Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға баянды бақыт тілейміз!
Қарағанды облысының әкімі
Әбілғазы Құсайынов
Облыстық мәслихат хатшысы
Бейсембай Жұмабеков



Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР «Электрондық үкіметінің» порталын қолданасыз бе?
Мұрағат
15 Қазан 2012
Караганда Другие города
+4 °C
без осадков,ясно
Ю-В, 3 м/с
15 Қазан 2012
Доллар США   150.53
Евро   195.25
Российский рубль   4.86
 
Послание Президента РК
 
Қазақстан Республикасы Президентінің алдыңғы Жолдаулары
Индустриально-инновационное развитие
Государственные закупки
           
 
           
 
           
 
         
 
         
Online конференциялар және баннерлердiң архивы      Сайт картасы
© 2005-2012Қарағанды облысы әкімдігінің ақпараттық порталы
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Вверх